Когнитивизм — адам ақыл ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі лингвист Н. Хомский: «Когнитивтік төнкеріс ақыл-ой мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына: танымына, біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когниция деп аталады. Оларға «интеллектуалды», «менталды» терминдері синоним бола алады.
Адам интеллектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері логика, философия, физиология, психология айналысып келеді. Философияда таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Алайда когнитивистика аясында байырғы мәселелер жаңаша түсіндіріле бастады.
Когнитивистикада адами когницияға басты мән беріледі, ол тек бакылауға алынған іс-әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды (ішкі кабылдау, жүйесі), адамның когнитивтік әлемі, тілдің белсенділік әрекетімен ілгерілеп отыратын мінез құлқы мен іс әрекеті бойынша зерттеліп, қалыптасып қатар қаралды.
1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард университетінде когнитивтік зерттеудің алғашқы орталығын құрды.
ХX ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика когнитивизм бағытында пайда болды. Когниция — когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлау, танымның тіл арқылы танылуын қарастырады. Тіл — мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-құлқына жол ашады.
Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады.
Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері -таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады.
Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі, сөйлеу-ойлау процесс деңгейі.
Когнитивтік лингистикада тілдің таным кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.
Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б.
Когнитивтік лингвистика — XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті семантика»-когнитивтік зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистикалык зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды. Тілді зерттеудің когнитивтік (танымдық) сипатының қалыптасу тарихын түсіндіру үшін зерттеушілер мынадай фактіні келтіреді.
1970 жылдары американдық лингвист Чейфтің түсіндіруінше, ағылшын тілінде қандай да бір оқиға туралы мәлімет көпшілікке жеткізілер болса, хабарлы сөйлем, интонация, когнитивті күш-жігер жұмсалатындығына тоқталды.
Когнитивтік лингвистикабірнешеғылымтүрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды:
- Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когиотология).
Оның зерттеу обьектісі — адами танымның кұрылымы мен қызметі.
1960-70 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер «адам ойлауының әмбебап заңымен» пара-пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым
көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес,
жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады.
Тіпті белгілі бір ережелерге сай құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған таным қоры болуы қажет.
- Когнитивтік психологияны когнитивті лингвистиканың қалыптасу көзіне жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті психологиядан концепт ұғымын алады.
«Когнитивтік грамматика» термині 1975 жылы Дж Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз» атты мақаласында қолданылды. 1987 жылы Р. Ланкагердің «Когнитивті лингвистиканың негіздемесі» еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай-ақ осы бағытқа арналған Дж Лакоффтың «Әйелдер, от және қатерлі заттар» атты еңбегі аталатын кітабы жарияланды.
XX ғасырдың 80 жылдарындағы Л. Тальми, Ч. Филмор, У.Чейфтің мақалалары когнитивті лингвистиканың дамуындағы ерекше кезеңі болды. XX ғасырдың 90 жылдарының басына дейін когнитивті лингвистика ғылымы бір-бірімен байланысы жоқ жеке зерттеулермен толықты.
Бұл — Дж. Лакофтың, Р. Ланкагердің, Т. ван Дейктің (Нидерландтық),
Дж. Хэйманның (Канадалық) зерттеу бағдарламалары.
90 жылдардың ортасында Европада когнитивті лингвистикаға арналған алғашқы оқулықтар жарық көре бастады, олар: Ф. Укегер, Х. Шмид. «Когнитивтік лингвистикаға кіріспе» (1996) және Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздемесі» (1997). Орыс тіл білімінде алғаш рет когнитивті лингвистика В. И. Герасимовтың шолулары (1985) арқылы таныс болып, сексенінші жылдары қарқынды дами бастады.
Когнитивтік лингвистиканың дамуына ерекше үлесі болды деп
Ю. С. Степановтың «Орыс мәдениетінің сөздігі» кітабын айтуға болады. Бұнда бірінші рет мәдениет кұндылықтары талданады. Мәселен: «Шындық», «Заң», «Махаббат», «Сөз», «Жан», «Күнә», «Ғылым», «Интеллегенция», «От», «Су», «Нан» т.б.
Е. С. Кубрякованың «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі» еңбегінің де айтарлықтай маңызы болды.
Зерттеуші С.Г.Воркачаевтың тіл мен таным, тіл мен ойлау мәселесі жөнінде мынадай пікірі бар: «Тіл мен таным процестерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының интелектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі» деген пікірін білдірген.
Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың басты орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан-Диего бөлімдері, сондай-ақ, Буффалодағы Нью-Йорк университетінің Когнитивті ғылымдар орталығы. Европада когнитивті лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда.
Зерттеушілердің көрсетуінше, қазіргі таңда когнитивтік лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады:
- Табиғи тілдің түсінілу және жасалу үдерісін зерттеу; Тарихи жағынан біршама байырғы зерттеу түрі. Мәтіннің туылуы мен түсінілуін компьютерлік модельдеуге бағытталады. Бұл салада У. Чейфтің еңбектері белгілі.
- Тілдік қатынасты зерттеу; Бұл жұмыстар шеңберінде Ч. Филлмор еңбектерінде лингвистикалық зерттеулердің қажетіне қарай ыңғайластырылған. Зерттеудің бұл түрінде когнитивтік лингвистика әлеуметтанумен және мәдениеттанумен іргелес зерттеулер жүргізеді.
- Адам санасы мен тілінің денелік (тәндік) базисін зерттеу; Оның негізінде концептуалды жүзеге асыру идеясы жатыр. Адамның түсінік әлемінің және биологиялық табиғатымен, әлеуметтік дүниедегі физикалық қарым-қатынас тәжірибесімен тығыз байланысты.
Көптеген ұғымдық және тілдік категориялардың түп-төркіні адам тәнінің құрылымына, қызметіне, мәселен, адам қимылының түрлі жағдайына байланысты оның «жоғарысы», «төмені», «алды», «арты», «оңы», «солы» болуы, дененің физиологиялық кызмет аткаруы, түрлі салт жоралар т.б. Дене туралы ұғым адамның тәндік табиғаты мен тілдік табиғаты арасындағы аралық саты болып есептеледі. Дененің өзі адамның ішкі әлемі мен сыртқы дүниенің арасындағы шегара қызметін атқарады. Яғни дүниені қабылдау, оны тілде бейнеленуінің орталық шеңберінде адамның денесі мен тілі тұрады. Осындай идеяға негізделген теорияны шет елдерде Дж. Лакофф, М. Джонсон, Ф. Варель, Э. Рош негіздеді.
Дамудың қазіргі деңгейінде когнитивтік лингвистиканың алдында үш негізгі мәселе тұр: тілдік білімнің табиғаты жөнінде, оны игеруге қатысты, тілдік білімді қолдануға байланысты. Сондықтан зерттеу мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:
Когнитивтік лингвистикада бәріне бірдей ортақ мәселе «ақыл-ой
тіл, қабылдау, ойлау, есте сақтау, әрекет ету, ұғым» т.б.
ұғымдарының когнитивтік шынжырдағы өзара қарым-қатынасын анықтау мәселесі болып отыр.
Когнитивтік лингвистиканың алдына қойған міндеттері:
- Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;
- Дүние туралы ақпаратты кабылдау, жалғастыру (тасымалдау), қайта өңдеу;
Адам өзін қоршаған ортаны бейнелейтін көптеген қызмет түрлерін – еңбекті, өнерді және т.б. шығармашылық, өндірістік салаларды біледі. Олардың әрқайсысы шындыққа апаратын психикалық болмыстың дербес жүйесін көздейді. Осымен байланысты танымдық деңгейге қатысты қазірде жиі айтылатын «концептуалдық ғылым» шындықты ұғынудың негізгі тәсілі болып табылады. Дүниетанымының құрылысы негіздерін анықтауға бағытталған тілдік бейненің когнитивті модельдері ғылыми жұмыстар жасауға мүмкіндік береді. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін адамдарға ортақ болуымен қатар, әр халық сол заттар мен құбылыстарды өз мәдениетіне, танымына, болмысына қарай ыңғайлап, өзінің таным – түсінігінің деңгейі мен тану мүмкіндігіне сәйкес атау береді.
«Ақындық» концептісі
«Ақындық» концептісі бұл жерде «өлең жазатын, өлең шығара алатын шығармашылық адам». Ақындық болмыстың ерекшелігі – жыраулық дәстүрдің, жалпы жыраулық қабілеттің, жыршылық дарынның бөлекше бітімімен түсіндіріледі.
Ақындар ерте дәуірлерден бері қарай түркі тілінде түрліше атауларға ие болған. Жыраулар тілінде ақындыққа қатысты «жырау», «жыршы», «ақын», «шайыр» сөздері қолданылады. Ал Қарақалпақ, басқа да кейбір түркі халықтарында «бақсы» сөзі «ақынның» орнына жүрген.
Ақындық болмыс – адамзаттың ішкі үнін сыртқа шығару құралы. Ақын елдің, жердің шежірешісі, өлеңмен өрілген тарихы, оның ақындық «мені» жеке дара бола отырып, «топқа», «көпке» ортақ.
«Батырлық, ерлік» концептісі
«Батырлық, ерлік» концептісі. Замана ержігіттің зығырданы, Тәуекел жолдас ерменен. Қымтама қаруыңды қойыныңа. Бұта да батыр – бұққанға, Қатын да батыр – қашқанға (Қалнияз). Батырлар өткен бас алған, Қаруы қанға жасарған (Аралбай). Ер жігітке тән қасиет: Заманына лайық болу, тәуекелшілдік, мәрттік, жауынгерлік рухта болу танымымен бейнеленген.