«Он көлемдегі сандар» тақырыбын оқытып үйретудің ең басты міндеті- сан және цифр цифр жайында түсінік қалыптастыру, оған орай сандардың аталуларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру.
Заттарды санауды және санау арқылы «қанша?»(неше?, нешеу ? ) «нешінші?» сұрақтарына жауап беруді алдыңғы тақырыпта оқушылар меңгерегн болатын. Олай- болса, нақтылы заттарды немесе олардың бейнелерін, дыбыстарды, қозғаыстарды, геометриялық, фигураларды, заттың суреттерді және т.б санауға сүйеніп, бір жақбалы кез-келген санды сығарып алуға болады.
Әр санды қосу және азайту амалдары арқылы шығарып алуға болатындығына да әлдеқайда басымдырақ көңіл бөлінеді, яғни сан- арифметикалық амалдың нәтижесін сипаттайтынына да ерекше мән беріледі.
Цифрларды оқушылар көреді және жазады. Жалпы алғанда, сандарды атау және цифрларды жазу қатар жүргізіледі. Демек, он көлемдегі ауызша және жазбаша нумерация қатарынан қарастырылады. Оған қоса затқа санды және оған цифрды (және керісінше) сәйкестендіре білу, сондай-ақ цифрларды және жазуды үйрену жүзеге асырылады.
Бір таңбалы сандардың қатарын (тізбегін) түзе және олардың ретін анықтау әр санды оқытып үйретумен тығыз байланысты жүзеге асырылады. Осыған орай: санның тізбелей алдында келетін санға 1-ді қосу және жазуды үйрену жүзеге асырылады.
Бір таңбалы сандардың қатарын ( тізбегін) түзу және олардың ретін анықтау әр санды оқытн үйретумен тығыз байланысты жүзеге асырылады. Осыған орай: санның тізбелей алдында келетін санға 1-ді қосу және тікелей одан кейін келетін саннан 1-ді азайтуарқылы сәйкес санды, ал берілген саннан 1-ді азайтып алдыңғы санды шығарып алу; он көлемдегі сандардың кез келгенінен бастан тура және кері бағытта сандарды ретімен атап шығу; әр санның қатарындағы орны анықтау; сандарды көрнекілікке немесе қатардағы орнына қарай салыстыру қандай да бір екі санның арасында, санның алдында және одан кейін орналасқандығын анықтау; әр бір жаңа санды бұрыннан белгілі сандармен салыстыру ең кіші бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санда анықтау және т.б байланысты практикалық жұмыстар барысында сәйкес іс-әрекетке жеткілікті деңгейде сандар қатары жайында түсінік қалыптасып, әр санның сол қатардағы орнын анықтауды оқушылар меңгереді.