Л.С.Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тірішілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез-келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңдерінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің феноменалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталғаг зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды дасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың өз қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дами бастайды (олардың ішінде қарым-қатынас жасау қажеттілігі – эмоциялық жаутаңдықтың мвңызды мәні бар), екінші жағынан, олардың қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.
Бала алдымен жетіледі, содан кейні барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестеләік шақта баланы үйрету көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады.
Кездей соқ жағдайлармен адамдар ортасынан бөлініп қалған нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлуметік орта мен арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана болатын адамша сезіну мен ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде бала тұтастығын алғанда азамат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар асында өмір сүріп, олар үздіксіз жаңңа мағлұматтарды ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмытылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білімқүмарлыққа дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыоарға бағытталады. Бұлш тектес білімқұмарлықты И.П.Павлов “риясыз”деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес.
Нәрестенің психикалық дамуы. Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының даму және психикалық процестер мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында тік тұруды, бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бас дамиды.Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашында бұл қимылдар жөінде ұйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жібереді, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл текст қимиыл белсенділігін орасан зор маңызы болады. Солардың арасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын үйренеді. Мұның үстіне заттардың қасиеттеріне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін огсы бағдарлау қим ылдары интероризацияланады- көріп қабылдауға ауысады. Жармасу әрекетініңқалыптасуы мен қатар заттар мен сілкілеу, тақылдату, лақтыру, т.б. тәрізді қарапайым қимылдар жасауда дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді оьрындай отырып, бала нәремстені, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәремсте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негезінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқала бастацйды. Қабылдау заттыққа және тұрақт ылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгер еді. әдеиі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қаита жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын-ала болжап қоймасада, ос қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдеиі қайталауға нәресте қабілеті болады.
Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлеледейді. Шындығында да, балалар заттармен әдеці (тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемелық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді.