Амалдардың мән мағыналары

Қосу амалын- заттардың екі тобын біріктірудің нәтижесі ретінде, ал азайту, амалын- заттардың тобына олардың біразын бөліп алудыңнәтижесі ретінде, яғни заттардың бір ғана тобын екі топқа жіктеу арқылы енгізу әр алуан практикалық жұмыстарды орындауға негізделеді және «Он көлемдегі сандар» тақырыбының алғашқы сабақтарында беріліп, әрі қарай біртіндеп тиянақтала түседі.

Алгебраның элементтері қатарына жататын «теңдік», «теңсіздік», «өрнек», өрнектің мәні сияқты түсініктер сандар мен шамалар және олармен жүргізілетін амалдар сондай-ақ оларды салыстыру сияқты мәселеелрмен тығыз байланыста қарастырылады. Сонда алдымен санды салыстыру – заттардың екі тобын алып, яғни көрнекілікке сүйеніп, қайсы топқа заттардың артық, кем немесе сонша екенін тағайындаумен байланыстырылады және салыстырудың нәтижесі сәйкес сандардың және қатынас таңбаларының (=,>,<) көмегімен жазылып көрсетіледі, ал шыққан жазулар сәйкес теңдік немесе теңсіздік деп аталатына айтылады. Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалғанда шыққан нәтиже- өрнектің мәні деп аталады. Осыны басшылыққа ала отырып, ілгеріде қарастырылатын қарапайым өрнектердің атаулары енгізіледі. Мәселен «қосынды» деп «+» таңбасы және сандарды пайдаланып орындаған жазуды айтады.Амалдың нәтижесінде сәйкес «қосынды» және «айырма» деп атамай, «қосындының мәні» және «айырманың мәні» деп атаған жөн.

Сонда мой-ң терминдерді қолдануға бірізділіктің сақталуы мүмкін, яғни «өркен», «қосынды» және «айырманың мәні» терминдерді мағыналық тұрғыдан алғанда бір-бірінен туындайтын болады.

Өрнек пен санды, өрнектерді бір-бірімен салыстыру жоғарыда қарастырылған мәселелердің заңды жалғасы болып табылады және көрнеккілікке сүйеніп оқытылып-үйретіледі.Тиісті қатынас таңбасы негізінен, өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстырғаннан кейін анықталады.