Жаңа ұғым және өрнек тәсілімен оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың өзіндік оқу- танымдық әрекеттерін бақылау.

Құрылымы күрделі санды өрнектерді құру, оқу, жазу мәнін табу және салыстыру, қарапайым әріпті өрнектер құру, оқу, жазу мәнін табу және салыстыру, қарапайым теңдеулерді “сынан көру” тәсілімен шешу сәйкес түсініктер мен ұғымдардың мән-мағынасын аша түседі және оны оқушылардың мән –мғынасын игеруіне тікелей пайдасы тиеді.

Мұғалімдер тәжірибесінде сабақта, үй жұмысын әр алуан бақылау жұмыстарында есепке сәйкес қысқаша жазуды міндеттеу орын алған. Бұл есепті шешу процесінің міндетті кезеңі болғандықтан, қажетіне қарай ғана орындалуы керек. Есептің жаңа түрі қарастырылғанда, қысқаша жазудың қандай да бір өзгеше түрімен оқушыларды таныстыру қажет болса және онын жәрдемі тиетін жағдайда оны орындауда оқушыларды таныстыру қажет болса және оның жәрдемі тиетін жағдайда оны орындауға болады. Есептің үйреншікті түрін шығарғанд қысқаша жазын алмай-ақ, бірден текст оқысымен оны шешу жоспары дұрыс құратын оқушылар кездесе, олардың іс-әрекетін құптау дұрыс. Қысқаша жазуды орындаду оқушыларға жеке-дара қарым-қатынас жасау жөн. Үлгерімі әлсіз оқушыларға ол қажет, әрі пайдалы, ал үлгерімі жақсы оқушылар үшін, оның орнына бір есепті бірнеше тәсілмен шығару тиімді.

Қысқаша жазудың белгілеп бір түрін ғана міндеттеу де кездесіп қалады. Оқушыларда және методикалық құралуарда келтірілген қысқаша жазу түрлері басшылыққа алынғаны мен, әрдайым бірізділікті талап етуге болмайды. Оқушы оның өзіне ұнайтын және түсінікті, әрі үйреншікті түрік қолданады. Бірақ мұғалім еске орай қысқаша жазудың да тиімді түрлері болатыны көрсетуі керек.