Қарапайым түсініктер заттарды санау

Әртүрлі заттарды үйрену және соларға жаттығу. СОның нәтижесінде Қавнша (неше?, нешеу?) деген сұраққа жауап беру үшін оқушылар кез-келген ретте заттарды санауды меңгереді. Ал нешінші деген сұраққа жауап беру үшін заттарды көрсетіп, берілген ретте ғана санау қажеттілігін игереді. Сонымен бірге, осы сұрақтарға жауап беру үшін ұйымдастырылатын әралуан практикалық жаттығуларды орындау барысында оқушылар зат пен санды сәйкестендіруді үйренеді, сандар қатарының ретін түсіндіреді осы түсініктердің мән-мағынасы тізбетеле, ілгеріде яғни ретімен қайталанатын құбылыстардан мысалдар келтіру кезінде және апта күндерінің, айдың атаулары мен ретін қарастыру барысында және т.б жағдайларды ашыла түседі.

Мұның бәрі келешекте натурал сандардың есептік және реттік сипаттамаларымен оқушыларды таныстырудың негізін қалайды және саларды оқытып үйретуге қажетті дайындық болып табылады, яғни сан жайындағы түсінікті мүмкін болады.

Көптеген практикалық жұмыстарды орындаудың нәтижесінде заттардың екі тобын салыстыруды, қайсы топта заттың артық (кем) екнін немесе бір топта қанша зат болса екіншіссінде де сонша екенін анықтауды үйрену.

Заттарды ұзындығына қарай салыстыру, заттың ұзындығын өлшеу, кесіндінің ұзындығын өлшеу және ұзындықты өлшем бірлігі ретінде сантиметрдің енгізілуі, ұзындықты сантиметрмен өлшеу сияқты мәселелер, қарапайым шама ұзындық және оны өлшеу жайында түсінік қалыптастырады көздейді. Мұнда: заттардың ұзындықтары әр түрлі тәсімен салыстырылады, ұзындықты өлшеу үшін шартты өлшеуші анықтаудың қажеттілігі негізделеді.

Геометриялық фигуралардың 1- сыныпта бұрын беріліп жүргенінен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттілікутен туындап отыр. Өйткені олар ілгеріде көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауды тірек білім табылады. Ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстырары, көбінесе геометриялық фигураларды бөлшектерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді.