Адамды қоршаған жасанды және табиғи ортаға, өмір ырғағы мен стиліне, әлеуметтік топтар арасындағы өзара кәрым-катынасқа ғылыми-техникалық прогресс елеулі өзгеріс енгізді, адамдарға жаңа мүдделер мен қажеттіліктер туғызды. Әлемде информация тасқыны көбейді. Бұқаралық информация құралдары — газеттер, журнал-дар, радио, телевидение кең өріс алды.Осының барлығы, бүгінгі мектеп оқушыларына үлкендермен, соның ішінде мұғалімдермен өзара қарым-қатынасына әсер етпей қоймайды. Оқушылар үшін мектеп біржақты информация көзі болудан қалып барады мұғалімдер өз шәкірттерінің бүкіл адамзат ілімімен қаруланғанын көре бастады. Іске жаны ашитын, мектеп өмірі мен педагогикалық практикадағы келеңсіз құбылыстарға төзбейтін озат мұғалімдердің тәжірибелерінде балаларды педагогтармен бірге оқу енбегіне қатыстыруға негізделген педагогикалық ынтымақтастық деп аталатын принциптер пайда болды және қалыптасты. Өз еркімен оқыту идеясына негізделген педагогикалық ынтымақтастық принциптері өте қиын жол, сабақтарда «тірек», «таяныштарды», басып озу тәсілдерін пайдалану, жұмысты бағалау, өзін-өзі талдау, ұжымдық шығармашылық тәрбие, кластың интеллектуалдық ортасы, өзін-өзі басқарудың творчествосы, шығармашылық өнімді еңбек, ата-аналармен ынтымақтастық, мұғалімдер ынтымақтастығы т. б. мектептегі педагогикалық процестін творчестволық дамуы үшін кең жол ашады. Осы процестердің ерекшеліктерің ондағы өзгерістерді сергек сезіне білу және осыған сәйкес өз қызметін дер кезінде жолға қоя білу үшін қазіргі мұғалімдерге алғыр ойлы болуды, нақтылы тәрбие ықпалын жасай білуді талап етеді. Демек мұның өзі — тәрбиені оқушыларға жекелей ықпал ету негізінде құру керек деген сөз. Мұндайда оқушылардың жас ерекшеліктерін де, олардың, дербес жетілуін де білу қажет.
Балалар өміріндегі өзгерісті кезең — мектепке бару. Осы кезден бастап оның негізгі ісі оқу болады. Ал оқу дегеніміз үлкен еңбек. Көп жағдайда балалар өзінің ой-лағанын емес, қажетті деген нәрсені істеуіне тура келеді. Психологтар былай деп атап көрсетеді: төменгі класс окушыларының өсіп жетілуінің негізгі қозғаушы күші оқушының жеке басына, оның ықылас-ілтипатына, есте сақтауына, ойлауына және психикалық жетілу деңгейіне оқу жұмысының, мұғалімнің ұжмдық қоятын талабына байланысты. Бастауыш мектеп жасында адамгершілік мінез-құлық негіздері қалыптасып, моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді, олардың жеке басында қоғамдық бағыт қалыптасады.Төменгі класс окушыларында жоғарғы нерв қызметінің технологиялық ерекшеліктері көрініп, кейіннен оның өзі өмірде қалыптасқан мінез-құлықтың үйреншікті формаларымен бүркемеленеді.
Ұялшақтық, тұйықтық нерв жүйесінІң әлсіздігінен; албырттық, төзімсіздік — тежеу процесінің көрінісінен; реакцияның баяулығы мен істегі тұрақсыздығы — нерв процесінін шамалы қозғалғыштығынан болуы мүмкін. Нерв жүйесі өте икемді және сыртқы әсерден біршама өзгеруге қабілетті келеді. Сондықтанда мектеп оқушыларын өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастырудын зор маңызы бар.Төменгі класс оқушыларында байқалатын жалпы ерік кемшілігі — оның алдына қойған мақсатына жетуге, қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге төзімі шыдамайды. Кейде семьядағы теріс тәрбиенің және мұғалімнің қатаң талабына деген қарсылығының нәтижесінде балада қыңырлық, қасарысушылық байқалады. Бұл жастағы балалар ықыласты және білуге құмар, бірбеткей және сенгіш, әрі еліктеуге бейім келеді. Бұл жастағы балалардың сезімі нәзік-қуаныш, қайғыны, ренішті т. б. дереу, әрі ашық, білдіреді, сезімі өте толқымалы келеді.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өнегелі мінез-кұлық үлгісінде тәрбиелеуге зор мүмкіндік бар.
Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі жағынан алғанда жасөспірімдік жастың біршама өзгешелігі, ерекшелігі бар. Мұны өзгермелі, өтпелі кезең деп есеп-тейді, өйткені осы кезең ішінде оқушыда психикалық және физикалық процестердің, іс-әрекетінің, жеке басының түбірлі өзгерістеріне байланысты болады. Сондықтанда қарым-қатынас формаларын, іс-әрекетін ұйымдастыруды, мұғалім мен оның төңірегіндегі ересек адамдар та-рапынан басшылық етуді өзгертуге тура келеді.Жасөспірімдік жаста әсіресе акселарация ерекше әсер етеді. Осыдан бірнеше ондаған жылдарға қарағанда жасөспірІмдердің жьныстық жетілуІ бір жарым-екі жыл ертерек басталады..Жүрекқан тамыры жүйелерінің дамуында да сәйкессіздік байқалады. Жүрек көлемІ едәуір үлғайып, қарқынды жұмыс істейді, ал қан тамырларының дамуы кешеуілдеп, қан айналысы уақытша бұзылады, қан қысымы кегеріледі, жүрек қызметі ауырлайды. Осының лсерінен жасөспірімдерде жүректің жиі бас ауруы, біршама тез қалжырауы байқалады. Жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ерекшеліктер жәнеде, Ішкі секреция бездерінід қарқынды кызметі кейде көтеріңкі әсерленушілікке, ашуланшактыққа, қызбалыққа әкеліп соғады.Мұғалімдер жасөспірімдермен оқу-тәрбие жұмыстарын үйымдастырған кезде осы ерекшеліктердІ міпдетті түрде ескеруі тиіс.Жасөспірімдер үшін өсіп-жетілудід маңызды кезеңІ, оларда өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы, өзінің жеке адам ретінде қажеттілігін түсінуде деуге болады. Зерттеу нәтижелерінін, көрсеткеніндей, жасөспІрімдерде өзіне, өзінің ішкі өміріне, өзінің жеке басындағы мүдде пайда болады. ЖасөспІрімдерде өзіндік сана-сезімнің жетілуі өз қылығын, содан кейін езінің моральдық сапасын, мінезін, өзінін қабілетін бағалаудан басталады. Жасөспірімдерде жаңадан пайда болатын елеулі психологиялық езгеріс?ерге — ерёсектік сезімін жатқызуға болады. Ондайда олар өзін ересекпін деп есеитеп, өзінің ересектігін объективті дәлелдегісі келеді. Ол өз өмІріңің кейбір жақтарына ересектердің араласпауын қалайды, өз көзқарасы мен сенімін жақтауға тырысады.ЖасөспІрІмдерде сирек те болса қарама-қарсы қасиет — жауапкершіліктен қорқу, өзінің дербестігін сезінудІ және жақтауды қаламау, енжарлық таныту, жетекшІлік, басшылық етуден тайсақтау байқалады.Жасөспірімдік жаста жолдастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылуы коллективтік және қоғамдық өмірге қызығуы, өз мүмкіндігін бағалауы, коллективте өз ор-нын табуға тырысуы, мінез-құлкындағы және жеке басында қандай ерекшеліктсрі өзіне көмектесетіндігін немесе, керісінше, өзіне қойылған талапты орындауға бөгет жасайтындығын сезінуі айқын байқалады.Көп жағдайда жасөспірімдерге ата-аналардын немесе мұғалімнін, пікірінен гөрі, класс коллективінің қоғамдық бағасы көбірек ықпал етеді. Сондықтанда мұғалім жасөспірімге коллектив арқылы да таяап қоя білгені жөн.
Жоғары класс балалар жасында жеке адамның дамуының ерекше мәні бар. Жоғары кластықтардың өсіп-жетілуіндегі қозғаушы күш — оларға қоғам мектеп коллективі тарапынан қойылатын талап деңгейінін артуынан болатын қарама-қайшылықта және олардағы психикалық дамудың жеткен деңгейіне байланысты болады.Жоғары класс балалар жасының аяғында жігіттер мен қыздар кәмелеттік шаққа толады, олардың денесінің дамуында ересек адамдардан айырмашылығы шамады болады. Жасөспірімдерге тән жүрек пен қан тамырларындағы сәйкессіздік теңеледі, қан қысымы қалпына келіп, ішкі секреция бездері ырғақты жүмыс істейді, жыныстық, жетілуі негізінен аяқталады. Жоғары класс балалар жасы — бұл арманға, ізденіске, романтикаға, творчестволық ынтаға толы жастықкезең. Сондықтан коллективтін, өскелең күш-қуатына көбірек сенім арту кажет, коғамдық істерді шешуге, демалысты ұйымдастыруға, кештер мен мәдени жорықтар өткізуге ұйымын батыл қатыстырып, болар-болмасқа қамқоршы болуды мүлде азайтқан жөн. ЖІгіттер мен қыздарға идеялық шьшықкан, тәлімгерлік тәжірибесі мол, өз ақыл-өнегесін зорлап міндеттемейтін, жастардың бастамасына бөгет жасамайтын ересек дос пен кеңесші қажет. Олар мұндай адамның пікірін білу, кеңссін алу үшін кез келген сүрақты қоя алады.МектептІ бітірер қарсаңында жоғары кластағылардың барлығы бірдей өзіне мамандық таңдай білмейді. Мамандығын кездейсоқ белгілеу оны қатты күйзеліске ұшыратуы, таңдаған мамандығына өкінуі, Іштей күйіпуі мүмкін. Бұл жас адамға да, қоғам үшін де пайдасыз. Сондықтан мұғалІм мамандық таңдау жүмыстарыи жос-парлы және мақсатты түрде жүрғізуі тиіс. Мұндай дамұғалім мектеп бітірушінің қабілетін, икемділігін, мүддесін, білімін, дағдысы мен іскерлігін, мінез-кұлқын, адамдармен қарым-қатынасын т. б. дұрыс бағалауға жәрдемдескені абзал. Жекелей бабын табу проблемасы іс-әрекетсіз қарастырылмайтыны белгілі, өйткені тек іс-әрекетте ғана адамныд дербестігі, оның өз маңайындағы адамдармен карым-қатынасы, мүддесі, белсенділігі мен қабілеті айқындалады.Толысып келе жатқан жас ұрпақты тану — өте күрделі іс, ол ушін философиядан, психологиядан, педаго-гикадан, физиологиядан, этикадан т. б. жан-жакты білімді болу қажет. Мектеп оқушыларын оқытудың негізгі және ең кең тараған тәсілі — педагогикалық бақылау. Байқағыш мұ-ғалім оқушылармен үнемі қарым-қатынаста бола отырып, оны қызықтыратын көптеген жайттарды аңғара алады. Оқушының жүріс-тұрысын бағалау үшін бақылаған кезде, оның себептерін ашуға, әсерлі ықпал ету жолдарын қарастыруға тиіс.Мінез-құлқыньң, мүддесінІң және бейімділігінін ерекшеліктерін анықтауға оқушылармен, мұғалімдермен, активпен, ата-аналармен әңгімелесу көп жәрдем бередІ. Шебер өткізілген әңгіме, егер ол педагогикалық әдептілікті сақтай отырып ресми емес жағдайда, әрІ шынайы көңілде жүргізілсе, онда оның өзі баланың психикасына, тіпті бақылау және эксперимент кезінде байқала қоймайтын жақтарына терең үңілуге мүйкіндік береді.Мектеп оқушылары туралы пайдалы мағлұматтарды, олардың іс-әрекет нәтижесін талдау арқылы алуға. Ең бастысы — іс-әрекет нәтижесіне қарап оқушылардың мінез-құлқындағы, тілек-ықыласындағы, ептілігіндегі, арман-мүддесіндегі, сеніміндегІ ерекшеліктерді барынша көре білуде.Кейде оқушылардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесін
терең, әрі жанжақты бІлуге тура келеді. Осы мақсатта үй жағдайы, тексеріледі. Ең алдымен баланың семья тұрмысындағы материалдық жағдайын, семьяның мәдени және психологиялық ахуалын, тұрмыс жағдайын, оқушының сабаққа әзІрленетІн орнын, бас уақытын қалай өткізетіндігін, семьяда өзін қалай ұстайтындығың біледі.Мектептің басты міндеті — оқушылардың жеке басын қалыптастыру, олардың барлық қабілетін, ой және моральдық-ерік сапасын дамыту. Мектептің күрделІ де алуан түрлі өмірІ оқушыны күн сайын, сағат сайын өзіне тартып, білімге, адамгершілік қарым-қатынасқа баулиды, өз бетінше еңбектенуге мәжбүр етеді. Оқушы ең басты тәрбие үлгісін мектепте алады, ол онда білім мен дағдыны ғана менгерІп қоймай, ақыл-ойын, ерік-жігерін дамытып, таньш-білу қиындығын меңгереді, өзін қайырымдылықка және ізгі-лікке баулиды, оқуда т. б. жолдастарына көмектеседі. Шындығында, мұғалім өз пәнін оқыта отырып, оқушыны тәрбиелейді. МұғалІмнІң әрбір сабағы, әрбір сөзІ мен іс-әрекеті, тіпті сырт келбеті әрқашанда тәрбиелік ықпал әрине, оңай емес. Бірақ мұндай Іскерлікке талпыну керек. Алайда тәрбие тек оқу процесімен, сабақпен шектелмейді. Бұл жөнінде Василий Александрович Сухомлинский былай деп жазды. «Маған педағогикалык, жұмыстың алғашқы жылында-ақ нағыз мектеп — бұл балалардың білім мен Іскерлік алатын орны ғана емес екендігі айқын болды. Оқу аса маңызды, бірақта бала өмірінің бірден-бір саласы емес. БІздің барлығымыз оқу-тәрбие процесі деп атап жүргенімізге мен өзім неғұрльш үңіле түскен сайын, нағыз мектеп — бұл балалар коллективінің сан қырлы рухани өмірі екендігіне, онда тәрбиеші мен тәр-биеленуші көптеген мүдде мен ынтаға бірігетіндігіне көзім жете түсті.Егер мүғалім мазмүны мен формасы жағынан тартымды сабақ бере алса, онда мектеп рухани өмірдің ордасына айналады… Алайда сабақпен қоса, оқушыларды одаи тыс жағдайда жетілдірудін алуан түрлі формаларын қьізықтырақ, тартымдырақ өткІзгенде ғана сабақты ойдағыдай, тамаша етіп өткізуғе болады»!.Мектеп өмірі күрделі де, сан қырлы. Оқушылардың сабақтан тыс Іс-эрекетІ неғүрлым мазмұнды болған сайын, олардың жеке басының қалыптасуы да соғүрлым ойдағыдай өтеді. Оқушы ғылыми ІлІмді, моральдық ұғымды, қайырымдылық міндетті, коллектившілдік түсініктерді қалай меягеруі, бұлардың өзі оның жеке басына қалай әсер ететіні — оның қылығы, Іс-әрекеті арқылы көрінеді. Сондықтанда мектеп өмірің оқушылар игілікті іс жасайтындай өз белсенділігін танытуға мүмкіңдігІ болатындай өз көзқарасын танытатындай, өз сенімін қорғайтындай, борыш сезімін, жауапкершіліғін нығайта-тындай, белсеиді азамат болып өсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Дене тәрбиесі жұмыстары оқушылардың денсаулығын нығайтуға, олардың дене қабілетін дамытуға, организмнің функционалдық мүмкіндігін ұлғайтуға бағыт-талады. Дене тәрбиесі ерікті, мінез-құлықты, табандылықты, жігерліктІ нығайтуға тікелей байланысты.
Эстетикалық тәрбие оқушыларда табиғаттағы, өнердегІ, айналадағы өмірдегІ әсем көріністерді сезе және қабылдай білуін, өздерінің көркем дүние жасауын дамытуға бағытталады. Тек гуманитарлық цикл ғана емес, кез келген пән де, соның Ішінде математика, химия, еңбекке баулу пәндерінің де эстетикалык, тәрбиелеу мүмкіндігі мол.