Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі “қашықтықтан” өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейін психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойлаған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты.
Баланың псикалық дамуында тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасайды. Тік тұру қалпына ауысу – ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомация программасы әлі қалыптаспағандықтан, бал үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлап қалу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған қол, аяқ, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілегін мақсатына жету мүмкіндігін жә”не сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашқы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл-күй туғызады.
Қозғалып жүруге қабілеттілігінің психоллгиялық салдары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркінде дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді.Жүруді игеруде кеңестік бағдарлау қабілетін дамытады.Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттық кеңістікте орналасу есептік өлшемі болады.Бұл көру қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған заттқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлде қайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрестелердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланысты ашты.
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуын едәуір ережеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады.Заттық іс-әрекеттің дамуы заттар мен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адамды жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптыаяқтан су іше алатын әркімге белгілі. Бірақ жануарлар ситуациялық маңызы бар: егер су сапыаяққа құйылған болса, маймыл оны сапыаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер ененге төгіліп жатса еденнен ішеді. Бала үлкендердің заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Бала қоршаған зат ық дүние-мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ-заттар, олардың адам өмірінде белгілі маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақтада бұйымдардың маңызын түсінеді.
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен өзі берілмейді. Ол шкафтың екі есігін сасыз рет ашып жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны атқаратын міндеттерімен таныстыра алмайды. Заттың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі заттармен жасалатын іс-әрекеттер түрлі дәрежедеерікті болатынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды жинастыру, тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың қоғамдық міндетімен қатаң бекітілген. Олар – зат-ққұралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастық және құралдық әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғұрылм елеулі әсер ететінін атап өту қажет. Ерте сәбилік шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар баладаәрбір жаңа зат құралдарын оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында.