Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипат пен қараушылық, жолдастықпен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынсын, қоғам игілігі үшін материялдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбишілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтыру мен / спортпен / үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттерітұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Оны жүзеге асырудың қандай жолдары меншарттары бар?
Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұймдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б. көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материялдық та жағдайлар жасау қажет.Ол үшін:
- Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
- Оқу-тәрбие беретін мекемелердің материялдықтехникалық базасын үнемі жақсартып отыру;
- Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;
- Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәдениет сарайлары, кітапханалар, лекторийлар т.б. ұғымды ұйымдастыру;
- Жастардың денсалығына қамқорлық жасау, оларды жаппай дене тәрбиесімен күнсайын айналысуын .насихаттау, мүмкіншілік жасау. Спорт секцияларын ұймдастырып, спорт залдарын қажетті жабдықтар мен қамтамасыз ету;
- Халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-жағдайын, материялдық ахуалын жақсарту;
- Тәрбие процессінде халықтық педогогиканы кеңінен пайдалану. Аға ұрпақтың әлеуметтік тәжрибесін меңгерту;
- Жастардың бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру, өздері қалаған шығармашылық жұмыстармен айналысуға барынша қолдау көрсетіп, жағдайлар туғызу;
- Тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Олай болса, жан-жақты үйлесімді дамыған адам деп- өзінің бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана-сезімі жоғары, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және қаректшіл тұлғаны айтуға болады.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процессінің тиімділігін одан әрі жетілдіру еркше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезңінде айқын басымдылыққа ие.
Мұндағы мақсат-өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзірлеу. Ендеше тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағынан дамыту, оның тек жеке басының қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемейді, сонымен бірге өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүддесінде қорғайды.
Сондықтан да бүгінгі демократияландыру және гуманитарландыру жағдайындағы қоғамда жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді жетілдіру мәселесі үнемі әлеуметтік-педогогикалық мәселе боп қала бермек.
Ғылым – жаңа деректермен үнемі толығып отырған жағдайда ғана ғылым әрі ол үнемі дамып отырады. Ол өз кезегінде «әдіснама»( методология; грек. Metodos — зерттеу жолы, теория, ілім және … логия / 5,36/) деп атала тын теориялық принциптерге байланысты толығып, жетіліп отырады. «Методология – ғылыми таным әдісі; ғылымда қолданылатын негізгі принциптер » /5,37/. «Методология – бұл теориялық және практикалық әрекетттерді ұймдастыру тәсілдері және принциптердің жүйесі немесе жиынтығы» /6,365/
Олай болса, «Методология» грек тілінен аударғанда « әдістер туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. «Метод» немесе «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге қол жеткізудің жолы ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология- зерттеу процесі туралы ілім ретінде түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философмялық жүйемен байланысты .
Педогогикада- тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттілік, мәдениетшілдік (культурологический), жүйелілік, кешенділік ( комплекстныий), ықпалдастық, біртұтастық ( интегрированный), этнопедогогикалық, антропологиялық секілді әдіснамалық принциптерінің жүйесі қалыптасқан.
Тұлғалық – бағдарлық көзқарас адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы принципті баяндайды. Ол тұлғаны тарихм-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды.
Іс — әрекеттілік көзқарас тәрбие процесінде тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші фактоыр болып есептелінеді. Бұл сана және әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көзқарас педогогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттері барысында тұлғалық –бағдарлық прициппен тығыз қарым- қатнаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді.
Мәдениетшілік (культуралогиялық) көзқарас. Бұл нақтылы-ғылыми әдіснамалық таным ретінде және пдогогикалық ақиқатты жаңғыртуда өзінің негізі аксиологиясы – жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпы адамзаттық мәдени құндылыққа негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет және аймақтық дәстүрлерді құрайды. Сондықтан да ол тұлғаның өз ұлты және туысқұан халықтар мәдениетән оқып-білуі, одан әрі жалпы адмзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етуді көздейді.
Жүйелік көзқарас бірден бір әдіснамалық принцип болып есептеледі. Оның мәні педогогиканың жекелеген элементтерін бір бірінен оқшау қарастырмайды, керісінше олардың бір-бірімен өзара қамтамасыз етіп, бірыңғай жүйе құрады. Сондықтан да жүйелік жүйелік көзқарс жекелеген педогогикалық элементтерді құрастыратын жүйелік қасиет және сапалық сипаттаманы тудыруға мүмкіндік береді.
Ықпалдастық немесе біртұтастық ( Интегрированный подход) көзқараста тұлғаны қалыптастыру тәрбие әрекетінің негізі компоненттерінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді қарастырады. Бүгінде тәрбиедегі тұлғаны жан-жақты дамыту идеясында жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеру, соның ішінде ақыл-ой мәдениеті, зияттық мәдениет, политехникалық және еңбек мәдениеті мен тұлғаның кәсіби бағдары, адамгершілік мәдениенті, саяси және құқық мәдениеті, эстетикалық және дене, экологиялық және экономикалық мәдениет, дәстүрлі және этнопедогогикалық мәдениетті қамтиды.
Этнопедогогикалық көзқарас қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет педогогика мен халықтық тәрбиенің бірлігін, этностық тәрбиенің сипаты мен өзгешелігін және оны мазмұндау, адмзаттың көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педогогикалық құндылықтарды практика жүзінде қолдана алу қажеттілігін анықтайды,
Антропологиялық көзқарас тұңғыш рет К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылған және дәлелденген. Оның көзқарасынша – бұл барлық ғылым салаларындағы адам жайында деректерді жүйелі түрде пайдалану, оларды есепке алу және педагогикалық процесте жүзеге асыру. Сондықтан да К. Д. Ушинскийдің «Егерде педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оны барлық жағынан білуі тиіс.» пікірі бүгінде педагогика ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып саналады.