Жоғарыда шолу ретінде ғана қарастырылған қарапайым түсініктер негізінен оқулықта берілген жаттығулар арқылы қалыптастырылады. Ал сол түсініктердің практикалық сипаттағы қырларын таңдау арнайы математика дәптердегі тасырманы орындау кезінде орындалады.. мәселен әр сабақ сайын сурет салу, суретті бояу, түрлі әшекейлерді безендіру сияқты тапсырмаларды дәптерге орындау көзделеді. Соның барысында бала саусақтарының кішкене бұлшық еттері дамиды. Жоғарыда қаратылған бағыттардын, әрқайсысы бойынша алған тірек біліміне сүйеніп «Он көлемді сандар» тақырыбы оқытып үйретіледі. Мұндағы сан және цифр жайында түсінік: Санды шығарып алудың әртүрлі жолдары (санауға сүйеніп ұзындықты өлшеудің нәтижесі ретінде қосу және азайту амалдарын орындау арқылы) қосу және азайту амалдарының мән- мағынасын ашу және сәйкес «+», «-» таңбаларды; сандарды салыстыру және теңдіктер мен теңсіздіктер, сәйкес «=», «», «» таңбалары, қосу және азайту амалдарын сандардын, аталуларын енгізу және сол амалдардың, өзара байланысы мен қосу амалының орын ауыстырымдылық қасиетін білдіру, орындарын ауыстыру және қолдану; өрнек және өрнектің мәні, қосынды және айырма, қосындыынң және айырманың мәндері, өрнектерді салыстыру, натурал сандар қатарының негізгі қасиеті туралы түсінік беру: 0 және 1 сандары қатысатын жағдайларда қосу мен азайтуды орындау; әр санның сан қатарындағы орнын анықтау; санның құрамы және оған негізделген қосу мен азайту жағдайларын қарастыру, кесінділерді ұзындықтарының қосындысы және айырмасы сияқты мәселерімен байланысты материялдар осы тауардың білім мазмұнын құрайды.