1.Жалпы мағлұматтар; сынып; тақырып, мақсаттар, сабақтың түрі, құрылымы.
- Сабақтың басталу (ұйымдастыру кезеңі): формасы, ұзақтығы, тиімділігі.
3.Үй жұмысын тексеру: тапсырманың және оны тексерудің мақсаты. Қалай тексеріледі? Кімнің орындағаны немесе қандай себептермен орындамағаны анықталды ма? Оған мұғалімнің реакциясы, үй жұмысын тексерудің ұзақтығы,ти-гі.
4.Сұрау(фронтал, дара және т.с.с) Сұрақтар мен тапсырмалардың қойылуы мен мазмұны. Бағалар қалай қойылды? (кімге? Қандай? Не үшін?) қойылған бағаның оқушының білім деңгейі мен біліктігіне сәйкестігі. Мұғалімнің дұрыс және бұрыс жау-ға реакциясы.
5.Жаңа материалды оқу (егер жоспарланған болса, онда ол сабақтың мақсатын қойып, оның кезеңдерін оқушылар алдында көрсете алдыма?) Жаңа материалдың мазмұнымен көлемі.
6.Оқығанда баянды ету. Оның қорытындысы неде? Сұрақтардың, есептердің таңдап алынуы және олардың көлемі (мақсаттылығы), есептермен жұмыс жасау әдісі. Өзіндік жұмыс болды ма? Оның ұйымдастыруы, мақсаты, оқушылардың жаңа материалды жете түсіне алғандықтары туралы айту мүмкін бе? Егер болса, онда менің меңгерілгенін, ненің қиыншылық туғызғандығынан және не себептен екенін сипаттау. Оқылған материал бойынша қорытынды жасалдыма.
7.Келесі сабаққа тапсырма. Қашан (дер кезінде ме?) және көлемі (саралығы). Оқушылардың тапсырманы түсінгеніне мұғалімнің көзі жетті ме?
8.Мұғалім сабақты қалай аяақтады(дер кезінде, ұйымшылықпен), сабақтың (қорытынды шығару), ұсыныс жасау.