- Дау – дамайдың топтың және жеке жұмыстарының бағыттары
- Қазіргі тестік әдістер және компьютерлік психодиагностика бағдарламаларын қолдану арқылы тұлғаны кешенді психодиагностикалық зерттеу. Ол төмендегіше:
- тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтауға (зияткерлік мүмкіндігі, дау-дамай деңгейі мазасыздану, психологиялық тұрақтылық, күрделі жағдаяттарға жауап берудің тұлғалық стилі, мінез-құлықтың басты ерекшеліктері, тұлғаның типі және т.б.);
- дау-дамайда мінез-құлық стратегиясын анықтауға;
- Маңызды және дау-дамайлы жағдаят кезінде зерттеушілердің іс-әрекеттің жемістілігін болжауға мүмкіндік береді.
- Социометрия және өзге де эффективті әдістерді қолдану арқылы ұжымды әлеуметтік-психологиялық зерттеу келесілерге мүмкіндік береді.
— қызметкерлердің өзара қатынастарының ерекшелігін, олардың симпатиялары мен антипатияларын зерттеуге;
— лидерлер мен аутсайдерлерді анықтауға;
— сыналушылардың мінез-құлықтарының базалық типтерін диагностикалауға;
— ұжымның әрбір мүшесінің іскерлік және шығармашылық әлеуетін, қызметіне және адамдарға деген қатынастарын анықтауға;
— лидерлікке кандидаттарды, сонымен қатар жеке тәрбиелеу бағыттарын қажет ететін адамдарды анықтауға;
— ұжымды оңтайлы басқаруға.
- Келесі мәселелерге байланысты. Психологиялық портреттер мен ұсыныстар қатарын құру арқылы басшылар мен қызметкерлерге (психодиагностикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде) психологиялық кеңестер беру;
— қызметкерлер таңдауға (фирманың идеалды қызметкері өлшеміне сәйкес жұмысшы таңдау, түрлі критикалық жағдайлардағы оның әрекеттерін болжау) ;
— қызметкерлерді басқаруға (іс-әрекет пен қарым-қатынастың күрделі жағдайларындағы қызметкердің әрекеттері мен сенімділіктерін болжау, «күрделі» қызметкерлермен жеке жұмыс жасау тактикаларын құру);
— қызметкерлердің жеке және кәсіби дамуына (басшылар мен қызметкерлердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерінің тиімді жеке стилін құру, олардың дербес имиджін қалыптастыру);
— ұжымдағы өзарақатынасты оптималдауға (дам- дамайлардың алдын – алу және шешу, тұлғааралық сәйкестікті болжау);
- Келесі мәселелер бойынша психологиялық кеңес беру.
— жеке (іс-әрекет пен қарым-қатынас аясында психологиялық қиындық сезінетін тұлғаларға кеңес беру арқылы көмек беру, мәселенің ішкі және тұлғалық себептерін анықтау, оларды шешудің оңтайлы жолдарын құру) ;
— әлеуметтік (әлеуметтік орта мен ұжымдағы жағымсыз салдарды шешуге және алдын-алуға психологиялық көмек көрсету іскерлік шағын топтардағы лидерлік мәселелері) ;
— ұйымдық (келісім шарт мәселелерін, бәсекелестермен жұмыс жасауды, жарнамалық іс-әрекеттерді, топты қалыптастыруды, фирманың имиджін құруды және т.б.
Психологиялық қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты басшыларға көмек көрсету).
- Келесі тақырыптарға байланысты семинар және тренингтер формасында (оның ішінде видеотренингтер) қызметкерлерге психологиялық сабақ жүргізу:
— адамдармен жұмыс жасауға деген психотипологиялық бағыт;
— іскер адамның коммуникативті компоненттілігі;
— келісім жүргізудің стратегиясы мен тактикасы;
— қолданбалы дау-дамай негіздері.
- Дифференциалды тренингтік бағдарламаларды қолдану арқылы топтық психокоррекциялық тренингтер жүргізу:
— релаксациялық тренинг: психикалық өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру:
— мінез-құлықтық тренинг: іскерлік қарым-қатынас қабілеттерін дамыту;
— өзіне-өзі сенімділік тренингі: субъективті күрделі жағдаяттарда өзіне-өзі сенімді болу дағдыларын қалыптастыру;
— қарым-қатынасқа құзіреттілік тренингі: дау-дамайлы жағдаяттарда конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
- Психологиялық күйзеліс жағдайында қызмет ететін адамның жағымсыз психикалық күйлеріне байланысты жеке және топтық психопрофилактика жүргізу ( төмендегіше мүмкіндіктерін қолдану арқылы):
— аутогенді жаттығу сеанстарын;
— медитациялық сеанстарын;
— релаксациялық музыкалар;
- Кеңес беру мен семинарлар жүргізу үшін дау-дамай және практикалық психология аймағындағы көрнекті мамандарды тарту.
- Фирмалар мен ұйымдар үшін психолог-кеңесшілерді дайындау. Арнайы және жаңашыл бағдарламалармен оқыту.
Баќылау с±раќтары:
- Қазіргі тестік әдістер және компьютерлік психодиагностика бағдарламаларын қолдану арқылы тұлғаны кешенді психодиагностикалық зерттеу
- Социометрия және өзге де эффективті әдістерді қолдану арқылы ұжымды әлеуметтік-психологиялық зерттеу
- Психологиялық кеңес беру
- Дифференциалды тренингтік бағдарламаларды қолдану арқылы топтық психокоррекциялық тренингтер жүргізу