- Жас ұрпақтың бойына туған өлкесі мен халқына деген сүйіспеншілік қасиеттерді дарытуда музыка мен әдебиеттің байланыстылығы ерекше ықпал жасайтыны белгілі. Жалпыға білім беретін мектептердегі музыкалық тәрбие және оқытудың мақсаты оқушылардың рухани байлығын байыту, музыкалық мәдениетін қалыптастыру, дұрыс бағыт беру болып табылады.
- Мектептегі музыка сабағы тек қана музыка сабағы жөніндегі мағлұмат беріп қана қоймай, ең бастысы өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғары адамгершілікке, азаматтық қасиеттерге дағдыландыру. Қазіргі таңда музыка мұғаліміне музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері қойылуда және болашақ маман иесінің өнердің әртүріне қызығушылық қасиеттерін қалыптастыруда.
- Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»,- деп тәрбиенің маңыздылығын атап көрсеткен. [4] Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде ұлттық салт–дәстүр, әдеп–ғұрып, ойын– сауықтар көптеп ұйымдастырылуда. Музыкалық тәрбие жұмыстары– балалар мерекелері, тәрбие сағаттары, лекция–концерттер, халық композиторларының шығармашылығын дәріптеп, кеңінен насихаттауға бағытталуы тиіс.
- Музыканы сауатты оқыту тұтас алғанда музыканы оқытудың міндеттеріне сай болуы керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам дайындау міндеттеледі. Сабақта қолданылатын музыкалық материалды талдай білудің маңызы зор.
- Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі нәзіктігімен, көркемділігімен адам жанын баурап, олардың мінез құлықтарының қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Егеменді ел болып, ұлттық сана– сезіміміздің оянуы, тіліміз бен дініміздің қайта жаңғыруы, имандылық мен адамгершілікке деген қажеттілігін қанағаттандырып отыратын өнерлердің бірі–музыка. Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі–музыка сабағы. [5]
- Музыка тілі–халықтықортақұғым. Мектеп оқушыларының музыкалық тәрбиесіне мектептегі өтетін ән–күй сабақтары көмектеседі. Ән–күй сабақтарында оқушылар ұрпақтан–ұрпаққа, ғасырдан–ғасырға келе жатқан дәстүрлі музыка өнерінің көптеген түрлерімен танысады. Сонымен бірге, оқушылардың музыкалық тәрбиесіне мектеп қабырғасында өтетін әртүрлі музыкалық кештер, тәрбие сағаттары, әдеби музыкалық кештер көмектеседі. Қазіргі таңда оқушылардың музыка мәдениетіне, өнерге қызығушылығын дамыту, білім беру арқылы жүзеге асыру ерекше орын алып келеді.
- Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде дәстүрлі емес әдістердің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
- А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – білімнің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өту үшін, балаға тапсырманы әліне қарай шағымдап, белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. [3] Оқытудың негізгі формасы – сыныптық сабақ жүйесі. Сондықтан педагогикалық оқу үрдісін жетілдіру ісі осы кездегі сабақ теориясын жасауды, сабақ берудің жаңа технологиясын пайдалануды талап етеді. Өйткені, сабақтың түрлерін білмей сабақты ұйымдастыру мүмкін емес.
- Оқу барысында сабақтың түрін, оның мақсаты және міндетіне сәйкес таңдап алуға әдіскерлер көмектесіп, алдын–ала қалай өткізу керектігін ойластырады. Әлбетте, сабақтың түрін таңдау күні бұрын күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын жасағанда ескеріледі.
- Қай сынып, қай сабақта болмасын музыкалық материалдарды оқытқан кезде музыканың мазмұнын негізге алып, түсінуді, ынта–ықыласты сезімдік құбылыстарын соған бағыттауы керек. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін дәстүрлі емес оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймыз. Оқу тәрбие әдісін даярлаудың оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруге жеке оқытуды дамыту, көзделу қажет. Осы бағытта оқушыларға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, шығармашылық деңгейімен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу керек. Бұл оқушыға жаңалық ашқанмен бірдей болып есептелінеді.
- Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі мақсаты — оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыра білу, олардың шығармашылық қабілеттерінжәне музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыру, өнерге, музыкаға деген құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта дәстүрлі емес әдістерді пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілетін дамытып, ойларын еркін жеткізуге, ұсыныс–пікірлерін айтқызып, балалардың өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Дәстүрлі емес әдіс–тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына, оқушының тереңде жатқан ойын дамытып, олардың ойларын жеткізіп айтуға үйретеді. Негізгі мақсатымыз оқушыны тәрбиелей отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
- Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жас өспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймай, ол қызықты болуы керек»,- деген. [1] Сонымен қатар, қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, мақсат–мұраты. Мұның барлығы оқушының шығармашылық дамуының қайнар көзі.
- Оқушылардың музыкалық танымдық деңгейде қабылдау қабілетін ұдайы дамыту үшін, мұғалім олардың музыкалық қалауын, түйсіну деңгейін, сезімдік–қабылдау дәрежесін жете білуі шарт. Бұл мәселені сабақ үстінде сұрақ қою арқылы анықтауға болады. Міне, осы секілді әдіс–тәсілдер мен материалдар қазіргі таңдағы оқушылардың музыкалық қабілетін дамытуда, олардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыруда аса бай тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызады.
- Мұғалімнің өмір тәжірибесі, күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдістемелері, шығармашылық қызығушылығын арттыруға, жеке тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге көмектеседі. Жалпы оқушылардың музыкалық дамуында музыканы тыңдатудың үлкен маңызы бар. Балалардың қаншалықты музыканы қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне және сабақта әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Сабақта танысатын шығармаларда көркемдік құндылығымен сезімге әсер ететін айқын бейнелігі ескерілуі керек. Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім жан–жақты әдіс–тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйрететін музыкалық шығармалардың құндылығын ескеруі қажет. Кез–келген оқу құралы осы кешенге сәйкес келуі қажет, сондай–ақ құрастыру кезінде бекітілген әдістемелік идеяларға нұқсан келмеуі қажет.
- Дәстүрлі емес әдістермен жұмыс істеудің бірнеше нысандары бар.
- лекциялар, семинар сабақтарындағы баяндамалар;
- жазба жұмыстары, сабақтың жоспары, тақырыптық мақалалар.
- Оқушыларды дәстүрлі емес әдістерге сүйене отырып оқыту барысында мұғалімнің ғылыми, тарихи құжаттарға жүгінуіне тура келеді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру эстетикалық іс-әрекетпен шығармашылыққа деген қажеттілік және белсенді қызығушылық, музыкалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру өнермен байланысы, конференциялар, байқаулар, күнделіктер, газеттер, экскурсиялар жатады.
- Болашақ музыка мұғалімдерінің дәстүрлі емес әдіс–тәсілдерін қолданудағы кәсіби біліктілігін қалыптастыру барысында былайша қорытынды жасауға болады. Кәсіби музыкалық білім беру саласында оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру, болашақ музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасап, негізін құрайды. Болашақ музыка пәні мұғалімдерінің дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану барысында кәсіби біліктілігін қалыптастыру әдістемесі болып табылады.
- Балалар бойындағы қасиеттерін, музыкаға деген құлшынысын, қабілеттерін, азаматтық сезімдерін оятуда музыка пәнінің мұғалімі сияқты ешқандай педагогикалық мамандық жан–жақты алуан түрлі әдістемелік тәсілдерді талап етпейді. Басқа ешқандай мамандық өз елін, оның табиғатын, халқын жырлайтын әндер, концерттер түріндегі бай материалдарды бермейді. Сондықтан жалпы музыкалық мәдениетпен таныстыруда музыка арқылы танымдарын арттырады.
- Мұғалімнің берген әрбір білімі әсерлі, тартымды, бағдарламаға сай, жоғары сапада өткізіліп, сабақтың әрбір уақытын тиімді пайдаланып, ұтымды, маңызды етіп өткізудің жолдарын қарастыруымыз қажет.
- Әдебиеттер
- Әденбаев С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі., Алматы., Дарын, 2004.-152 б.
- Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального образования., Москва., Академия., 2004.-336 с.
- Момынұлы П. Музыкалық эстетикалық тәрбие., Алматы., Қазақпарат.,
- 2000.-270 б.
- Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы., Білім, 2005.-232 б.
- Меңдаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі., Алмат., Әл-Фараби., 1997 .-132 б.