Жаңадан енгізілген ұғымның бейнесі және оларға бақылау жасау, оқушыларды, өмірлік тәжірбиесі мен алған білімдерін пайдалану, нәтижеде қабылдау, алғашқы түсініктер пайда болады және енгізілген ұғым түсініледі.
- Қарастырып отырған ұғымның елеулі қасиеттері бөліп алынады, ол ұғымды объективті байланыстар мен қатыстарды ұғынуға алып келеді. Бөліп алынған белгілер бір-бірінен тәуелсіз бола отырып, ұғымды қалыптастыру үшін ғана емес, оның дамыуына және қолдануға да жеткілікті болу керек.
- Қарастырылып отырған ұғымның дәл анықтамасы тұжырымдау.
- Ұғымды белгілейтін терминмен таныстыру.
- Ұғымның символдың белгілеуі бар болса, символды енгізу.
- Жалпылау және енгізілген ұғымды оқытылып отырған курстын ұғымдар жүйесіне қосу (бұл кезең пәнішілік байланысты жүзеге асыруболып табылады).
Жаңа ұғымдарды енгізудің бұл кезеңдері бір- бірімен тығыз байланыста. Ұғымның игеру мақсаты:
- Ұғымның мазмұнын талдау (мәндік ұғымды, елеулі өзгешіліктерді бөліп көрсету, елеулі өзгешіліктердің арасындағы байланысты анықтау, кванторлардың бар екенін анықтау).
- Ұғымды енгізу уәжінің мүмкіндігін анықтау атап айтқанда, ұғымның енгізілуіне уәждейтін жаттығуларды іріктеу.
- Ұғымның елеулі өзгешеліктерін бөліп көрсетуге бағдарланған жаттығуларды іріктеу.
- Анықтаманың қисынды құрылымын жаттығуларды әзірлеу.
- Ұғынулуға тиіс объектілерді танып білу алгоритмін жасау қажеттілігін анықтау.
- Ұғымның басқа ұғымдармен байланысын ұғынуға арналған жаттығуларды іріктеу.
- Ұғымды қолдауға арналған жаттығуларды іріктеу, оларды орындау әдістемесі.
- Ұғымды жіктеу мүмкіндігін анықтау.
- Ұғымды оқып- үйрену кезеңінде пайдаланылатын оқу құралдарын таңдау.