Міндеттер мен құқықтарды заңды, әлуметтік және адамгершілік тұрғыснан қорғау.
Оқушының статусын анықтау үшін психодиагностикалық минимум
жүргізу. Статус көрсеткіштерін анықтау.
Психолог өз жұмысын сол ортада қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық жағдайда жүргізеді. Психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс-тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі қажет. Оқушылар мектепте білім алып, сонымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада өмір сүруте икемделеді. Мектеп оқу-тәрбие жұмысы арқылы оқушының осы қажеттілігін қанағаттандыруға барлық жағдайларды жасайды. Мектеп психологі оқушылардың және оқу-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуде өз үлесін қосып, балалардың жан-жақты дамуына психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды.
Оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастырынуына кепіл болатын бір жәйт — оны жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың барлығын психологиялық зерттеуден өткізіп, олардың жекелік қасиеттерін, таным процесстерін бағалап шығу өте қиын. Бұл жұмыс психологиялық зерттеулерді жүйеге келтіріп жүргізгенде ғана өз фукциясын толық орындайды.
Осы жүйелілікті қамтамасыз етуге негіз болатын ұйымдастыру формасын психодиагностикалық минимум деп атауды Н.Р.Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша психодиагностикалық зерттеуді жаппай, горизонталдық кескін бойынша өткізу арқыны қысқа мерзім ішінде бір параллельде оқитын балаларды толық қамтып, олардың барлық психологиялық қаситеттерін бағалап шығуға мүмкіндік туады. Біздің ойымызша, осы форманы мектеп ерекшелікгеріне икемдеп қолдану арқылы қысқа мерзімде барлық оқушылардың статусын анықтап шығу қажет.
Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психолоигиялық қасиеттерін, күй-жағдайын таным процестерін, қарым-қатынас мәдениетін, мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты психодиагностикалық зерттеуден өткізіледі.
Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларға түсіруге ыңғайлы етіп жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттелінетін көрсеткіштерді блоктарға келесі түрде бөлуге болады:
1-блок — бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері;
2-блок — оқушы таным процестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;
3-блок — мотивациялық-жекелік сферасын бағалау;
4-блок — баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;
5-блок — мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-құлқы.
Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін бағалау көрсеткіштерін анықтап алып, сол көрсеткіштерді зерттеу және бағалау әдіс-тәсілдері жинақталады. Әр блок бойынша қолданылатын әдімтемелер жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану ыңғайлы болады.
Бірінші блок көрсеткіштері:
— отбасы құрамы, ата-анасының мамандықтары, жұмыс орны, лауазымы, отбасы типі, адамдар саны, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы;
— отбасының материалдық жағдайы, тұрғын үйі, жұмыс орны;
— оқушының отбасындағы статусы;
— отбасының бос уақытын өткізуі, спорт, дене шынықтыру, мәдениет көздерін қолдануы;
— оқушының күн тәртібі және оны үлкендердің қадағалауы;
— оқушының өз құрбыларымен, өзінен үлкен және кіші балармен қарым-қатынасы.
Бұл блоктағы көрсеткіштерді бағалап шығу үшін көптеген объективтік әдіс-тәсілдер қолданылады: баламен және оның ата-анасы, әжесі т.б. отбасы мүшелерімен, сынып жетекшісі, оқытушылармен әңгімелесу, пиктограмма, «Мен не білемін?» әдістемесі, Йирасек-Керн әдістемелерінің жеке тапсырмалары. Осы аталған және басқа әдістемелерді қолданып мағлұмат жинау нәтижесінде баланың отбасындағы өмірінің ерекшеліктері анықталады.
Екінші блок көрсеткіштері:
— баланың хронологиялық жасы мен ақыл-ой дамуының бір-біріне сәйкестігі;
— когнитивтік процесстерінің дамуы: ойлау түрлерінің қалыптасқандығы, ой қызметінің көрінісі, тіл байлығы, майда қимыл әрекеттерінің қалыптасуы;
— Таным процестерінің жекелік ерекшеліктері: интеллектуалдық белсенділігінің жоғары болуы, вербалдылығы, шизойдтығы, интеллектуалдық пассивтігі;
— Баланың жеке тұлғасында кездесетін қабілеттілігінің түрі (психомоторлық, музыкалық, лингвистикалық, физика-матсматикалық, бейнелеу өнері, педагогикалық, ұйымдастырушылық);
— Ақыл-ой жұмысын ұзақ уақыт орындауға қабілеттілігі, жұмыс темпі.
Екінші блок бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде балардың таным процестерінің нормаға сай немесе дамуында одан ауытқуы байқалатындығы анықталып, олар баланың озық дамуына немесе кейін қалуына негіз болып отырғаны нақты бағаланады. Даму деңгейі төмен балалармен түзету-дамыту жұмысын жүргізу арқылы оларды оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келетін жағдайға жеткізу жолдарын аиықтауға мүмкіндік береді. Екінші блок материалдары оқу-торбие жұмысын тиімді жүргізуге және ата-аналарға психологиялық кеңес беруді ұйымдастыруға негіз болады.
Үшінші блок көрсеткіштері:
— оқушылардың оқуға деген ынтасын және жалпы танымдық әрекетінің себептерін, баланың ішкі қайшылықтарының деңгейін анықтауға бағытталған. Бұл блок көрсеткіштері:
— оқу себептерінің қалыптасқандығы және оның мазмұны (танымдық, әлеуметтік, бағыттылық т.б.);
— танымдық әрекет барысында табысты болу себебі немесе сәтсіздіктен бас тарту себептерінің қайсысы жетекші екенін анықтау;
— себептік сферада қайшылықтың болуы, мазасызданудың көрініс беруі;
— акцентуацияның орын алуы.
Бұл блок көрсеткіштері бойынша баланың психикалық дамуында мазасызданудың, өз-өзіне сенбеушілігі және басқа ішкі проблемалардың орын алуын анықтау арқылы, оларға уақтылы психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік туады.
Төртінші блок көрсеткіштері:
— баланың қатынас жүйелерін эмоционалды бағалау бойынша талданады:
— баланың өз қатарларымен қарым-қатынасының қалыптасқандығы;
— отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері;
— оқытушылармен қарым-қатынасының эмоционалдық оң мағынада болуы;
— мектепішілік іс-шараларға көзқарасы;
— оқушының өз-өзіне көзқарасы.
Бұл көрсеткіштер баланың оқу-төрбие процесінде табысты болуына үлкен әсерін тигізеді. Бесінші блок көрсеткіштері:
—оқушының мектепішілік қарым-қатынастағы орнын анықтауға арналған және келесі көрсеткіштермен бағаланады:
— оқушының жекелік психологиялық қасиеттерімен байланысты мінез-құлық және қарым-қатынас ерекшеліктеріне сипаттама (жылдамдығы, жай қимылдайтындығы, импульсивтігі);
— жауапкершілікті сезінуі, шешім қабылдауы, адамдарға ықылас қоюы, қайырымдылығы, ашықтығы, іскерлігі, шыншындығы;
— әлеуметтік-психологиялық адаптациясының төмендігі, эгоистігі, дөрекі, өтірікші, принципсіздігі;
— мінез-құлық нормативтеріне бағынуы, әлеуметтік орта талаптарына икемделуі, ашықтығы, шыншындығы;
— тәртіп сақтауы, қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі.
Блоктар бойынша психодиагностикалық зерттеу нәтижесі оқушының психологиялық-педагогикалық статусын көрсетіп, психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру ретін анықтауға негіз болады. Оқушылар статусының көрсеткіштеріне сүйене отырып педагогтардың білімін жетілдіру және ата-аналарға психологиялық білім беру тақырыптарын анықтап алуға мүмкіндік туады.