Біріккен ұлттар ұйымын құрудағы ақш-тың рөлі

Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ көптеген халықаралық конференциялар жұмыстарына қатысып, көптеген келісім-шарттар қабылдады. Конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамындағы мемлекеттердің атқаратын жұмыстарына талдау жасалынды.

Антигитлерлік коалицияның мүше елдері соғыстан кейінгі жағдайды реттеу және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында халқаралық ұйым құру үшін 1944 жылдың 21-тамыз 28-қыркүйек аралығында Думбартон-Окс қаласында конференция ұйымдастырды. Конференцияға КСРО-дан Андрей Громыко, АҚШ-тан Стеттиниус, Эдвард, Ұлыбританиядан Александр Кадоган бастаған делегация қатысты. Конференцияны 1944 жылы 21 август күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Корделл Хелл ашты. К.Хелл конференция делегаттарын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельттің және өзінің атынан шын жүректен ризашылығын білдіріп, Вашингтонға келулерімен құттықтады.

Халықаралық ынтымақтың мақсаты қауіпсіздікті сақтау және бейбітшілікті орнату екендігін атап өтті. Осы мақсатқа жету үшін Халықаралық ұйым құру керектігіне тоқталды. Кеңес Одағы делегацияның жетекшісі А.А.Громыко өз сөзінде бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздікті орнату оңай шаруа емес екендігіне тоқталды. Бейбітшілікті орнату және қауіпсіздікті сақтау үшін үлкен күш-жігер керек, ондай күш-жігер жеткілікті екендігіне баса назар аударды.

Англия делегациясының жетекшісі А.Кадоган осы конференцияның өтуіне себепкер болған Кеңес мемлекетіне рахметін жеткізді. 22- тамыз күні Халықаралық қауіпсіздік ұйымы туралы конференцияның екі отырысы болды. Кеңес делегациясының басшысы А.А. Громыко Халықаралық қауіпсіздік ұйымының меморандумымен таныстырды.

23 тамыз күні екі комитеттің отырысы болды. Конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы, тағы да басқа документтері жан-жақты талқыланып, үш делегация мүшелері мына текстіге тоқталды.

І. «Мақсаты»

  1. Ұйымның мақсаты-қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау.
  2. Халықаралық ерегістерді бейбіт жолмен шешу.
  3. Ұлттар арсындағы татулықты сақтау және дамыту.
  4. Халықаралық ынтымақтастықты сақтау және Халықаралық техникалық, әлеуметтік және экономикалық ынтымақтастықты орнату.
  5. Осы мақсатқа жету үшін ұлттық әрекеттің ұйтқысы болу.

ІІ. «Принциптері»

Ұйым өзінің көздеген мақсатына жету үшін мынадай принциптері қолдайды: 1. Ұйым бейбітшілікті сүйетін мемлекеттердің теңдігіне негізделеді; 2. Мүше елдер ұйымының статусы бойынша белгілінген барлық міндетемелерді орындауға уәде береді; 3. Барлық елдер өздерінің ерегісін бейбіт жолмен шешеді; 4. Барлық елдер бір-біріне күш көрсету арқылы кейбір мәселелерді шешуге тиым салынады.

ІІІ. «Мүшелік» Ұйымның мүшесі Біріккен ұлттар және бейбітшілікті сүйетін барлық елдер.

ІV «Негізгі органдар»: а) Ассамблея; ә) Кеңес; б) Халықаралық сот;

в) Секратариат.

30 тамыз күні ұйымның негізгі органының функциясы мен құрылымын анықтау талқыланды. Олар төмендегілер:

  1. Қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау туралы Кеңестің шешімі ұйымға мүше емес елдерге қатысты ма? Егер ұйымға мүше емес елдер қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауды өрескел бұзса, онда ол ел мүше болмаса да жазаға тартылады.
  2. Егер Кеңеске мүше емес елдің мүддесіне нұқсан келтіретін мәселе қаралып жатса, онда ол ел дауыс беруге қатыса ала ма? АҚШ және Англия делегациялары мұндай жағдайда ол қатысуға мүдделі болғанымен дауыс беруге құқы жоқ екендігі айтылды.
  3. Кеңес отырыстары қалай жүзеге асырылады? Кеңес отырыстары жүйелі түрде үзіліссіз жүзеге асырылады.
  4. Бас секретарь қанша мерзімге сайлануы қажет? Бас секретарь 5 жылға сайланады, қайта сайлануға құқықты.

31 тамыздағы отырыста «Ассамблея» туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  1. «Ассамблея» А) Құрамы: Ассамблея ұйымға мүше барлық елдердің өкілдерінен құралады; Ә) Өкілеттілігі мен функциясы: Қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау
  2. Мүшелікке қабылдау. Ассамблея ұйымға жаңа мүшелерді кеңестің шешімімен қабылдайды.
  3. Сайлау функциясы. Ассамблея Кеңестің нұсқауына сәйкес ұйымның Бас директорын, Халықаралық соттың судьясын сайлайды.
  4. Бюджет. Ассамблея бекітеді.
  5. Есебін тыңдау. Ассамблея жыл сайын ұйым мүшелері мен кеңестік есебін тыңдап отырады.
  6. Дауыс беру тәртібі. Қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтаудың жолдарын, Кеңес мүшелерін, соттың судьяларын сайлау нәтижелерін бекіту, бюджетті белгілеу. Ассамблея делегаттарының 2/3 бөлігі дауыс берген жағдайда қабылданады, ал басқа мәселерде көпшілік дауыспен шешіледі. Ассамблея сессиясы жылына бір рет өтеді.

Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының ең жоғары органы бола отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының сессия аралығындағы барлық жұмыстарына басқару жасап, бағыт беріп отырады. Бұл отырыста тағы да Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Кеңестің атқаратын жұмысына талдау жасалынды. Кеңестің талап етуімен барлық мүше елдер қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау үшін өздерінің қарулы күштерін Кеңестің қарамағына беруге міндетті.

Қарулы күштерді пайдаланудың жоспарын әскери кеңес жасауы тиіс. Кеңестің жанынан әскери комитет құрулуы тиіс. Оның міндеті Кеңеске жан-жақты көмек көрсетіп отыру. Әскери комитет Кеңестің тұрақты мүшелерінің штаб бастықтарының құрулуы тиіс.

7- қыркүейекте 1944 жылғы конференция отырысында экономикалық және әлеуметтік байланыстар туралы мәселе талқыланды. Оның мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Осы жоспарды іс жүзіне асыру үшін Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес құрылды. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес 18 мемлекеттің өкілінен тұруы керек. Оларды Бас Ассамблея 3 жылға сайлайды. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес өзінің мүшелерінен төраға сайлайды. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің тұрақты аппараты болуы шарт. Халықаралық ұйымның негізгі әкімшілік тұлғасы ол — Бас хатшы. Бас хатшы Халықаралық ұйымның барлық жұмысына тікелей араласып, басшылық жасайтын бірден-бір тұлға.

Конференция делегаттарының арасындағы бірден-бір шешім таппай отырған мәселе, ол — дауыс беру мәселесі болды. АҚШ пен Англия 312 деп келіссе, КСРО делегациясы көпшілік дауыспен ұсыныс жасап отыр. Бұл туралы АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт өз ойын айтты.

Сонымен Кеңес мүшелерінің 6 адамы жақтап дауыс берсе қабылданатын болып шешілді. Тағы да Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болатын елдер туралы әңгіме болды. Мына төменде аталған елдер БҰҰ-ға мүше болып тіркелді: КСРО, АҚШ, Англия, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Одағы, Үндістан, Қытай, Коста-Лика, Куба, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Гватемала, Гаити, Нидерланды, Норвегия, Польша, Югославия, Мексика, Филиппины, Эфиопия, Ирак, Бразилия, Боливия, Иран, Колумбия, Либерия, Панама, Бельгия, Чехословакия, Грекия, Гондурас, Никарагуа.

1944 жылы 28 қыркүйек күні Думбартон-Окседегі үштік АҚШ, КСРО және Англия өкілдерінің қатысуымен болған конференция өз жұмысын аяқтады. Конференцияның ақырғы күні АҚШ делегациясының өкілі Э.Стеттиниус Англия делегациясының басшысы Кадоган және КСРО делегациясының басшысы, КСРО-ның АҚШ-тағы елшісі А.А.Громыко қорытынды сөз сөйледі.

АҚШ делегациясының басшысы Стеттиниус мынадай мәлімдеме жасады: «Алты апта бойы біз өте маңызды проблемалық келіссөздер жүргіздік. Осы қысқа уақыттың ішінде біз көптеген жұмыстар тындырдық. Біздің бұл табыстарымыз КСРО делегациясының басшысы А.А.Громыко, Англия делегациясының басшысы Кадоган мырзалардың еңбектерінің арқасында деп білемін. Жасалынған жұмыстарға өзімнің қанағаттанғанымды және ризашылымды білдіремін. Осы алты апта ішінде тарихи маңызы бар Халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтайтын ұйым құрып, оның негізін қаладық. Бейбітшілікті сүйетін дүниежүзінің барлық халықтары біздің бұл еңбегімізді бағалайды деп білемін. Олар біздің бұл бастаған жұмыстарымыздың тез аяқталуына асыға күтуі сөзсіз».

АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт Думбартон-Оксе конференциясы туралы мынадай мәлімдеме жасады:

«АҚШ, КСРО және Англия делегацияларының бастамасымен құрылатын қауіпсіздікті және бейбітшілікті сақтайтын Халықаралық ұйымның маңызды екенін атап өткім келеді. Аз уақыттың ішінде өте көп жұмыс жасалынды. Бұл Халықаралық Ұйымның негізгі мақсаты — Дүниежүзінде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау. Мұндай ұйым бейбітшілікті жақтайтын барлық халықтарға керек. Тарихта енді Гитлер және Жапония сияқты соғыс өртін тұтататын күш болмауы керек».

Қырым конференциясы 1945 жылы 4-11 ақпан аралығында Қырымдағы Ялта қаласының маңындағы Ливадия қалашығында өтті. Конференцияға КСРО, АҚШ және Англия басшылары қатысты. Конференцияда майдандағы жағдай жан-жақты талқыланып, Германияға қарсы соғыс операцияларын бұдан да күшейту мақұлданды. АҚШ және Англия Қызыл Армияның Германияға қарсы соғыстағы жетістіктеріне қызғанышпен қарап, оның Европаға тереңдеп енуіне қандай болсын кедергі жасамақшы болды.

Қырым конференциясында Үштік Германияның сөзсіз тізе бүгетініне сенді және оны тез арада іске асырудың жолдарын белгіледі. Сонымен қатар соғыстан кейінгі Германияны қайта құру жолдары және оны толық қарусыздандырып, демократиялық қоғам құрудың жолдары қарастырылды.

Одақтастардың Германияны оккупациялап, оған АҚШ, КСРО және Англияның бақылау орнататындығы айтылды. Оккупацияның мақсаты және Одақтастардың бақылау орнатуы, Германияны қарусыздандыру, Германия милитаризмі мен нацизмін жою. Одақтас державалар Германияның барлық қарулы күштерін таратуды бас штабты жоюды, барлық соғыс құралдарын жоюды, соғыс техникасын шығаратын өнеркәсіп орындарын жабуды және барлық әскери қылмыскерлерді жазалауды ұсынды. Барлық нацистік, милитаристік ықпалы бар-ау деген қоғамдық мекемелерді, өнер басқа да салаларды тарату конференция мүшелерінің мақсаты Германия халқын жою емес, тек ұлтшылдықты, милитаризмді тұншықтыру екендігін мәлімдеді.

Европалық Консультативтік Комиссияның жасаған келісім туралы жобасын үш державаның мемлекет басшылары бекітті. Келешекте Германия үш зонаға бөлініп орналасатыны келісілді. Мемлекеттің жоғарғы басқару функциясы КСРО, АҚШ және Англия әскери күштерінің бас қолбасшыларының билігінде болатындығын мәлімдеді.

АҚШ мемлекеті бүкіл соғыс барысында Францияны Үштік Одақтың құрамында көргісі келмеді. Тек қана Ливадияда АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт Францияның Германия территориясын оккупациялауға қатысуының мүмкіндіктерінің бар екендігіне келісті және АҚШ президенті Францияны Бақылау кеңесіне кіруіне қарсы болды, бірақ кейін ол ойынан қайтты.

Конференцияда Франция мемлекетіне Германияда оккупациялауға зона бөлінуіне келісім берді. Сондай-ақ Францияның уақытша өкіметі өзінің мүшесін Бақылау кеңесіне жіберілетін болып шешілді. Бақылау кеңесінің қабылдаған шешімдері төрттік бірауыздан жүзеге асырылатын болып келісілді. Ол Кеңес Германия үшін маңызды экономикалық саяси және әскери мәселелерді шешуге әр зона қолбасшыларын өзара қарым-қатынаста болуын көздеді.

Одақаралық келісім шарты бойынша және Қырым конференциясының шешіміне байланысты «Үлкен Берлин» Шығыс зона, Кеңес зонасы территориясының құрамындарының нәтижесінде Берлин Кеңес Одағы әскерлерінің күшімен 1945 жылы 4 шілде дейін басып алынды. Ал АҚШ және Англия әскерлер Берлинге 4 шілдеде басып кірді. Ал Франция әскерлері 12 тамызда кірді. Германияны оккупациялау» туралы және «Үлкен Берлинді басқару» туралы келісім бойынша Бүкіл Шығыс зона Берлиннің басқасы Кеңес әскерлерінің қармағында болды.

Ал Берлинде Бақылау кеңесі орналасқандықтан, оны оккупациялау төрт Одақтас мемлекетке жүктелді. «Үлкен Берлинді» басқару Одақтастар бірлестігінің комендаттық жүйесі атқаратын болды. Оның қызметі Бақылау Кеңесінің қарамағына берілді. Бақылау кеңесі т.б. Германиядағы басқару органдарының жұмысы уақытша еді.

Конференциядағы келелі қаралған мәселе Германиямен есеп айырысу болды. КСРО-ның соғыстан әкелген шығынын Мемлекеттік төтенше комиссия анықтады. Кеңес Одағы осы соғыстың барысында 20 млн. адамынан айрылды. Мұндай адам шығыны бірде-бір мемлекетте болған емес. Неміс-фашист басқыншылары 1710 қала және 70 мың ауыл мен селоны өртеп, тас талқанын шығарды. 6 млн. тұрғын үй талқандалып 25 млн. адам баспанасыз қалды.

1950 өнеркәсіп орындары, 65 мың шақырым темір жол және 4100 темір жол вокзалдары қиратылды, 98 мың колхоз, 1876 совхоз және 2890 машина трактор станциялары жойылды.

Германияға 7 млн. жылқы, 17 млн. ірі қара, 20 млн. шошқа, 27 млн. қой мен ешкіні айдап кетті немесе сойды. Германияның Кеңес Одағына келтірген тікелей зияны 679 млрд. сом болды. Бүкіл шығын әскери шығынды және халықшаруашығын қоса есептегенде 2 триллион 569 млрд. сомға жетті. Совет Одағы Германияға осы шығындардың кейбір бөлігін қайтаруды сұрады. Осы мәселелерді жүзеге асыру үшін Москвада АҚШ, КСРО және Англия елдерінің өкілдері тағайындалды.

Қырым конференциясының барысында АҚШ Кеңес Одағына 20 млрд. сомнан 500 пайызы төленетінін қолдады, ал Англия бұл жобаға қарсы шықты. Кейін АҚШ өкіметі де бұл жобаға көзқарасын өзгертті.

Конференцияда тағы да Германияны бірнеше республикаға бөлу туралы мәселе қаралды. 1944 жылы АҚШ-ты мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэллес Германияны үш бөлікке бөлу керек деп ұсыныс жасады. Ал Ф.Д.Рузвельттің ұсынысымен Моргентау жасаған жоба бойынша Германияның Саар және Мозель мен Рейн аралығындағы территория Франция құрамына берілетін болды. Рур, Рейн облысы, Киль каналы және оның солтүстік аудандарын басқару «Халықаралық органға» жүктелді. Ал қалған жерлерді екіге бөлу көзделді. Солтүстік Германия мемлекеті оның құрамына Пруссия, Саксония, Тюрингия және Оңтүстік Германия мемлекеті оның құрамына Бавария, Вюртемберг, Баден т.б. қалалары енетін болып белгіленді. Бұл жоспар көптеген өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы өндірісіне өте қолайсыз болды.

Германияны бөлшектеу мәселесінде конференция барысында бір шешімге қол жеткізудің мүмкіндігі болмады. Сөйтіп оны іске асыру үшін Германияны бөлшектеу туралы арнаулы комиссия құрылды.

Қырым конференциясы Польша мәселесіне ерекше көңіл аударды. Мұнда АҚШ, Англия және КСРО мемлекеттерінің көзқарастары сәйкес келмеді. Талас Польша шекарасын белгілеу барысында өрбіді. Польша өкіметінің құрамы да үлкен дау туғызды. Өйткені АҚШ және Англия Польшаның бұрынғы реакциялық өкіметімен байланысын үзген жоқ еді. Ал КСРО Польша өкіметін басқаруды демократиялық негізде Польшаның өзінде құруды көздеді.

Бірақ АҚШ, Англия бұл жобаға қарсы шықты. Конференция уақытша өкіметтің құрамын өзгертуге мәжбүр болды, оның құрамын Польша демократиялық күштерімен қатар Англиядағы реакциялық бұрынғы өкімет мүшелерінің де өкілдері кірді.

Қырым конференциясы Югославия мәселесімен де айналысты. Югославияда Польшадағыдай мемлекет аппараты демократия өкілдерінің ықпалында болуына қарамай АҚШ пен Англияның ұсынысымен Тито мен Шубашич басқаратын уақытша өкімет құруға келісті.

Кеңес Одағы Қырым конференциясында Жапонияға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін белгіледі және мынадай үш талап қойды.

1.Монғол халық Республикасының жағдайы; 2.Оңтүстік Сахалинді қайтару Дайренді интернационализациялау, Порт-Артурды арендалауды қалпына келтіру Қытай Шығыс және Оңтүстік Маньжур темір жолын пайдалану; 3. Куриль аралдарын Кеңес Одағының құрамына бөлу. Сондай-ақ конференцияда Біріккен Ұлттар ұйымын құру туралы мәлімдеме жасалды. 1945 жылы 25 сәуір Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставын қабылдау үшін конференция өткізу келісілді.

Конференция өткізу «Азат Европа туралы» декларация қабылдады. АҚШ, КСРО және Англия Европадағы тәуелсіздік алған елдерге экономикалық, саяси және т.б. жәрдем беруге міндеттенді. Қырым конференциясы демократиялық құрылыстың жоспарын айқындады. Қырым конференциясы бүкіл адамзаттың екінші дүниежүзілік соғысты аяқтауының кепілі болды және демократияны дамытудың алғы шарттары жасалынды.