Мақталы селолық округінде агроқұрылымдарды ірілендіруде су жүйесі қағидатын қолдану

Аудан аумағындағы 176,9 мың гектар жер көлемінің 136,0 гектары суармалы егістік. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде агроқұрылымдар саны 21147 жетті.

Аудан көлеміндегі 136,0 га егістік суармалы жерлерге ағын су Қырғыз Республикасындағы Тоқтағұл су қоймасыннан бастау алып,Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының мемлекет аралық “Достық” магистралды каналы арқылы жеткізіледі.

Ауданымызда шаруа қожалықтарына ағын су жеткізу мақсатында 74-су пайдаланушы құрылымдар құрылған.оның ішінде 51 су пайдаланушы құрылым “Оңтүстіксушар” РМК Мақтаарал филиалымен келісім шартқа отырған.[1]

Су құрылымдарының 57 су пайдаланушы селолық тұтынушылар кооперативі.соның ішінде Мақталы селолық округіне қарасты 5 су пайдаланушылар қауымдастығы құрылып,шаруа (фермер) қожалықтарына ағын су мәселесі бойынша қызмет етуде.

Суармалы жерлерден кепілді мол өнім алуы және суармалы жерлердегі су жүйелерін,қашыртқыларын және гидротехникалық құрылымдардың жобаға сай күрделі ағымдағы жөндеуден өткізіп,қайта қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда ірілендірілген су пайдаланушылар қауымдастығының ролі ерекше.

Соңғы жылдары су жүйелерінің тозуына байланысты суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету өте күрделі жағдайда жүзеге асып келеді.Суармалы жерлерден ыза суларды тастайтын қашыртқылар және гидротехникалық құрылымдардың тозығы жеткен. Осы құбылыстар егістік алқаптардың мелиоративтік жағдайының тұздалып кетуіне,ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің төмендеуіне әкеп соқтыруда,әсіресе мақта дақылына.

Осы жағдайларға байланысты аудан көлеміндегі суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру, ирригациялық дренажды жүйені жаңаша жетілдіру жұмыстарын жандандыру қажет.

Су пайдаланушылар қауымдастығының құрылымы

Сызба-1

Бұрынғы “Ақбұлақ”, “Жетіарық-9”, “Шүйішбай”, “Береке-су” су қауымдастықтарын біріктіріп 6000 га-дың жобасында “Мақталы” су пайдаланушылар селолық тұтыну кооперативі болып ірілендіру жобасын құрылған.

Мақта саласындағы агроқұрылымдар параметрлерінің қазіргі қалыптасқан жағдайында ағын су К-27 шаруашылық аралық каналының

К-27-1 және К-27-2 тармақшалары бойынша 890 га суармалы егістік жерлерде орналасқан 122 ұсақ шаруа қожалықтарынан 2 ірілендірілген агроқұрылым құру жобасы ұсынылады.(кесте-2)

Шит себетін және жүйек арасына баптау жүргізетін 2-3 баптау тракторының (МТЗ-80х) бір жылдық жүктемесіне тең болса,онда ол ең тиімді жоба болар еді.Бұл көрсеткіш нормативтер бойынша тиісінше 120-180 га мақта алқабы,басқада дақылдырды қоса есептегенде жалпы егістік көлемі 160-240 га құрайды. [3]

К-27 су жүйесі бойынша ірілендіру сызбасы.

Сызба-2

Кесте-1. «Тыңдала» елді мекенінде ірілендірілген агроқұрылымдардың типтік моделінің параметрлері (жоба)

  Шаруа қожалықтарының саны Егістік көлемі, га Баптау тракторларының саны, бірлік Жұмысшылар саны, адам
барлығы Соның ішінде

мақта алқабы

Орта тауарлы I 51 360 234 2-3 38
II 71 530 345 3-4 69

Жоғардағы 1-кестеде ұсынылып отырған жобада агроқұрылым параметрлерінің рационалды өлшемдері көрсетілген.

Агроқұрылымдарды ірілендіруде шаруашылық-экономикалық негіздеулердің шешуші қағидалары басшылыққа алынса тиімді болады:

  • су және мелиоративтік бір жүйенің бойында орналасуы;
  • жерді және басқада ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру.

Мақта саласына пайдаланылатын суармалы жерлерге иелік ететін орта және ірілендірілген агроқұрылымдар мына жағдайларды ескеру керек:

  • табиғи –экономикалық жағдайларды және нақты өңірдегі болжамдалған даму бағдарламасына орай егістікті ғылыми негізделген құрылымды қалыптастыру;
  • жер пайдалану көлемін оңтайландыру арқылы ауыспалы егіс жүйесін ендіру;

-су және мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын жақсарта отырып су пайдалану мен жер асты минералды суының денгейін төмендету тиімділігін арттыру және т.б. [3]

Су қауымдастықтарын топтастырудан алдын бытыранқы орналасқан ұсақ шаруа қожалықтарын су жүйелері бойынша ірілендіру қажет

Кооперативтің мақсаты – шаруашылық аралық суландыру және қашыртқы дренаж жүйе жұмыстарының сенімді жұмыс істеуі мен оларды сақтауды қамтамасыз ету,суды қалыпты және үнемді пайдалану,суландырылатын жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту,су пайдаланушылардың төлемдерін қабылдау және жинақтау, су пайдаланушылар мен су жіберу жөнінде қызмет көрсету келісім-шарттарын жасау және т.б.

Осы қауымдастықта су пайдаланып отырған шаруа (фермер) қожалықтарының жер көлемі бойынша талдау жасағанымызда ұсақталған денгейі 0,5 га дейін 34% құраса,ал 30 га жоғары ірілендірілген шаруа қожалығының үлесі тек 3% құрап отыр.

Осыдан келіп шығатын қорытынды ауыспалы егістікке де және жер құнарлығын арттыру мәселесі де шешімін таппай келеді. Сол себепті ұсақталған шаруа (фермер) қожалықтарын ірілендіру мақсатында әрбір су пайдаланушылар каналын бойлап жайласқан суармалы жерлерді топтастыру қажет,яғни шаруа қожалықтарын ірілендіру бұл олардың ұзақ мерзімге лизингке техника және жеңілдетілген несие алуға қолайлы мүмкіндіктер береді.

Мақта өсіретін агроқұрылымдардың шаруашылықты интенсивті жолмен және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты — өндірісті шоғырландыру және су ресурстарын тиімді пайдалану.

Кесте-2. Ірілендірілген агроқұрылымдардың егістік құрылымының жобасы.

  Шаруа қожалықтарының саны Барлығы,

га

 

Соның ішінде Бақша,

көкөніс,га

(2,5%)

Мақта алқабы(65%) Жоңышқа,га (25%) Жүгері дән үшін(7,5%)
Орта тауарлы  

I

51

 

360 234 90 27 9
II 71 530 345 132 40 13

Жалпы алғанда шаруа қожалықтарын ірілендіру арқылы оның тиімділігін арттыру агроқұрылымдарға көптеген артықшылықтар береді:

-мақта саласына мамандандырылған шаруашылықты ұйымдастыру және ауыспалы егіс жүйелерін ендіру арқылы топырақтың құнарлығын арттырады;

-жоғарғы өнімді ауылшаруашылық техникасын қолдану мүмкіндігі;

-агролизинг жолымен мақта саласын жаңа техника және технологиямен жабдықтау мүмкіндігіне негіз қалайды және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Оңтүстік Қазақстан Облысы Мақтарал ауданындағы суармалы егістік жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Жетісай,2006ж
  2. ҚР статистика агенттігі.ОҚО-дағы басқармасы. Мақтарал ауданының өсімдік шаруашылығы,Шымкент,2007ж.
  3. Ғ.Мәдиев, Б.Серіков, Ж.Шарақымбаев. Мақта саласындағы агроқұрылымдарды ірілендіру және типтік шаруашылықтар құрудың ұйымдық-экономикалық негіздері. Алматы,2007ж.
  4. Б.Серіков. Агроқұрылымдар бизнес-жоспары. Алматы, 2004ж.