Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске аса бастаған Қазақстанның жаңа индустриялық-инновациялық саясаты ұлттық экономиканы шикізатқа тәуелділіктен арылтып, құны жоғары өнім шығаруға, қайта өңдеу секторын дамытуға және инновациялық технологияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға бастайды.
Қазақстан республикасы Президенті 2010 жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атауымен халыққа Жолдауында: «Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды» деп атап көрсеткен болатын.[1]
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және жетістіктің негізгі көзі болып табылады.
Еңбек өнімділігі дегеніміз — материалдық игіліктерді өндіру сферасында адамдар қызметінің нәтижелі дәрежесі. Демек, еңбек сияқты еңбек өнімділігі де материалды өндіріс сферасына қатысты болады. Еңбек өнімділігі-белгілі бір еңбектің уақыт бірлігінде белгілі бір өнім көлемін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі материалды өндірістегі еңбек шығындарының тиімділігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде өндірілетін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін өндіруге кеткен еңбек шығындарымен анықталынады.
Еңбек өнімділігі-бұл жалпы көрсеткіш. Ол бір жұмысшының немесе өндірістік коллективтің уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемін бейнелейді және өндірістің тиімділігін сипаттайды.
Еңбек өнімділігі-бұл еңбек шығындарының тиімділігі. Ол жұмысшының уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін құрастыруға кеткен жұмысшының уақыт шығындарының шамасымен белгіленеді.
Еңбектің жеке өнімділігін (берілген өнімді шығаруға кеткен тек адам еңбегінің шығындары) және қоғамдық өнімділігін (өнім өндіруге кеткен жиынтық шығындар: адам еңбек шғындары, затталған шығындар) ажыратып көрсетуге болады.
Техникалық прогресстің дамуына байланысты затталған еңбек шығындарының үлесі көбейеді, алайда өнім бірлігіне кететін тірі еңбек шығындары мен затталған еңбек шығындарының абсолютті мөлшері қысқарады. Бұл қоғамдық еңбек өнімділігін жоғарылатудың мәні. Қоғамдық еңбек өнімділігі қоғамдық өндірістің тиімділік критерийі болып табылады. Ал жеке еңбек өнімділігіне келетін болсақ, ол бұл функцияны толық мөлшерде орындай алмайды. Мысалыға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту немесе оның ассортиментін жетілдіру мақсатында еңбек шығындарын ұлғайту қажеттілігі туады, бірақ бұл ұлғайту келесі кезекте сапалы өнімді қолдануда еңбекті көп үнемдейді.
Еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы ол өндірісті кеңейтудің негізгі шарты болып табылады. Шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, жұмысшылардың санын ұлғайту нәтижесінде жетуге болады, егер де әрбір қосымша алынған жұмысшы өнімнің өсімшесін ғана емес, табыстың өсімшесін де берсе.
Жұмысқа алынатын адамдар саны шектеулі болады. Жұмысшылар санының ұлғаюы, яғни әрбір қосымша бірлігі өнімнің сомасына аз мөлшерін қосады да өнім өсімі әрбір адам үшін азырақ болады. Сондықтан адамдар саны шекті өнімнің, яғни өнімнің максималды өсімімен, максималды мәнімен анықталынады.
Еңбектің шекті өнімі дегеніміз өндіріске қосымша бір еңбек бірлігін енгізу есебінен болатын шекті өнім. Өнімнің көлемін үздіксіз көтеру еңбек өнімділігінің жоғарылауын білдірмейді. Еңбек өнімділігі шекті өніммен анықталынады. Еңбек өнімділігі еңбек етушілердің өмірлік деңгейін сипаттайды. Өмір деңгейі өндірілген өнімнің жалпы санының өсуі есебінен жоғарылайды. Мемлекет бойынша еңбек өнімділігінің өсу қарқынын басқа мемлекеттермен салыстырып отыру керек. Мысалыға АҚШ-та шығарылатын өнім көлемінің өсу қарқынының тенденциясы халықтың жан басына шаққанда 1984 жылы басқа Жапония, Франция, Германия сияқты мемлекеттерге қарағанда жоғары. Бірақ еңбек өнімділігінің өсу қарқыны бойынша ең төмен. Бұл деп отырғанымыз еңбек өнімділігі өсуінің басты көзі болып жиналатын капитал өсімі табылады. Оның көбеюі құрал-жабдықтардың сандық және сапалық өзгерісін білдіреді. Өз кезегінде бұл-әрбір жұмысшы 1 жұмыс сағытында өнімді көбірек өндіреді деген сөз. Еңбек өнімділігі өсуінің ең жоғары көрсеткіштері Германия мен Жапонияда, ол экономиканы құрылымдық қайта құру есебінен болды.
Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі экономиканың шикізаттық бағытымен байланысты. Мұнай, табиғи газ, түсті металлдар және т.б. шикізат ресурстарының запастары азайғанынан бір жұмысшыға шығатын өнім азаяды.
Әртүрлі компания, фирмаларда бар резервтерді бағалау және еңбек өнімділігінің деңгейін өлшеу үшін бірнеше жыл бойынша еңбек өнімділігінің динамикасын білу үшін еңбек өнімділігін дұрыс (объективті) анықтау маңызды болып табылады.
Еңбек өнімділігін анықтау мен болжау жасау кәсіпорынның ішкі іс-әрекеті болып табылады. Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында еңбек өнімділігін өлшеу өндірісті тек оперативті жоспарлау кезінде ғана, операциялардың жалғасуын бірынғайға келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігі натуралды, еңбек, құндық түрдегі көрсеткіштермен көрсетілуі мүмкін. Еңбек өнімділігін анықтау, оны жоспарлау және есепке алу үшін екі көрсеткішті пайдаланады: өнім шығару көлемі бұл еңбек өнімділігін сипаттайтын, бір уақыт бірлігінде (минутта, сағатта, күнде, жылда)өндірілтін өнім санын көрсететін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш көбінесе ақшалай түрде, кей жағдайда натуралды түрде (дана, тонна, метр) белгіленеді. Келесі көрсеткіш еңбек өнімділігін анықтау үшін берілген уақыт кезеңінде (ай, квартал, жыл) бір орта тізімдік жұмысшыға орташа қанша өнім өндірілетінін көрсететін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір жұмысшыға келетін орташа өнім шығару көлемі деп аталады және еңбек өнімділігінің ең көп тараған және әмбебап көрсеткіші болып табылады.
Еңбек өнімділігінің деңгейін бір өнім бірлігіне кететін еңбек шығындары ретінде көрсетуге болады, яғни өнімнің еңбек сыйымдылығы ретінде. Өнімнің еңбек сыйымдылығы-өнімнің бір бірлігіне кететін негізгі өндірістік жұмысшылардың жұмыс уақытысы немесе белгілі бір жұмысты минутта, сағатта, жұмыс күндерінде орындауды көрсететін экономикалық көрсеткіш. Өндірістің еңбек сыйымдылығы-өнеркәсіптік өндірістік персоналдың өнім бірлігін өндіруге кететін еңбек шығындары. Еңбек өнімділігі жоғарылап, алдыңғы қатарлы технологиялар барынша қолданылып жатса, ұлттық инновациялық жүйе дами түссе, инновациялық индустрияландырудың нәтижесі сол болар еді. Сондықтан да осы күнде инновацияға, ғылымға, шет елдік технологиялық компаниялармен серіктестік орнатуға басымдық беріліп отыр. Ал егер келешегі бар жобаларға келсек, олар барлық салада кездеседі.
Ауыл шаруашылығында, соның ішінде мақта шаруашылығында еңбек өнімділігін дұрыс есептеу осы саладағы қолда бар резервтерді анықтау мен пайдаланудың ең маңызды шарты болып табылады.
Мақта шаруашылығы ОҚО-ның жетекші саласы болғандықтан осы саладағы еңбек өнімділігінің дамуы облыстың ауыл шаруашылығының қарқынды дамуын айқындайды. Осыған байланысты осы саланың еңбек өнімділігінің үрдісі мен деңгейін зерттеу оның резервтерін өсу қарқынын жеделдетудің мүмкіндіктерін анықтайды.
Капиталды шоғырландыру мен өндірісті ірілендіру үдерісі, объективті экономикалық сипатқа ие болып, өндірістік күштерді дамыту және ғылыми-техникалық өркендеудің, шаруашылықтың тиімділігін арттырудың заңдылықтарына негізделеді.
Мақта саласында еңбек өнімділігін арттырудың маңызды шарты- өндірістік факторлардың шоғырлануы, ресурстарды тиімді пайдалану.
Ауыл шауашылығында ұсақ тауарөндірушілерді біріктіру өндірістің жоғары өнімді технологиямен және пайдалылық деңгейін өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ете алатындай шаруашылық құруға мүмкіндік береді. [2]
Агроқұрылымдарды ірілендіру жер пайдалану коэффициенттері 15-18 % арттырады, өнімділігі жоғары қазіргі заманғы техника мен технологияны лизинг жолымен алудың экономикалық-қаржылық және қомақты несие алуға мүмкіндік жасайды.
Осы факторларды бір кезеңде іске қосу жолымен технологиялық жарақтану деңгейі жоғары кәсіпорындар мен агроқұрылымдар 1 жұмысшыға жүктемені 8-10 га ұлғайтуға, тиісінше еңбек өнімділігін арттыруға қол жеткізуге болады.
Еңбек өнімділігін арттырудың басты факторының бірі тауарөндіруші агроқұрылымдарды ірілендіру және бұл шара мынадай артықшылықтар береді:
- еңбекті тиімді бөлу және кооперация негізінде ұйымдастыруға;
- еңбек өнімділігін және пайдалылық деңгейін арттыру арқылы бәсекелестікке қабілетті кешен қалыптастыруға;
- ғылыми негізделген, мамандандырылған шаруашылықты ұйымдастыру және ауыспалы егіс жүйесін ендіру, егістік құрылымды диверсификациялау арқылы топырақтың құнарын және табыс түсімін арттыруға;
- озық инновациялық технологияны және жоғары өнімді техниканы, озық суару жүйелерін қолдану мүмкіндігі;
- өндіріске инвестиция бағыттауға, қомақты несие алуға, лизинг ұйымдастыруға, қорлар мен ресурстарды тиімді пайдалану және қайтарымын жоғарылатуға жол ашуы;
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын осы негіздерде жақсартуға;
Ұсақтауарлы ауыл шаруашылық құрылымдарды бірлестіруді Қазақстан Республикасы “Шаруа (фермер) қожалықтары туралы”, “Өндірістік кооперативтер туралы” және “Ауыл шаруашылық серіктестіктер мен олардың ассосациялары (одақтары) туралы” заңдарына сәйкес кәсіпкерлікті ұйымдастыру туралы келісім-шарт негіздерінде жүзеге асыруға болады. [3]
Мақта өсірудің экономикасынан белгілі болғандай, ірілендірілген шаруашылықтардың ұсақ агроқұрылымдардан артықшылығы сол, барлық өндіріс факторларын -жерді, капиталды және еңбекті пайдалануда озық және тиімді экономикалық, басқа да тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндік береді. [4]
Соңғы кезде Оңтүстік Қазақстан облысының мақта саласындағы агроқұрылымдардың жалпы өнім көлемі, егістік жер өлшемдері және өнімділігі күрт қысқарды (кесте-1).
Кесте-1 Агроқұрылымдар санаты бойынша мәліметтер.
№ | Барлығы: | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | % өсімі |
1. | Мақта алқабы мың, га | 204,0 | 200,1 | 206,1 | 179,0 | 140,0 |
68,6 |
2. | Жалпы өнім, мың тонна | 464,3 | 435,4 | 441,6 | 317,5 |
270,0 |
58,2 |
3. | Өнім шығымы, 1 га-дан центнер | 23,1 | 22,2 | 22,1 | 18,2 |
19,6 |
84,8 |
Соның ішінде:Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары | |||||||
1. | Мақта алқабы мың, га | 15,0 | 17,1 | 16,9 | 11,3 | 7,3 |
48,6 |
2. | Жалпы өнім, мың тонна | 22,3 | 22,6 | 25,0 | 14,5 |
10,4 |
46,6 |
3. | Өнім шығымы, 1 га-дан центнер | 15,5 | 13,7 | 15,8 | 13,7 |
14,9 |
96,1 |
Шаруа (фермер) қожалықтары | |||||||
1. | Мақта алқабы мың, га | 187, 7 | 182,5 | 188,8 | 167,2 | 132,7 |
70,5 |
2. | Жалпы өнім, мың тонна | 439 ,6 | 411,3 | 415,9 | 302,8 |
259,4 |
59,0 |
3. | Өнім шығымы, 1 га-дан центнер | 23,7 | 22,9 | 22,6 | 18,5 |
19,9 |
84,0 |
Жұртшылық шаруашылығы | |||||||
1. | Мақта алқабы мың, га | 1,3 | 0,40 | 0,25 | 0,46 | 0,47 |
65,8 |
2. | Жалпы өнім, мың тонна | 2,4 | 1,4 | 0,7 | 0,11 |
0,11 |
26,4 |
3. | Өнім шығымы, 1 га-дан центнер | 17,2 | 35,1 | 28,3 | 23,2 | 22,8 |
132,5 |
Жоғарыдағы кестеде көріп отырғандай, мақта шаруашылығымен айналысатын ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мақта алқаптарының жер көлемі жыл санап кемею үстінде. 2005 жылы 204,0 мың га құраған болса, 2009 жылы 140,0 мың гектарға азайғанын,сөйтіп керісінше 68,6% көрсеткен. Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа (фермер) қожалықтарының бөлініп шығу үдерісі аяқталмағанын көрсетеді. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарында тұрақты шаруашылық экономикалық жағдай қалыптаспаған. Сондықтан олардың экономикалық- қаржылық жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің төмендеуі орын алған.
Сонымен қатар шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 188,0 мың гектардан 132,7 мың гектарға дейін азайған, яғни 70,5% га.
Жалпы өнім көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 2 есеге азайғанын көруімізге болады. Егістік көлемінің ұсақталып қалыптасуына байланысты 1 (бір) гектардан алынған өнім көлемі жыл санап төмендеуде, яғни 2005 жылы орташа көрсеткіш гектарынан 23,7 центнер болса, 2009 жылы 19,9 центнерді құрады.
Жер көлемінің 31%-ға қысқаруының өзі ірілендіруді кезексіз шешімін табуды талап етеді. Сондықтан ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру арқылы еңбек өнімділігін көтеру мүмкіндіктері туындайды.
Кесте 2 – Мақта кешенінде орта және ірі агроқұрылымдардың дақылдар бойынша өнім, еңбек және ресурстардың шығыны
Көрсеткіштер | Агроқұрылымдар тобы | |
орта | ірі | |
1. Өнім, ц/га: шитті мақта
жүгері дәні жоңышқа (құрғақ шөп) |
25-27
35-40 70-80 |
28-30
50-55 90-100 |
2. Еңбек шығыны, а/сағат 1 га: шитті мақта
жүгері дәні жоңышқа (құрғақ шөп) |
986
180-280 55 |
884
150-180 48 |
3. 1 ц өнімге, адам /сағат: шитті мақта
жүгері дәні жоңышқа (құрғақ шөп) |
39,4-36,5
5,2-5,0 0,60-0,62 |
31,6-29,5
3,0-3,3 0,53-0,48 |
4. 1 а/сағат бағасы, теңге: шитті мақта
жүгері дәні жоңышқа (құрғақ шөп) |
20,2
14,2 13,6 |
20,1
13,5 12,1 |
Жаңа индустриалды-инновациялық технологиялық жетістіктерді өндіріске ендіру жолымен әр гектардан орташа өнімділікті 25–30 центнерге жеткізу, кешенді механикаландыру, жаңа техника мен агротехнологияны ендіру, соның ішінде мақтаны мәшинемен жинау деңгейін 65–70% жеткізу, қол еңбегін ығыстыру есебінен 1 га-ға еңбек шығындарын 986-884 адам/сағатқа дейін қысқарту, өзіндік құнын 15–20% арзандату, бір жұмысшыға өндірілетін шитті мақтаның көлемін яғни еңбек өнімділігі 12–15 тоннаға жеткізу негізделген. [5]
Жоғарыда кестеде – 2 мақта кешенінде орта және ірі агроқұрылымдардың әртараптанған егістік құрылымы, еңбек өнімділігі және ресурстардың шығындары келтірілген.
Еңбек шығынын 1 ц. шитті мақтаға орта агроқұрылымдарда: 39,4-36,5 адам/сағат, ал ірі шаруашылықтарда 31,6-29,5 адам/сағатқа дейін қысқарту көзделген.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе агроқұрылымдарды ірілендіру: қазіргі заманғы жоғары өнімді, бір кезеңде бірнеше операцияны орындайтын, кең қанатты агрегаттарды қолдануға,еңбек өнімділігін, өнімді арттыруға және шығындарды қысқартуға өндірістік-экономикалық мүмкіндік туындатады.