Ұлттық психологияның құрылымдық күрделі элементтерінің бірі-ұлттық сана-сезім. Ұлттық сана сезім дегеніміз өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу.
Ұлттық сана сезім-ұлттық психология ұғымынан гөрі шағындау түсінік. Ол ұлттарды бір-бірінен ажыратып тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік психологиялық құбылыс. Ұлттық психологиядан тыс өмір сүрмейді. Ұлттық сана сезім өз ұлтының әлеуметтік этникалық мәнін түсіну, ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесін барын ұғыну, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін т.б жағдайларда жете түсіну болып табылады.
Халықтардың сана сезімдеріндегі терең айырмашылықтар олардың өмір сүру жағдайларының түрліше деңгейі, әр қилы басқыштарында болудың салдарынан. Социализм дәуіріндегі ұлттық сана сезім және оның қалыптасуы қоғамның таптық мәнімен тығыз байланысты болды. Ұлттық сана сезімнің қоғамдық өмірде өз бетінше мәні жоқ. Адамдардың негізгі экономикалық және саяси мүдделері таптық мүдделер мен таптық сана сезімдерден байқалады деген тұжырым қалыптасты.
Ұлттық сана сезімнің пайда болуы халықтардың тарихи дамуының ерекше кездерімен байланысты. Кейбір халықтар үшін феодалдық шашыраңқылықты жою үшін күрескен күрескен (Германия) , басқа біреулерінде ұлт азаттық қозғалыстары т.б. құрылыстарымен сипатталады. Аталған тарихи дамудың кезеңдері халықтар өмірінің барлық саласының нығаюына, жалпы халықтық мәдениеттің, әдебиет пен өнердің дамуына және олардың сана сезімдерінің қалыптасуына себепкер болады.
Мәселен, Ф.Энгелс Европа халықтарының Наполеон қолдарына қарсы күресі туралы айта келіп, былай деп жазды: « Халықтардың Наполеонға қарсы жаппай соғыс ашуы ұлттық сезімнің қарсы әрекеті болды. Наполеон барлық халықтардың сезімін аяққа басқан еді.»
Ұлттық сана сезімнің қалыптасуы мен өрбуі мен ұлт азаттық күресімен байланысты. Ұлт азаттық қозғалыстары ұлттық сана сезімдің салдарынан бола тұра, оның әрі қарай дамуына ықпал етеді.Ұлт азаттық қозғалыстар ұлттарда жалпы патиоттық көңіл-күйдің, эмоцияның қалыптасуына себепкер болады. Осындай құбылыстарды халықтардың сыртықы жаулардың шабуылына тойтарыс берудегі ерлігі жайлы халықтың аңыз ертегілері, батырлар жырларынан анық көре аламыз.
Ұлттардың сана сезімдерінің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рол атқарады. Ондай шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің жетілуіне ерекше әсет ететін көңіл күй, оқиғалар бейнеленеді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халықтарының тарихына үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге келтіреді.
Ұлттық сана сезімді әрбір тап өздігінше қалыптастырып, негізгі таптық мүддеге, мұқтаждыққа , тілегіне талабына сай жүзеге асыруға тырысады. Ұлт өкілі алдымен өзінің сол ұлттың мүшесі екендігін мойындамаса, оның барлық өміріндегі тарихи әлеуметтік , саяси және мәдени құбылыстарына, жеріне, еліне, халық батырларына қайраткерлеріне т.б деген мақтаныш сезімі, қуанышы болмаса онда шынайы ұлттық сана-сезімнің болуы мүмкін емес. Сондықтан біздің пікірімізше , ұлттық сана сезімді, ұлттық сана сезімді ұлттық психологияның құрылымдық элементі ретінде мойындау орынды нәрсе.
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездерінің қатарына: Отаңға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық т.б жатқызуға болады.
Темперамент жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі Ол адамдардың эмоциялық қоғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешіліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді) психиканың күші мен тереңдігінен де ( мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б)эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б) жақсы байқалып отырады.
Р.с | Темпераменттер | Жақсы жақтары | Жаман жақтары |
1 | Холерик | Шапшаң, белсенді | Ұстамсыз күйгелек |
2 | Сангвиник | Пысық, оңтайлы | Тұрақсыз |
3 | Флегматик | Ұстамды, сабырлы | Баяу,сылбыр |
4 | Меланхолик | сезімтал | тұйық |
Қызметтің түрлі салаларындағы асқан талантты адамдардың арасынан да түрлі темпераменттердің өкілдері табылады. Мәселен, А.С.Пушкин өзі де, оның сүйсіне жырлаған басты геройларының бірі – бірінші Петр де, холерик темпераментінің өкілдері болған. «Полтава соғысында» Петрдің темпераментін А.С.Пушкин былайша суреттейді
«Жалтылдап екі көзі, түсі ызғарлы,
Қимылды өте шапшаң, тым қаһарлы
Тамаша тұрған бойы бір ғаламат,
Бір өзі тәңіріңнің қаһарындай,
Адымдап келе жатты»
Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыра жүргізілгені дұрыс.
Сезім- бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері.Адам сезімі дара тұлғалық қасиет Осыған орайәр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпінде беріледі.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субьектив элементін танытады.
Сонымен сезім екі себеппен пайда болады, біріншісі-адамның обьектке қатынасын айқындайтын қажеттіліктер; екіншісі адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қабілеті.
Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістеді.
Ұлылардан ұлағат
«Мінез құлық әркімнің кейпін көрсететін — айна»
И.Гете
«Берік тәртіп ұстанбаған адам-әрқандай да мінезден құралақан адам»
Н.Шамфор
Темперамент деп….адамның жүйке саласының туыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады….Темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен өмір сүру барысында азадап өзгеріске түсіп отырады.
Төлеген Тәжібаев
Темперамент тәжірибенің арқасында ортаның ықпалымен…дамып жетіледі….ол адамның дара өзгешіліктерімен, ақылдың жетілуімен, ерік, адамгершілік сипаттарының толысу дәрежесінен, қоғамдық игілігінің қалыптасуымен байланысты және осы сипаттарға тәуелді дамиды.
Сәлкен Балаубаев