Он көлеміндегі санның білім мазмұнында санның құрамын оқытып-үйрету ерекше орын алады.Өйткені әр санның құрамынның мүмкін жағдайларын қарастыруға және сол білімге сүйеніп қосу және азайту амаладрын орындау тұрғысына жеткілікті деңгейде машықтандыруға, әсіресе санға 1-ді қосу және саннан 1-ді азайтудың нәтижелерін қатесіз табуға және қосылғыштардын, біреуі 1 болып келген жағдайда 10 көлемдегі кез-келген санның құрамын анықтауда жетіп меңгеруге баса назар аударылады.
«Он көлемдегі сандар» тақырыбында «таза математикалық» мәселерді оқытып- үйрететін бірінші кезекте тұрады. Сондықтан олардың кейбіреулеріне қатысты алғанда, тиянақты білім беріліп, білік пен дағды қалыптастырылады.10 санын жазып көрсету үшін екі цифр қажет. Осыған ұқсас кез-келегн толық ондықты жазу сәйкес екі цифрды таңдап алумен байланысты, оның сол жақтан бастап санағандағы біріншісі неше ондықтын, алынғандығын білдірсе, екіншісі -0 цифры- толық ондықтын, құрамында жекелеген бірліктің үстінде басқадай жекелеген бірліктің болмайтынын көрсетеді. Ондықтарды қосу және азайтуды орындау ондықтар мен санауға келтірілетіндіктен, осы жағдайларда есептеулер жүргізу 10 коль дегі кестелік қосу мен азайтуға ұқсас орындалуы, бұрынғы білім өзгерген, не жаңа жағдайда қолданлып біршама қортындыланады.