Психолог міндеттері және құқығы
Психологиялық қызмет туралы жалпы жағдайға байланысты психолог міндеттері мен құқықтары анықталған. Психолог міндеттері:
- Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау;
 - Шешім қабылдап, проблемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау;
 - Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;
 - Нақты кәсіптік білімі жоқ адамдардың диагностикалық, коррекциялық зерттеулер жүргізуіне тыйым салу;
 - Барлық мәселелерді шешуде балалардың психологиялық дамуын ескеру;
 - Атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нұсқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орындау;
 - Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажетті көмектерді көрсету;
 - Кәсіптік құпияны жарияламау;
 - Барлық психологиялық зерттеу нәтижелерін жазып, арнайы құжаттарға тіркеп отыру;
 - Психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс-шараларды ұйымастыру.
 
Психолог кұқығы:
- Оқушылармен және басқа талапкерлермен жүргізілетін жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсілдерін дербес таңдап, жұмыстардың кезегін анықтауға;
 - Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;
 - Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымдарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;
 - Қажетті құжаттармен танысуға;
 - Психодиагностикалық, психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді іріктеп алуға және оларды дайындауға;
 - Мектеп оқушыларын топтық және жеке зерттеулерден өткізуге;
 - Медициналық және дефектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға;
 - Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық-психологиялық т.б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;
 - Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-әдістемелік көпшілік журналдарына материалдар жариялауға;
 - Психологиялық білімдерді насихаттауға;
 - 240 сағат көлемінде нормативтік жөне факультативтік сағат алуға;
 - Оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беруге;
 - Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.
 
1.4. Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы