Ақыл-ой тәрбиесін және жалпы мәдениетті көтеру- оқушыларды біліммен қаруландыру, ойды таным және творчестволық қабілеттерді дамыту, ақлыой жұмысы мәдениетін бойға сіңіру міндеттерін алға қояды. Ақыл-ой тәрбиесі процесінде интеллектуалдық қызметке деген ынтаны дамыту едәуір орын алды.
Ақыл –ой тәрбиесінің мазмұнын табиғат ,қоғам және адам туралы, қазіргі кездегі өндірістің негіздері жайлы білімдер құрайды. Мектеп ең алдымен ең жаңа және дұрыс білімдермен қаруландыруы тиіс. Немістің прогресшіл педагогы А.Дистевегтің айтуынша , дұрыс білім алмау білмеуден де жаман. Ақыл-ой тәрбиесі мазмұнына сондай-ақ дербестік ,инициативалық , байқағыштық, алға қойған мақсатқа жетудегі табандылық сияқты қасиеттерді бойға сіңіру жатады. Мұның бәрі ақыл-ой қызметінің белсенділігін арттыруға, білімдерді берік те тиянақты меңгеруге жағдай жасайды. Ақыл-ой тәрбиесі мазмұнында қабылдау, ес , елес, ойлау, сөйлеу, көңіл бөлу сияқты психологиялық процестерді дамыту едәуір орын алады. Білімге деген тұрақты ынтаны ,білімді толықтырып отырудың да маңызы зор. Н.К.Крупская 1922-жылдың өзінде 1-сатыдағы мектептердің міндеттерін аша отырып, былай деп жазды :” Мектеп ең алдымен балада айналадағыға деген талпынысты , белсенді ынтаны жаратылыстану саласында да құбылыстарға деген және фактілерге деген зерттеушінің ынтасын ояту тиіс.”
І сатыдағы мектептің тәрбиелік екінші міндеті –баланы өз ойында пайда болған сұрақтарға жауапты кітаптан ,ғылымнан іздеуге үйрету. Балалық шақтағы білуге құмарлық пен талаптылық білімді жақсы меңгеруге көмектесіп қоймайды, ақыл-ой қуатының дамуына жәрдемдеседі.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті –ақыл-ой қызметіне ,білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту.
Мектептегі жылдарда тек есті ғана емес, ақылды да жаттықтыру керек. Өз бетімен ойлай білуді , тапқырлықты алған білімді ой елегінен өткізе білуді дамыту – ақыл-ой тәрбиесінің өте маңызды міндеті. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнына тек біліммен ғана емес оны іздеу мен практикада қолданудың әдістері мен қарулану да енеді . Оқушылардың бойына оқу іс-әрекеттерінде және күнделікті өмірде білімді өз беттерімен игеру және қолдану іскерліктерімен дағдыларын сіңірудің , олардың білімін үнемі толықтырып отыру қажеттілігін дамытудың , өз бетімен жүйелі түрде білім алып отыруға үйретудің маңызы зор.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады.
- Құқықтық межелер , құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.
- Тұлғалық , педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту ;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат ,бүкіл халық қатысуы қажет.
- Жеке адамның , бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеруі.
- Заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі ,тұрғысынан кіршіксіз таза болуы.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арсында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқық тәрбиесі адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Ал құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жаңдайына ғана зейін аударады да , ал құқықтық талаптары мойынндамаған көп жағдайларды байқамайды . Мектеп оқушысының өзін қоршаған орта мен қарым-қатынасының түрі көп. Ал сол қарым-қатынастарының құқықтық негізі бар екенін біле ме ? Мысалы, оқушы сатушыдан балмұздақ сатып алу үшін тиісті теңгесін берді. Сатушы балмұздақтың ақысы төленседе бермей қойды. Әділдік пе? әлде Жәбірлеу ме ? осындай кінәлаудың бірнеше түрлерін келтіруге болады. Құқықтық мәдениеті дұрыс қалыптасқан оқушы қалай ойлар еді ? Ал сатушының бұл қылығы құқықтық тәртіпті бұзу деп түсінер еді.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің ереуіл кемшілігі. Қоғам өмірінде қабылданған заңдарда хабардар болу құқықты ұғынудың жоғары деңгейі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершілігінен құтқармайды. Ал, заң оны оқушы біле ме , білмей ме оған тәуелсіз қызметін атқара береді. Ал құқықтық мәдениет оқушыдн жан-жақты құқықтық білімдер талап етеді.
Мысалы, оқушыға мұғалім ауланы тазарту жөнінде тапсырма береді .Тапсырманы орындауға қажетті құрал жоқ. Оқушы мектептің қоймасынан керекті құралдарынан пайдаланды, рұқсатсыз. Уақыт өткен соң шаруашылық қызметкері оқушыны айыптайды. Мұнда кімдікі дұрыс ?