Шағын комплектілі бастауыш мектепте байланыстырып сөйлеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшелігі

1.Шағын мектептерде “Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп,жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс”,- делінген “ Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында”.Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі- еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, қазіргі мектептің алдында тұрған ең маңызды міндет- балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру,творчестволық белсенділігін арттыру.

Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізгі бастауыш сыныптарда қаланады,яғни бастауыш сынып оқушылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп,істі творчестволықпен ұтымды орындауға үйренеді.

Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа, сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын топтарға, бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша ( дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай сөйлеу ( ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір-ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.

2.Шағын мектептерде психологтардың айтуынша бастауыш сынып оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы әртүрлі оқиғаларға ,кездесулерге құштарлығы өзін ертегі кейіпкерлердің орнына қойып ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшелігі творчестволық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғарғы сатысы қиял екі түрлі.Пассивтік және активтік. Пассивтік қиялға түс көру жатады.Ал активтік қиялдың өзі қайта жасау және творчестволық болып екіге бөлінеді.Шығарма ,мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін дамытады.Өйткені кітап оқу ,түрлі суреттер көру, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдынан елестету-қайта жасау қиялының көрінісі. Ал бала қиялының бетін шындыққа бұрып оның іс-әрекетіне өз ойынан шығарғаны өздігінен тапқандарын қосып дамытуға,толықтыруға үйрету творчестволық қиялды дамыту болып табылады.Шағын комплектілі мектептерде осыған орай еркіндік тақырыпқа шығарма жаздыру т.б. жұмыстарды көбірек жүргізу бала творчествосын дамытады.