«Шығармашылық бұл іс-әрекет, соның нәтижесінде жаңа материалдық немесе рухани байлықтар жасалады». Бүгінгі оқушылар — ертеңгі жаңа қоғамнын құрылысшылары. Өмірінің алдына енді ғана қойылайын деп отырған міндеттерді шешетін адамды бүгін даярлау — мұғалімдердің жауапты міндеті. Ол жедел дамып келе жатқан қоғам қажетін алдын ала көре білуі, оның алдағы уақытта еңбек адамына, бүгінгі мектеп партасында отырғандарға қоятын талабьш көре білу тиіс. Адамның бүкіл әлемге, басқа адамдарға, өз еңбегіне деген көзқарасын қалыптасыру — ол жасайтын ең басты рухани байлық. Мұғалім осы күрделі міндетті іс жүзінде шеше отырып, жаңа шешімдерді іздестіруге, жаңа міндеттерді қоюға, жұмыстың стандартсыз әдісін қолдануға үнемі әзір болуы тиіс. Педагогикалык шығармашылықтың белгісі — міне осында.Педагогикалық қызмет те әр алуан педагогикалық міндетті шешуді қарастырады. Педагогикалық міндеттерді дұрыс шешуді үйрену болашақ мұғалімге оңайға түспегенімен, өте қажетті, өйткені мұндай әрбір шешімнің өзі — күрделі, көп кезеңді, шығармашылық процесс.Шығармашылықтың өзі міндетті қоюдан басталады. Өйткені педагогикалық міндетті есептен шығара алмайсың, әрі оқулықтық соңында оған жауап таба алмайсың. Балалармен қарым-қатынас жасау, олардық оқу жұмысы мен өнімді еңбегін, қоғамға пайдалы іс-әрекеті мен көңіл көтеруін ұйымдастыру арқылы мұғалім олармен тікелей бірлесіп әрекет етіп, еңбекке, білімге, жолдастарына, мектепке деген көзкарасын, мінез-құлқы мен қылығын ойлауы мен ерік-жігерін танып біледі. Осы бақылаулардың өзі педагогикалык міндеттерді қоюдың негізіне айиалады.Педагогикалык міндетті дұрыс қою үшін тәрбиеленушілерді жақсы таньш білуің, өз қызметіңнің нақты мақсатын белгілей алуың қажет. Әрбір мұғалімнің тек өзіне ғана тән «педагогикалық міндеті» болады — бұл оның оқушысының өмірі.
Педагогикалық міндет қойылғаннан кейін педагогикалық ықпал әдістерін жобалау кезеңі басталады, яғни мұғалім балалармен алдағы практикалык жұмысты жоспарлайды. Мұндайда онын, басты көмекшісі — педагогиканы, психологияны, оқыту және тәрбиелеу методикасын білу. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім жаңа, әдеттен тыс шешім қабылдауға, іс-әрекеттің барлық жағдайын барынша толық пайдалануға, балалардың мүмкіндігі мен қажетін ескеруге тырысады. Ғылым мұғалімге тым көп те, тым аз да береді деуге болады. Тым көп дейтініміз — нақты педагогикалық жағдайда шешім қабылдау үшін ондағы берілгеннің барлығын пайдаланудын, қажеті болмайды. Тым аз дейтініміз — мұғалімнің нақтылы педагогикалық міндеттерді шешуіне қажеттінін барлығын бере алмайды және беруі де мүмкін емес.Сан алуан педагогикалык міндеттерді үш үлкен топқа бөлуге болады: стратегиялық, тактикалық және оперативтік.
Стратегиялық міндеттер — бұл ең ірі, ең үлкен міндеттер, оны шешу тәрбиеленушілердің жеке басында, олардың өмірге, еңбекке, бір-біріне деген қарым-қатынасында елеулі өзгерістер тудыруы тиіс. Мұндай міндетті шешу — демек педагогикалық мұраттын белгілі бір шебіне жуықтау деген сөз. Ол үшін педагог тәрбиелік ықпалдың тұтас жүйесін жобалайды. Стратегиялық міндеттерді шешу көп жағдайда ұзақ уақытты қажет етеді.
Стратегиялык міндет тактикалық міндет жүйесі арқылы нақтыланады, ал оны дәйекті шешу алға қойылған стратегиялық иақсатты қамтамасыз етуі тиіс. Мәселен, саналы тәртіпке тәрбиеленумен жұмыс істей отырып, класс жетекшісі мынадай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: оқушылардың оқу тапсырмасы мен қоғамдық тапсырманы тиянақгы орындауына баулу; тәртіп бұзушылыққа жол берілмейтіндей етіп оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; оқушылар коллективінде тәртіп бұзушылықтың барлық жағдайына белсенді қоғамдық пікір туғызуды қалыптастыру; осы жұмыстарға окушылардың өздері басшылық ету ролін арттыру т. б. Бұл міндеттердІ шешу ушін педагог класпен және жекелеген оқушылармеп міндет және жауапкершілік туралы әңгіме, диспут еткізуді, ата-аналар жиналысын шақыруды, осы бағытта онық класында сабақ беретін бүкіл мұғалімдер жұмысьш үйлестІрудІ, қамқорлыққа алған кәсіпорынның еңбек ұжымымен ынтымақтасу мүмкіндігін қарастыруды т. б. жоспарлай алады.
Іс-әрекеттІ жоспарлаудан оны тікелей орындауға көшу — бұл тактикалық міндеттен оперативтік міндетке ауысу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында өзін тану, өзіне-өзі бақылау жасау арқылы ғана режимнің керек, қажетті екендігін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, стихиялы өткізуден аулақ болады.Оқу еңбегінің басты ерекшеліктерінің бірі — тұтыну еңбегі деп аталады, соньмен қоса еңбек кең ұғымда алғанда жасампаздық еңбек. Егер адам өзінің саналы өмі-рінің елеулі бөлігін дәл осы тұтыну еңбегіне — оқушылардың білім алуыпын. кез келген сатысындағы басты еңбегіне— жұмсамаса, онда қоғам прогресін қамтамасыз ету мүмкін емес. Оқу енбегі қаншалықты саналы және тиімді ұйымдастырылса, болашақ қызметкердің кез келген саладағы еңбек өнімділігі де едәуір мөлшерде соған байланысты болады.Оқу еңбегінің екінші ерекшелігі — оның жоғары дәрежедегі әр алуандығы. Әдетте, кез келген маманданған еңбек тіпті нағыз творчестволық еңбектің өзі, ондағы пәндік мазмұнға бағындырылған, ал ондағы әр түрлі курстарды оқып-үйренетін студент сан алуан жалпы оқылатын және нақты оқылатып іскерлік пен дағдыны игеруіне тура келеді. Осыған орай оқу іскерлігін — жалпы және арнайы мамандықтың кең ауқымдағы әте күрделі жәнеде сонымен қоса аса қажетті, әрі нақты міндеттерді мүмкіндігінше жоғары деңгейде меңгеруді қажет етеді.Күнделікте өзіңіздід балалармен, олардын ата-аналарымен жүргізген жұмысыңызды, мектеп педагогтарымен кездескеніңізді жаза отырып, сіз оны мамандықты өзідціе талдаудын, құралы ретінде пайдалана аласыз. Болашақ маманның қалыптасуында мамандықты өзінше талдаудың зор ролі бар. Өзіңше педагогикалық талдау, әрине, табыс пен сәтсіздік фактілерін тіркеу ғана емес, оның міндеті — ондағы нақты, шынайы себептерді ашу. Міне, осыны шешуде педагогикалық бақылау күнделігі жәрдемдеседі және де онда тек осы фактілер ғана емес, оның себептері, оны жан-жақты талдаудың нәтижелері туралы да ойларыңыз тұжырымдалуы тиіс.Орыстың ұлы педагогы К- Д. Ушинский былай деи жазды: «…Педагогикалық тәжірибелілік дегеніміз не? Бұл тәрбиешінің басынан кешкен тәрбиелеу факторының көптігі немесе аздығы. Алайда, егер осы фактілер тек факт күйінде ғана қалса, онда бұл, әрине, тәжірибелілік емес. Оның өзі тәрбиешінің ойында әсер етуі, онда өзінід сипаты жағынан жіктелуі, жинақталуы, ой туғызуы жәнеде фактінің өзі емес осы ой педагогтың тәрбиелік іс-әрекетінің ережесіне айналуы тиіс».
Педагогнкалық тәжірибелілікті бұлайша ұғыну, кейбір мұғалімдер практикалық жұмыста мол тәжірибесі бола тұра, өзінің педагогикалық қызметінде ойдағыдай нәтижеге жетпеу себебін түсінуге мүмкіндік береді. Әрбір мұғалімнін, мектепте шешуге тура келетін міндеттері қоғамнын нақты дамуыньщ, өз азаматтарының білімділігі мен тәрбиелік талабының, мектеп қызметінің деңгейін айқындайды. Мұғалімнің шығармашылық ізденісі мектепке деген қоғам қажетін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.Қажымас еңбегі, үнемі ізденісі, балаларды шынайы жақсы көруі және мектепке деген адалдығы — мұғалім-шеберлердің көрнекті жетістігінің қайнар көзі. Олардың барлығына тән қасиет — оқушыларына деген шьнайы демократизмі, өз пәнін терең білетіндігі, өте жоғары шығармашылық белсенділігі және қоғам алдындағы, халық алдындағы өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілік сезімі. Алайда нағыз тәжірибелі, әрі іскер педагогтың өзі жеткен жетістігіне мастануға хақысы жоқ. Мектептегі әрбір жаңа күн, жаңа проблемалар әкеледі, шығармашылық ізденісте жаңа бағыттар береді. Жекелеген мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелері мұғалімдердің ұжымдық тәжірибесіне, олардын, ұжымдық ақыл-ойына кұйылады жәнеде жоғары оқу орындарында кәсіптік даярлық процесінде оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен методикасы түрінде болашақ мұғалімдерге беріледІ. Алайда жанды педагогикалык өмір кез келген толық жәнеде жетілдірілген теорияға қарағанда әрқашанда анағұрлым кең әрі бай, сондықтанда мұғалім жұмысында педагогикалық тәжірибемен тікелей танысудың зор маңызы бар. Газеттер мен журналдарда жариялаиған мақалалар, радио мен теледидардан берілген хабарлар, деректі және ғылыми-көпшілік фильмдер, озат мұғалімдер, педа-гогикалық еңбектер туралы кітаптар — педагогикалық ғылым мен практиканың озық жетістіктері туралы таптырмайтын білім көзі.Шығармашылықпен жұмыс істейтін, балалар өмірін терең білетін және түсінетін педагог өз тәрбиеленушілерінің жадында қызмет етудің, азаматтық өнегеліліктің, нағыз адамның, үлгісі ретінде мәңгі сақталады. МұғалІм — бұл әдеттен тыс қалай естілсе де — болашақтан бүгінгі күнге келген елші жәнеде өз іс-әрекетінің болашаққа қызмет ететінін түсінгенде ғана, ол өзінің кәсіптік міндетін ойдағыдай шешетін болады.