Практикалық іс-әрекеттке негізделетін түсіндірілетін өзара тығыз байланысты және табаға (етене) бірлектегі түсініктердің қатарына жатады. Заттың екі тобынан қандай да белгісіне қарай бірнеше затты ажыратып топтан бөліп алу, осыларға ұқсас фигураның құрамды бөлшектердің жіктеу және бөліктерден фигураны қалыптастыру ілгеріде қосу және азайту амалдарының мән мағанасын ашу кезінде және сол амалдарымен шығарылатын (қосындыны және қалдықты табумен байланысты) есептерді қарастыру барысында қолданылатын тірек білімнің қатарына жатады.
Осы амалдар арқылы кез келген санды шығарып алуға негіздей отырып, сан жайында түсінік қалыптастыруды қажеттігінде есептеуге болмайды, яғни санды арифметикалық амалдын, нәтижесі ретінде қарастыру мүмкін болады.
Нақты іс-әрекет үстінде заттарды әртүрлі белгілеріне (түсіне, өлшеміне, пішініне) қарай салыстыру тойтындағы қарапайым практикалық дағдылардың үлгілермен танысу. Сонда қандай да бір мәнді белгілеріне қарай салыстыру бақылауды ұйымдастыру барысында жүргізілетін жүйелі жұмыстың бастама кезіндегі іс-әрекеттің үлгісі көрсетіледі. Қорытынды нәтиже: салыстырудың қорытындысын білдіретін «бірдей», «әртүрлі» сөздерін игеру және «түстері бірдей», «пішіндері бірдей», «өлшемдері бірдей», «түстері әртүрлі», «пішіндері әртүрлі», «өлшемдері әртүрлі» сияқты сөз тіркестерінің мәні мағынасын түсіну, сондай-ақ «дөңгелек», «үшбұрыш», «ұзын-қысқа», «биік-аласа», «қалың-жұқа», «үлкен-кіші» сөздерімен танысу.
Мұның бәрін ілгеріде жиі пайдалануға тура келеді, сондықтан да олар дайындық сипатындағы мәселердің қатарына жатады. Практикалық іс-әрекеттердің нәтижесінде өте маңызды мәселе өз шешімін табады, атап айтқанда: шама (ұзындық) өлшеудің нәтижесі ретінде түсініп беруге қажетті дайындық жүзеге асырылады.