Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Оның құрамдас бөліктері мыналар :Оқу ситуациялары, Оқу әрекеті, бақылау, бағалау.
Оқу әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқушы балаларды оқу ситуацияларына жүйелі түрді тартып, балалармен бірлесіпоқу әрекетін, тексерумен бағалау әрекетін тауып, көрсетіп отыру керек. Оқушыларда өзкезегінде оқу ситуайияларының мәнін түсінуі және барлық мәлімет ерді дәйекті түрде орындап отыруы тиіс. Заңдылықтардың маңызы мынада :Бастауыш сыныпта оқыту процесінің алғашында балаларды оқу іс әрекетінің басты бөліктерімен кең түрде таныстыру негізінде құралады және балалар оларды белсенді түрде іске ауыстырады. 1-2 сыныптағы оқу ситуацияларында балалар мұғалімнің тікелей сырттай нұсқауларының негізінде әрекеттенеді. Бірақ 2 сыныптан соңы мен 3 сыныпта оқу іс әрекетінің кейбір бөліктерін балалар өзіндік жолдармен орындайтыны аңғарыла бастайды.
Оқу ситуацияларында балалар жұмыстың түрлі типтерін іс әрекетінде құралады. Олардың арасында оқу әрекеттері ерекше орын алады. Сол арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әрекетінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтауға жалпы тәсілдерді жалпы жаңғыртып, игереді. Бұл әрекеттер пәндік те, ақыл-ой шеберлігінде орындалады. Кейбір оқу іс әрекетіне кез-келген оқу материалдарын игеру, екіншілеріне берілген оқу материалдарының көлемінде жұмыс істеу, үшіншілеріне жекелеген кейбір үлгілерді қайта жаңғырту тән.
Сан ұғымдарын игеруде бала оқу әрекетерінің бірқатар, ал олардың ішінде мыналарды:заттық әрекетті, ауызша әрекетті, ақыл-ой әрекетін. Сабақ беру процесінде мұғалім де жеке де оқу әрекетерінің бәрінің жиынтығын білуі қажет, оларды орындауда белгілі бір ұғымды немесе есепті шешу жолдарын, оқу тараудың белгілі бірін толық меңгереді. Бастауыш сынып оқушыларына талап етілетін оқу әрекетінің жүйесін арнайы және қалыптастыру қажет. Оларсыз материалды игеру оқу ісінің шеберлігінен тыс өтеді, ал немқұрайлы таза ауызша сипаттамаларын немесе есептерді шешу жолдарын жаттау жолымен жүреді.
Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бір қатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. (ұғымсдардың қасиеттерін бөліп алу нақытыл міндеттерді шешу жайлы ғана сөз болады). Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндвай міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан дұрыс болуын талап тетеді), математикалық тексттік есептерге жауап іздеу (өндірістің қандайда бір ситуацияларына сай келетін қажетті есептеулер), қағаздан ұсақ-түйек жасау (елка ойыншықтары үшін қорапша керек) т.б. жатады. Осы сияқты әр алуан міндеттерді қайсыбір саланың (грамматикалық, математикалық, практикалық) әрбір жекелеген міндетін орындаудың ұзақ тәжірибесін жинақтау жолымен шешіп үйренуге болады. Оның үстіне біртіндеп мұндай міндеттер жағдайында бағдар алу тәсілдері туралы түсінік жинақтала бастайды. Алайда ішкі ситуацияларында нақтылы-практикалық міндеттерді шеше білу басқаша игеріледі. Мұғалім алдымен бастауыш сынып оқушысын сол сыныптағы барлық нақтылы-практикалық міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу қажет болатын жағдаймен бетпе бет қояды. Одан кейін мұғалімнің басшылығымен балалар бұл әдісті тауып, қалыптастырады. Оның жекелеген операцияларын қайта жасау және осы әдісті қолдану жөніндегі шарттар жүйесін игеру – оқушылар жұмысының келесі кезеңі. Соңынан тиісті нақтылы-практилық міндеттерге кездесе отырып, оларды шешудің игерілген жалпы әдісін бірден қолданып, оқу ситуациясы жағдайына алдын ала қалыптасқан іскерлікті байқайды.