Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектлері. Урбанизация, оның тұлғаның этнопсихологиялық келбетін қалыптастырудағы әсері. Әр түрлі этникалық топтардың (оқушы, студент, жұмысшы, шаруа, зиялы және т.б) жас ерекшелік, жыныстық, кәсіптік, антропалогиялық жақтарына байланысты ерекшеліктері, мұның кәдуілгі санадан орын алып отыратындығы. Этникалық генофонд туралы түсінік.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жағандандану (глобализация) үрдісі жүріп жатыр. Оның екі жағы бар екні белгілі. Бірі — әлемдік экономикалық интеграция болса, екіншісі- рухани бірігуге бет алу. Біріншісі- біздің өмірімізге әлдеқашан енгені мәлім. Бұл обьективтік құбылыс. Оған қарсы тұруға ешқандай шара жоқ. Ал, елдігімізді, өз рухымыз бен мәдениетімізді жағандануға жұтқызуды қолға алмасақ, бұдан зор зардап шегетінімізді ештен шығаруға болмайды. Боған тосқауыл жасамасақ, бара –бара дербес ұлт болудан қаларымыз хақ. Мемлекттік тіліміз бен ұлттық тәлім –тәрбиеміздің жөнді өріс ала алмай отырғаны да осы жағандандыру үрдісінің қырсығы. Сондықтан да 300 жылдай құлдық психологияның шырмауына мықтап шалынған қазақ халқы осы мәселенің төрірегінде тек ойланып, толғанып сөз қосып қана қоймай, нақты іс-шараларды жүзеге асыруы қажеит. Ол үшін әрбір жергілікті ұлтжандылар өз қызметі саласында қолдан келген тіршілігн жасауы тиіс.
Ұлтаралық қатынастар мәдиеті-кең ұғым. Ол біріншіден, адамдардың айналадағы болып жатқан процестерге жалпы азаматтық позициядан ғылыми түсінік пен баға беруін белгілейді. Екіншіден, әрбір жеке адамның бойында адамгершілік қасиетін, халықтардың достық сезімін қалыпиасиыруды реттейді.
Ұлтардың дамуында экономикалық базаның жетілуі негізгі рөл атқарады. Еліміздегі әлеуметтік –экономикалық дамудың қайта құрылу стратегиясында көптнген кемшіліктердің жойылуын төлеп етіп отыр. Еңбек бөлінісінің обьективті құрылмауы, табиғат қорларының тиімді пайдалануы, шикі зат ара салмағының дұрыс жүзеге аспауы сияқты, факторлар республикамызда шаруашылық есепті жаппай өндіруді мен өзін-өзі қаржыландыруға көшуге түсеу болуда.
Алайда өзін-өзі басқарудың көптеген бағыттарын және республиканың экономикасын кешенді дамытудағы ықпалы арттырудың, қоғамдық өндірістің озық құрылымын қалыптастырудың көптеген мәселелері шешімін күтіп тұр. Бұл қағидаларда ең алдымен Қазақстан экономикасының шикізат өндіру бағытының басымдығына байланысты әлеуметтік жағдайдың, экологиялық күйдің нашарлауынан туатын ерекшіліктер баса көрсетілген.
Республиканың өзін -өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруға дәл бүгінгідей экономикамен көше қалған күнде салалар арасындағы сәйкессіздік, әлеуметтік және экологиялық мәселелер өзінен-өзі жойыла қоймаса анық. Ендеше, материалдық өндіріс базасын дамытудың аймақтық факторларын, шаруашылық есеп мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланып, нарық экономиканың негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы мен республика арасындағы қарым қатынасты реттеу, кәсіпорындарды сол аймақ мәселелерін шешуге белсендірек қатыстыру –бүгінгі күннің көлемі міндетті.
Нарықтық қатынастардың қарсаңында республиканың экономикалық қиыншылықтарға неліктен тап болғанын, барынша айқындап алуымыз керек. Бірінші, мұның басты екі себебі бар: олар-шикізат өндіруге бағытталып отырған экономикамыздың құрлымыздың мөшеулігі мен шикізат пен жартылай өнімдерге дұрыс баға белгілеудегі кемшіліктер. Байлығы үшін- теңіз аса қуатты республика, міне осы факторлардың салдарынан әлеуметтік даму мәселелерін өз қаражатымен шеше алмайтын дәрмессіз күйге түсті. Бұл сәйкессіздік негізінен одақтық ведомостардың төр ұғымдағы салалық мүдделері мен өктемділігінен болғаны анық.
Ұлылардан ұлағат
«Адамның жан дүниесінің шарықтап, жан-жақты
Жетілуінің қажетті шарты-сезімдерінің байлығы.
Сезімнің қораш. Солған болуы- адамның өмірін де
күңгірт, мардымсыз етіп жібереді».
Б.М. Теплов.
«Біздің жеке басымыз бақ, ал біздің ерік-жігеріміз оның бағбаны».
В.Шекспир.
«Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін
дұрыс бағалай білуі керек… Ешнәрсеге ебі, ыңғайлы жоқ қабілетсіз
адам болмайды».
Б.М. Теплов