Этнопсихологияның теориялық негіздері

Этнопсихология – қазіргі психология ғылымының кенжелеу дамыған салаларының бірі. Ол адам психологиясының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінезін, этностық сана-сезімінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Еліміз егемен мемлекет атанып, тәуелсіздіктің сара жолына түскен шақты ұлттық факторларды ескерудің маңызы ерекше артып отыр.

Осы айтылғанға орай жұртшылықтың этнопсихологиялық мәселелерге көңіл аударуы заңды құбылыс екендігі хақ. Этнопсихология дәрісінің төмендегі шағын бағдарламасын жасау осындай талап тілектен туған.

.Мұнда жалпы этнопсихология мәселелерімен қатар, Қазақстандағы ұлттық-психологиялық жәйттерге байланысты аймақтық материалдар да көрініс тауып отыр.

Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік мәні нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау-барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.

Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б тәрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез құлқы, іс әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология-психикамен мінез құлықтың қанға «сіңген» тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология-адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам мінез құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтседе, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.

Энопсихология- әр халық пен тайпаның өзіне тән тыныс тіршілігінен туындайтын (тіл, дін,әдет-ғұрып, салт-дәстүр, миф т.б) психологиялық ерекшеліктердің жүйесін зерттейді. Сондай-ақ ұлттық мінез-құлықты, халыққа тән жан дүниесінің өзгешіліктерін қарастырады. Ол жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь,Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды.Оның «халық рухы» дейтін ұғымы жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б) сан алуан.

Иконграфиялық жазба ескерткіштердегі этнопсихологиялық идеялар. Халықтар психологиясының табиғи факторлардан тәуелділігі туралы антикалық ғалымдардың (Аристотель, Платон, , Страбон және т.б) пікірлері. Гиппократ халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы. Оның «ауа, су, жер туралы» еңбегінің мәні. Геродот, Тацит, Ксенофонт, т.б.этнографиялық очерктері және және оның этнопсихологиялық ойлардың дамуы үшін маңыздылығы.

М.Монтескье (1689-1755) географиялық детерминизм теориясының негізін салушы. Оның «Заң рухы туралы» еңбегінің этнопсихологиялық ой-пікірлердің дамуы үшін маңызы.

К.Гелвеций (1715-1771) халықтық мінездің елдің әлеуметтік-саяси тарихына тәуелді болатындығы. Оның «Ұлттық мінез туралы» кітабыеың маңызы.

М.Канттың (1724-1804) «халық », «ұлт», «халықтық мінез» ұғымдарына берген анықтамасы. М.Кант ұлттық мінез бен темперамент туралы.

И.Гердер (1744-1803) әр түрлі халықтар мәдениетінің ерекшеліктері, табиғат пен қоғам тарихы заңдылықтарының бірлігі туралы идеялары. Оның «Адамзат тарихы философиясына идеялар» атты еңбегінің мәні.

Сонымен Этнопсихологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар әлеуметтік процесс болып шықты. Оның қалыптасуы әрбір халықтың өмірімен біте қайнасып, әр-түрлі себеп салдар нәтижесінде туады. Сайып келгенде өнегелі қасиеттерімен қосыла қарама-қайшы психологиялық дағдыларда болды. Бұл айырмашылықтарды таптық негіз құрайды. Әрбір халықтың өмір сүрген географиялық ортасы, айналысқан шаруашылық дәстүрі мен оған бейімделген дағдысы бір-бірінен оқшау тұрады. Сонымен қатар түрлі халықтардың қарым қатынастық жағдайларында ескеруіміз қажет.

Ғылыми әдебиеттерде ұлттық психологияның табиғаты мен таптық мәні туралы түрлі пікір таластар жеткілікті. Осындай пікір айырмашылықтары оның анықтамасын беруде де кездеседі. Ұлттық психологияның ерекшеліктері дегеніміз-халықтардың тарихи дамуының өзгешілігі мен әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірінің алғы шарттарына байланысты қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыста, дәстүрлер менг әдет ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім-әрекеттің көрінісі.

Соңғы кездері қазақ психологиялық ой-пікір тарихы жаңа ғылыми деректермен толысып отыр Осыдан 500 жылдай бұрын ортағасырлық ғұлама-ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты үлкен еңбек жазыпты. Мұнда шипагерлік (дәрігрлік) мәселесімен қатар қазақ тарихы, тіл, әдебиет, этнография, анатомия, фихиология, медицина, философия ғылымдарынан да мағлұмат берілді. Осынау еңбекте психология саласынан да көптегн қызықты деректер мол. XVIII ғасырда өмір сүрген Тауасарұлы Қазыбек бектің « Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты еңбгі тек сол кездің рухани өмірін ашатын төл туынды ғана емес, ол сондай-ақ халқымыздың ұлттық психологиясынан көптегн тың мағлұматтар бертін кемел дүние. Бұл айтылғандарды зерттеп, жұртшылық кәдесіне жарату алдағы жердегі зерттеу жұмыстарының басты міндеттері болып отыр.

Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар Шал, Дулат, Мұрат,Махамбет т,б. Қазақтың күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларының әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғап, жан мен тән, өмірдің сан алуан қыр сыры туралы толғаныстарының, ақыл кеңес, өсиеттерінің қазіргі жастарымызға тәрбие беру үшін маңызы зор.

Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ғұлама ойшылдардың адамның жан-жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірмен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүр, салт-сананы, өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер.

Халқымыздың жан сыры жайлы ұғым-түсініктері түрлі кезде жазылған ғылыми трактаттарда, діни қисындар, ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінде (мақал-мәтел, айтыс, терме, жұмбақ, т.б) поэзия мен халық медицинасын қосарласа дамып келген.

Ұлттардың психологиясын өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды. Қоғамдық дамуға, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, белгілі қасиеттерг жаңаланып отырады.. Оған мысал ретінде социализм құрылысы жылдарындағы қазақ халқының өміріндегі ұлттық психологияның өзгерісін айтсақ та жеткілікті.