«Кестелік қосу мен азайту» тақырыбының мазмұнын он көлемдегі сандарды есептеу тәсілдері; мәтінмен берілген арифметикалық жай есептер және оларды шығару; Кері есептер және өзара кері есептер; санды өрнек және әріпті өрнек; әртүрлі өрнектің мәндерін табу, кесіндінің ұзындығын арттыру және кеміту, кесінділер сызу сияқты мәселелер құрайды.
Осы тақырыпты оқытып-үйретудің ең басты міндеті- оқушылардың сиатерінң даярлығының басты көрсеткішікестелік қосу мен азайту жоғ-н еркін игеру жүзеге асыру және негізі деп аталатын жай мәтінді арфометикалық есептерді шығаруға үйрету. Ал санды өрнек және әріптік өрнек, олардың мәндерін табу, қарапайым теңдеулер және оларды шешу, кесіндінің ұзындығын арттыру және кесінділер сызу жайындағы білім, білік және дағдылар ілгеріде жетіл/м беру; мүмкін мәселерінің қатарына жатады.
Кестелеп қосу және азайтудың 2,3,4,5 сандарымен жағдайларын оқытып үйретудің әдістемесінде бірізділік сақталады. Мұндағы қосу тәсілі сан сызығында бір, екі , үш ,төрт сан аттай отырып тура бағытта, ал азайту тәсілі сайкес кері бағытта санақ арқылы түсіндіріледі. Қосылғыштардың бірі 2,3,4,5 сандары болатын жағдайындағы санның құрамын есте сақтауға баса көңіл бөлінеді және сәйкес азайтуды сол білімді қолдануға машықтандыру көзделеді.
Кестелік жағдайларда оқытудың келесі сатысында 5,6,7,8,9 са.ндарын қосу және азайту тәсілдері қарастырады. Бұл жағдайлардағы қосу сандардың орындарын ауыстырып қосуға болатындығын сүйеніп, яғни қосу амалының ауыстырымының қасиеттеріне негізделіп бұрыннан оқушылар назары үлкен санға кіші санды қосудың қолайлы екеніне ауыстырылады. Сондай-ақ сәйкес санды азайту, қосу кестесіне сүйеніп, яғни санның құрамы жайындағы білімнің негізінде орындалатыны арнайы атап отырылады.