Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекті педагог Я. А. Коменский оқушылар аз оқып, көп білетін дидактика әдісін табуды армандаған болатын. Коменский-дін, негізгі ойы оқушылардың өз бетінше оқуына күш салу болатын, өйткені тәжірибелі деген мұғалімнің өзі оны алмастыра алмайды. Қазіргі кезде нақты айқын болып отырған жайт, біз мектепте, жоғары оқу орындарында қаншама қажетті және пайдалы білім бергенімізбен, адам оны үнемі толықтырып отыруға тура келеді; сондықтанда қазіргІ педагогикалық, және қоғамдық-саяси әдебиеттерде «үздіксіз білім алу», «мамандықты жетілдІру» «өз бетіңше білім алу» ұғымдары кездесетіні тегін емес.сонда ғана ол тиімді оқу енбегіндегі іскерлік пен дағдыны оқушыларға дарыта ал-ады.Адамның атқаратын жұмысынын, мелшері мен сапасы, оның жұмыс қабілеттілігіне (нақты жағдайға қарай —дене және ой қабілетіне) байланысты екендігі түсінікті. Өз кезегінде жұмыс қабілеттілігі болмашы себептерге де байланысты. Мәселен, сабақтын ауасы тар бөлмеде өткізілуі; адамның бүгін ұйқысы қанбауы; танертең ыстық тамақ ішудІң орнына буторбродты қанағат түтуы немесе мүлде тамак ішпеуі, серуендеп демалудың орнына телевизор алдында үзақ түн отыруы т. б. Сонымен қоса жүргІзілген эксперименттердің көрсеткеніндей, осы себептердін. қай-қайсы болмасын, әсіресе олардьта барлығы жинала келгенде бІздін. жұмыс қабілеттІлІгімізге едәуір әсер етеді екен. Мәселен, желдетілмеген бөл-меде сабақ өткізгенде ой енбегінің керсеткіші 5—7% кемиді екен.Тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың зор маңызы бар. Күні бойы үш-төрт рет тамақтанған жөн: таңертеңгілік ыстық ас ішіп, жатар алдында аздап қана тамақ-танған дұрыс. БІр қарағанда, өте қарапайьш ереже секілді. Бірақ оньщңөзі қаншалықты жиі бұзылады десеңші, оньңөзІ алдағы ұзақ мерзімді жоспарыңа да (жоғарыда айтылғандай), сондай-ақ ой қабІлетіңе де қолайсыз әсер етеді.Жұмыс қабілеттілігін анықтау ушін оның өзінде қай уақытта жоғары, қай уақытта төмеи екендігін білген дұрыс, ол үшін өзіңе бақылау жүргізу, әр түрлі жұмысты тәуліктің әр мерзімінде атқарып көру қажет. Жұмысқа-білеттілік жоғары болу үшін ұдайы демалып, жүмыста қысқа уакыт үзіліс жасап отырудың қажетті екендігі есте болуы тиіс. Уақытты өзіңше жоспарлағанда (мәселен, үйде сабаққа әзірленгенде), әр сағат жұмыс Істеген сайын 5—7 минуттай үзіліс жасап отырған жөн. Жұмыс түрі ауысқанда үзақ үзіліс жасаған қолайлы. Уақыт — кез келген режимнің негізі, бірақ режимнің өзі емес. Режим үғымына өзара байланысты және жеке адамньщ ерекшелігі ескерілген жұмыс күнінін. тәртібі, тамақтану, ұйықтау жатады. Әрине кез келген режим — өзіанің бос уақытыңды әдейі, саналы түрде шектеу, бос уақыт дегеннің өзІ де «саналы түрде шешім қабылдау»1 қажеттілігінен туындайтыны ақиқат. Жоғарыда айтылған жайттармен қоса адам өзін-өзі тану, өзіне-өзі бақылау жасау арқылы ғана режимнің керек, қажетті екендігін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, стихиялы өткізуден аулақ болады.Уақытты ең қолайлы жоспарлаудың өзі жеке жұмыс техникасын, яғни стихиялы түрде (жақсы үлгіге еліктеу нәтижесінде) немесе сол еңбекке қатысты белгілі бір эрекетті, біздің жағдайымызда — оқу енбегін мақсаттытүрде атқара бІлуге қалыптаскан жағдайды алмастыра алмайды. Жаппай жүргізілген экспериментте, арнайы үйрену (ез бетінше үйрену де) арқылы оқу жылдамдығын 3—15 есе арттыруға болатындығы аңғарылды. Соңғы цифр таңқаларлық болып көрІнуІ мүмкін, алайда мұнын, өзІ әбден мүмкін екендігі айқын.Кітап әлеміндегі негізгі информация көздерін меңгеруде өзіңдІ сенімді сезінумен қоса, библиографиялық жазбаларды дәл жүргізудің де зор манызы бар. Кейде студенттер уақыт үнемдеу үшін, әдебиет деректерін шамалап жазып, кейін кітапханаға тағыда келіп анықтап алармын дел ойлайды. Бұлай істеу, әрине, мүмкін болғанымен, оның өзі шындығын айтқанда уакьітты тиімсІз пайдалану болып саналады. ӘдебиеттердІ тиісті ережеге сәйкес өте дәл жазу қажет.Конспект, яғни әдеби түпнұсқаны ықшамдап көшіру немесе ауызша лекцияны жазу; әдетте қағаз шетіне немесе арнайы белінген орынға өз ойың тіркелуі мүмкін. Бұл нағыз «студенттік» жазба түрі, ол кейіннен емтихан немесе зачет тапсыру үшін қажет, онда материалдар ойылуға тиісті сұрақтар ретімен орналасқан. Конспектінің алдағы творчестволық жұмысқа және қайталап қарауға қажеті шамалы. Сілтеме карточкалар, мазмұндамалар т. б. бұл материалды толықтыра түседІ.Реферат әдетте конспектіден гөрі ыкшамдау және онда ең негізгілері ғана қамтылады. Әдетте жазылған рефератты немесе дәптерді нөмірлеп, оларды жүйелік белгілері бойынша картотекаларға орналастырылған карточкаға тіркеген жөн.Қарапайым және күрделі жоспарлар бір-бірінен толықтығымен ерекшеленеді. Олар нақтылы бір түпнұсқада не туралы әңгіме болғандығын еске тусіруге мүмкіндік бергенімен, фактілерді дәл алуға жеткілікті көмектесе алмайды. Дәлірек айтқанда қарапайым жоспардың бір түрі — кітапты сипаттап жазатын карточка, онда осы кітаптың мазмұны да келтІрІледі.Жазба түрінің еқ ыңғайлысы, бірақ оған дағдылануды қажет ететіні — каталогтық карточкаға жазу. Ондағы өз сөзі толықтығы әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін, әрі картотекаға орналастырылып, курстық, дипломдық жұмыстар үшін, лекция немесе баяндама үшін кез келген уақытта алуға болады. Мұндай карточкалар лекция немесе баяндама жасаушылар үшін да өте қолайлы. Онда материалдардың қысқаша тұжырымдалуының Іске ешқандай бөгеттігі жоқ. ТІптІ ықшамдалған жазбаның өзі есте сақтауға өте сенімді, әрі сол арқылы басқаларын да еске түсіруге болады.
Жас ерекшелігіне қарай жүргізілген зерттеулердіц көрсеткеніндей, адамның жиырма жастар шамасындағы таза механикалық есІ тез әлсірейді, кейде мұның өзі одан да ертерек байқалады екен.Алайда, логикалық есті, әсіресе кәсіби іске байланыстысын, үнемі жетілдіруге болады. Ес жұмысының техникасы, есте қалдыру амалдары — арнайы, әрі үлкен мәселе. Біріншіден, мынаны білген жөн: бұрын жадыңда қалғанның барлығы естің кейІнгі жүмысының негІзІ бо-лады — адам неғұрлым көп білсе, онын алдағы уақытта есте сақтауы да оңай болады. Адамның есте сақтау көлемін іс жүзінде шексіз деуге болады. Сондықтанда, мәселені, «артық материалдарды өз жадында тықпалама»делінетін жиі айтылатын ұсыныстьщ мәні сол, есте сақтау үшін арнайы жұмыс, уақыт қажет.ЕкІншіден, адамнық есте сақтауы каншалықты жақсы болғанымен, бәрібір ұмытатындығы, сондықтан қайталауға тура келетінін ескеру қажет. Ұмытудын, да бұрыныан белгілІ заңдылығы бар, оның өзі материалды қабыддаудьщ алғашқы уақытында (әсіресе алғашкы сағатында, сонан соң күнінде) күштірек болып, кейіннен ұмыту қарқыны бәсеңдейді. Демек, ұзақ уақыт ұмытпау үшін материалды қайталау қажет. Адамның басқа қасиеттерІ секілді есі де біржола маңдайына жазылмайды, ол дамып, өрістей алады. Ол үшін материалды ұдайы жаттау, қайталау, ұмытылған-дарын еске түсірумен ұдайы шұғылданып отыру кажет. ӘрбІр студент өзіне аудиториямен тығыз байланыс жасаудың және өз бетінше жұмыс істеудің дұрыс формасын ойластыра білуі тиіс. Мұдайда екі түрлі жағдайдың ерекше маңызы бар. БіріншІсі, осының алдында ғана айтылған — ұмыту заңдылығын ескеру, материалды қайталауға уақыт бөлу. ЕкІншІсІ—аудиторнялық және өз бетІнше жұмыс істеудің уақытша ара қатынасы.Студент өміріндегі ең қауырт кезең — зачеттық-емтихандық сессиялар. Мұндайда ең алдымен режимдІ қатайту қажет. Бұл кезде күнделіктІ ұйқыны 1 —1,5 сағатқа ұзартқан, егер мүмкіндік болса күндіз кез шырымын алған жөн. Әдетте, систематикалық курсты қайталаудың қолайлынегізі конспект болып саналады, сондықтан қайталауды да содан бастау кажет. Әдетте билеттерде бір-екі сұрақ теориялық материалдардан, ал соңғысы — есептер, мысалдар шешуге т. б. арналады, бірақта пән ерекшелігіне қарай өзгерістер болатыны, әрине сөзсіз. Ерекше есте болатын жайт, теорияны оқып-үйренудің өзі тек есептерді шешуге ғана әзірлейді. Білім (теория) мен дағды (есептерді шешу) арасында тікелей байланыс жоқ, олардың қайсысына болсын мақсатты тұрде әзірлену қажет. Сырттай бақылаудың ешқайсысы өзін-өзі жақсылап тексерудІ алмастыра алмайды, солай болғанның өзінде көпшілік студенттерге жолдастарымен бірге даярлану көмектеседІ. Оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру барлық студент-терге, олардың оқитын саласына қарамастан маңызы бірдей. Мұның әсіресе болашақ мұғалімдерге ерекше қажет екендігі сөзсіз.