Үй тапсырма және сыныптан тыс жұмыстар

Оқу құралы бағдарлама мен оқулыққа сәйкестендірілгендіктен, ондағы тапсырмалар күнтізбелік тақырыптық жоспарға орай бір апта (сағатта) ішінде оқып үйренген негізгі мәселелерді тиянақтай түсуге және қайталауға лайықталған, күрделілігі тұрғысынан төрт деңгейде дайындалған.

Бірінші деңгейдегі тапсырмалар математикалық білім мазмұнының мемлекеттік стандартынан туындайтын негізгі талаптарға сәйкес іріктелген. Тапсырмаларды орындау білімді үйреншікті жағдайда қолданумен байланысты. Мұнда сәйкес тапсырма орындау үлгісінің келтірілуі немесе оны қалай орындау керектігі жайындағы нұсқаудың берілуі мүмкін.

Екінші деңгейде тапсырмаларды орындау барысында білімді біршама өзгерген жағдайда қолдануға тура келеді. Сондықтанда сәйкес тапсырмалар біршама өзгерген жағдайға бейімделген.

Үшінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау кезінде білімді жаңа жағдайда қолдану көзделеді. Демек, сәйкес тапсырмалар жаңа жағдайдыда қамтиды.

Төртінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау шығармашылық іс-әрекетті талап етеді. Осыған орай сәйкес тапсырмалар көбінесе дәстүрлі емес түрде ұсынылады. Топшылаумен болжамға толы әр бағыттағы белсенді ізденістермен байланысты боладыда, оқушылардың білімін тереңдете түседі. Екі амалмен шығарылатын есеппен жұмыс кезіндегі ең жауапты кезең сәйкес ұғымды енгізу және оның мәнді белгісіне оқушының назарын аудару. Ол –есепті сұрағына жауап беру үшін бір ғана амалды орындаудың жеткіліксіз екенін анықтау. Осыған орай жүргізілетін түсіндірменің үлгісін келтірейік.

Оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынылады.

А) Еркебұланның 10 жолды және 5 төркөз дәптері бар?

Б) Еркебұланның 15 дәптері бар еді. Ол інісі Дастанға 3 дәптерін берді. Еркебұланның неше дәптері қалды?

Осы тапсырманы оқушылар орындап біткеннен соң мынадай сұрақтарға жауап берлуі тиіс, неше есеп шығардыңдар? Есептерді салыстырыңдар (шартын, сұрағын, шешуін, жауабын). Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше? Бірінші есепті қандай амамен шығардыңдар? Неліктен? Екіншісін ше? Неліктен? Есептердің өзара қандай байланысын байқадыңдар? Осы тапсырмалар бойынша ұйымдастырылған жұмыстың барысында оқушылар шамамен мынадай қортындылар жасайды. Бірінші тапсырма алдында орындалған тапсырмамен бірдей. Есептің сурағына тікелей жауап беруге болады, ол үшін Еркебұланның жолды дәптеріне төр көз дәптерін қосу керек. Есепті шығаруды әр түрлі тәсілмен жүзеге асыруына негіздей отырып, қосу амалының терімділік қасиетін оқушыларға жеткізу мүмкіндігі туғанын оны түсіндіру қажеттігін де естен шығаруға болмайды.