Бізді қоршаған тіршіліктегі оқиғалар мен құбылыстар өздігінен, себеп-салдарсыз болмайды. Обьективтік дүниенің даму заңдылықтары қоғамдық құбылыстардан да айқын аңғарылады. Сондықтан түрлі ұлттардың күрделі тағдырлары өзара байланысты, бір біріне ықпал етіп отырады.
Этникалық стереотиптің құрылымы мен функциясы. Автостереотиптер және гетеростеротиптер.
Этникалық идентификация (теңестіру) ұғымы, оның мазмұны.
Этникалық теңестіру топаралық және топ ішіндегі қарым-қатынастың формасы. Этникалық теңестірудің мотивациялық қажеттілік компоненті. Оның өзгеріске түсіп отыратындығы (Г.У Солдатова). Әлеуметтік тұрақсыздық жағдайындағы эникалық теңестіру (Т.Стефаненко).
Этнопсихологияның негізгі категориялары. Этникалық тұлға этнопсихологияның негізгі категорияларының бірі. Этникалық тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктері. Қабілет пен темперамент саласындағы этнопсихологиялық өзгешіліктер. Этностың өзіндік сананы қалыптастырушы жүйе екендігі.
Қоғамдық сана құрылымындағы ұлттық психология. Ұлттық психологияның құрылымындық элементтері: көңіл күй мен сезім, құндылық, қызығушылықдық пен қажеттілік т.б.
Ұлтық мінездің-этнопсихологиялық құрылымды анықтаушы элемент екендігі. Психикалық тұрпат және ұлттық мінез. Ұлттық өзіндік сана және оның компоненттері. Ұлттық сана-сезімнің өзгеріске т.суі. Қазақстандық патриотизмнің этнопсихологиялық негіздері.Пәнаралық этнопсихологиялық ұғымдар (мәңгурттік, маргиналдық тұлға, архетип, менталитт, этникалық сәйкестену, этникалық центризм, этникалық төлеранттылық, т.б.).
Табиғат пен тарихтың сан қилы кереметтерінің бірі адам баласының ұлттық және этникалық өзгешілік сапаларын жасап шығаруы. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері өзгермейтін рухани қасиеттер емес. Ол халықтардың түрлі өмір сүру жағдайына, әлеуметтік-экономикалық және географиялық орталардың шарттарына байланысты қалыптасады.
Буржуазиялық этнопсихологтардың теориялық көзқарастары империализм дәуіріндегі философияның реакциялық бағытта қалыптасуымен байланысты. Олар халықтардың психологиялық ерекшеліктерін империалистердің мүдделері үшін пайдалануға тырысады.Қейбір буржуазиялық зерттеушілер, әсіресе социал-реформистер ұлттық психологияның ролін асыра сілтей көрсетеді. Ұлт мәселесіндегі негізгі әрі шешуші қасиет ретінде психологияның бірлігін ұсынады. Ал американдық этнопсихологтар адамдардың психологиялық табиғатының өзгермейтіндігі жөніндегі идеяларды дәлелдеуге тырысады. Олар Қоғамдық өмірдегі тарихи өзгерістер халықтардың психологиясына болар болмас қана әсері бар немесе жоқ деген пікірде.
Ұлттар психологиясы тұрғысындағы пікірлердің таласты таласты ойлар, тұжырымдар екендігін кезінде Густав Шпет өте орынды бағалаған еді. Ол этникалық психологияның шұғылданатын тиісті саласы мен мақсаттарын анықтап алуды қажет тапты. Бірақ ұлттар психологиясына талдау жасауды ұсынғанымен Г.Шпет өзін ің бір жақты мүддесіне ұзап шықпады. Оның пікірінше, ұлттық мінез құлық ұлттық қауымдасудың мүшелері болып есептелетін жеке адамдардың мінездерінің көріністері ғана. Кейін оның осы тұжырымдары ұлттық психологияда нәсілшілдердің қоныс тебуіне ыңғайлы жағдайлар туғызып, оларға сылтау болды.
Ұлттық психологияның ерекшеліктерін түсіндірудің әдістемелік негіздерінің бірі- оның табиғатын және жалпы адамгершілік, топтық әлеуметтік, ұлттық ара қатынасын ажырата білу. Халықтардың психологиясы ұлттық рухани бейнесінің маңызды жағының бірі болып есептеледі. Ұлттардың рухани бейнесінің екі жағы бар:
Идеологиялық және психологиялық.
Оның идеологиялық жағына: әдебиет , өнер,философия, дін, т.б
Психологиялық жағына : психология, ұлттық сезім, әдет ғұрыптар жатады. Ұлттық психологияның ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайдың шарттарына лайық қалыптасады. Соның әсерінен әрбір адамда ұлттық мінез құлықтық, сезімнің көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болады.
Ұлылардан-ұлағат
«Кімде кім басқалардың бақытын ойлап, өз ғұмырын сарп етсе, оның жаны
сұлулана түсіп, жұлдызы жанады»
В.А.Сухомлинсуий
«Намысқор кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау-масқара болушылық.»Б.Момышұлы