МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСЕПТІК ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ — ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ

Мектеп реформасыньщ талаптарына сәйкес мұғалімнІң жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы кебінесе соған байланысты. ӘрбІр мұғалім өз басынық бағалы кәсіптік сапасьш, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіитік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу — мұғалімнін кәсіптік даярлығынын, іргетасы. Қүнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы Іргетаста мұғалімиің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.БелгІлІ фактіге қайтадан жүгініп көрелІкшІ: адам өзінің табиғи күшін, өзінің табиғи беріктік қорын (тіпті, шамалы мөлшерде болса да) толық пайдаланбайды екен. Өйткені күш-қуаттың, еріктің, ой-өрістің ғажайып даму мысалдары жеке адамдардьщ төтенше ерекшелігін емес, адамның, демек біздің әрқайсымыздың пайдаланылмаған зор мүмкіндігімізді аңғартады.Жазушы Д. Гранин осы педагог-ғалымның жұмыстағы табыс сырын былайша ашып берді: ол елу алты жыл бойы үзбестен жұмсаған уақытын жазып, жоспарлап отырды. Мұның өзІ уақьғгты үнемдеп пайдаланудың ерекше тиянақты жүйесі еді. Өз өміріңді дұрыс ұйымдастыра алмағанын, уақытыңды тиімді пайдаланбағаның үшін өзінді жазғыру бір басқа да, осынық барлығын сағат, минутына дейін жете білу — басқа мәселе. Любищев күнделікті есеп жүргізіп отырды, ешнәрсені жасырмаи және тігІсін жатқызбай, қорытындысын өзІ мұқият жасап отырды. Ол осылайша әр минутын, тіпті қала транспортында жүруге, кезекте тұруға т. б. кеткен уақыттарын да тиімді пайдалаыуға өзІн-өзІ дағдыландырды. Любищев мұндай уақыттарды сарқа пайдаланудың ұсақ-түйегіне дейін ойластырды. Жолда жүргенде — шағын кітаптарды оқыды, тіл үйренді. Ағылшын тілін осылайша меңгерді. Ол тәуліктің қауырт уақытын он сағатқа белгілеп, оны минутына дейін дәлме-дәл ескерді. КунІ бойы бір нәрселерді қараумен, газет-журналдарға Көз жүгіртумен өткі-зеді. Әр айдың және әр жылдыц аяғында қорытындысын шығарып, талдап отырды. Сонымен қоса жұмысын әр күнге, әр айға, әр жылға тІптІ бесжылдыққа мұқият жоспарлауды да ұмытпады. Любищевтік тұжырымдауынша, адамда нашар, бос, артық уақыт деген болмауы тиіс. Оның демалысының өзІ — танаптағы дұрыс ауыспалы егіс секілді, жұмыс түрін алмастырып отыру болды. Лю-бищев зымырап өтіп бара жатқан өмірінің әр күнінің, әр сағатының тыиысын өлшеуден қорықпады. Ол уақытты үзарта білді, оны түсіріп, жоғалтып алмайын дегендей сығымдап үстады. Ол уакытты күнделікті жейтін нанын-дай кастерледі, «уақыт еткізу» деген оның ойы түгіл, са-насына да келген емес. Уақыттың кез келген сәті ол үшін игілік. Сағаттық әр минутын және тәуліктін, әр сағатын қауырт едбекке арнауы женінен Любищевтің өмірі біздерге үлкен сабақ боларлық.Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, тілі сөйлемейтін Ольга Скороходованьщ тіршілік тынысын еске түсірелікші. Ол ғалымдар мен тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеуінің нәти-жесінде кейбір төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістікке жетті. Ольга Схороходова кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басындағы өте ауыр жағдайға қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білдІ.

Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуінін, айрықша маңызы бар.’Адамның, жауапты міндеттерді шешуге, белгіленген жоспарды орындауға, күнделікгі өмірін қызғылықты, әрі тартымды өткізуге, мақсатқа жету жолындағы қиыншылықты жеңуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, еркін шынықтырады. Мұндай жағдайда былай деп айгуға болады: ұлы мақсат зор ерікті туғызады.Ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу ез еркін меқгере білуде нақты нәтижеге жетуге бағытталуы: өзін ұстай білуі, жақсы көңіл-күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі иландыруды пайдалануы, дербес күн тәртібін, режимін т. б. орындауы тиіс.Өзін-өзі тәрбиелеуде жігерлІ адамның арманы пайдалы роль атқаруы, ал оның бейнесі — өзін-өзі тәрбиелеудің жарык, жұлдызындай болуы мүмкін. Мұндай арман әсІресе жастарға тән. Өз еркін тәрбиелеуде Суворовтық, Оводтьщ, Рахметовтың бейнелері әркімге-ақ бағытбағдар бере алады.Суворовтың өзің-өзІ тәрбиелеу арқылы тамаша нәтижеге жеткенін еске түсірелікші. Туғаннан дәрменсіз, әлсіз болған ол күнделікті салқын суға шомылуы, үнемі дене жаттығуларымен, гимнастикамен шұғылдануы нәтижесін-де шынығып қана қоймай, ауруды да, еркін күшін дамытты.Ерікті дамыту кәсіптік мұғалімдік қьгзметте табысқа жетуге, адамдармен қарым-қатынасқа, өз бетімеи білім алуға, шет тілін үйренуге бағытталуы мүмкін.ӘрбІр адамда шамалы және уақытша өз мақсатымен қоса, өмірінде бір үлкен, өзіндік мақсаты да міндетті түрде болуы тиіс, сонда сәтсіздік тәуекелі мүлде сирек ұшырасады.Кез келген мақсатқа жету үшін ақырғы, түпкі мақсатқа жетуді көре, сезе білуге жәрдемдесетін сатыларды, жекелеген нәтижелер мен міндеттерді белгілеген тиімді. Әрине, мақсатты дұрыс қою үшін өз мүмкІндігіңді, өзінің күшті және әлсіз жақтарынды білуің, өзіне-өзің талдау жасауын қажет. Мұның өзі кызғылықты әрІ өнегелі іс. Алайда қорытынды жасауға асықпаған жөн. Өзін-өзі тануға езіңді бІреумен салыстыру да жор-демдеседі. Жәнеде мұндай салыстыру өте табиғи, үлгі аларлық, әрі қызғылықты. ТіитІ өте қызғылықты. Өйткені адам әрдайым әуестенуші жан. Өкінішке орай, көптеген адамдар өзінде, өзінід шәкіртінде және маңайындағы жандарда қаншалықты қызғылықты жайттар бар екендІгІн біле бермсйді.Өзі туралы кәбірек ойлаудың өзіне өзі есеп берудің, әсіресе өз мінез-құлқыңды танудың және түзетудің айрықша манызы бар. Мұның мәнісі сол, өзіңді өзің тәрбиелеу жөніндегі мақсатың мен міндетІнді өзіңнің нақты мінез-құлқыңмен салыстыру. Мәселен, ұстамды, сабырлы болғысы келген студент сабақ жүріп жатқан кезде өзіне қабылдаған міндеттеменің қаншалықты орындалғанын үнемі салыстырып, талдап отырады,— өзіне есеп бередІ.Бұрыннан келе жатқан мынадай кеңес бар: өзара талас кезінде өзінді дұрыс бақылау үшін әуелі ішіңнен онға дейін санап ал, тек содан кейін ғана талқылауға қатысып, өз ойынды дәлелдеуге кіріс. Олай дейтін себебІ, осы аралықта сезім біраз бәсеңдеп, адам өзі туралы байыппен ойланады. Кім болмасын жас кезінде күн режимін жасамаған, дүйсенбіден бастап өз өмірін жаңаша бастауға уәде бермеген адам сирек шығар. Дегенмен солардың көлшілігі белгіленген режимді талай рет бұзғаны да белгІлі. Мұның себебі режимнің тым ұсақ-түйекке құрылатындығынан, ал әр күннің өзі тұтастай минутына дейін есептелгендіктен деп түсіндіруге болады. Нақты өмірдегі күтпеген жағдайларға байланысты нақты режимді орындау мүмкін емес.Бір атап көрсететін жайт, адам басына түскен қиыншылықты, әсіресе елеулі қиыншылықты жеңу кезінде өзіне-өзі бұйрық береді. Өзіне өзІ бұйрық беру Іштей айтылуы да, ерекше қиын-қыстау жағдайда естіртіп айтуы да мүмкін. ӨзІне өзі бұйрық берудін, мұндай түрі әдебиеттерде де жазылған. Маресьевтің үсіген аяғымен жер бауырлап жүргенде өзінс айтқанын еске түсірелікші: «Алға, алға, шыдау керек». Л. Толстойдын, мына сөзін де еске түсірелік: Андрей Балконскийге — өзі тәкаппар, ержүрек адамға қарай снаряд ядросы үшқанда. оның бүкіл денесі қалтырап кетті. Алайда өзінің қорыққанын ойлағанда, ол қайтадан ширай түседі. «Мен қорқуға тиіс емеспін»,— дейді ол өзіне, сөйтіп қасқағым әлсіздігін жеңіп шығады.Әрине, езіне өзі бұйрық беру кәдуелгі жағдайда да қолданылады. Мәселен, адам тіс дәрігеріне барарда ол өзіие өзі: міндетті түрде бару керек, шыдау керек дейті-нін әркім-ақ байқаған болар.Өзіне-өзі бұйрық берудің әсерін түсіну және оны тиімді пайдаланудың амалын табу үшін, оның ерік процесіндегі орнын қарастыралық. Ерік процесі мынадай тізбектерден құралады: әуелі оның қойылған мақсаты, содан кейін, бәлкім, осы мақсатты орындауға болаты-нын, әлде болмайтынын немесе бұл мақсатты қандай әдіспен орындауға болатыньш айқындайтын күрес дәлелдемесі. Күрес дәлелдемесі жігерлі адамдарға да тән болуы мүмкін. Бұрын кейбір авторлар, жігерлі адам күрес дәлелдемесін сезінуі мүмкін емес, өйткені оған бэрі айқын және ол ешнәрсеге жалтақтамайды деп жазған болатын. Алайда бұл дұрыс емес, мақсатқа жету тәсілін таңдауда «қолдау» мен «қарсылық» дәлелдерІ, күйзеліс қарама-қайшылығы болуы мүмкін. Күрес дәлелдемесінен кейін шешім қабылдау, өзін-өзІ бұйрық беру болады да, ерік шешімі орындалады.

Адамның өзін-өзі иландыруы денсаулығын сақтауьша, артериалдық қысым мсн қан айналасына, зат алмасуға ықпал етеді. Профессор А. М. Свядощтың экспериментінде, адам жаттығу арқылы тіпті өзінін жүрек қызметінің ырғағын меңгеріп, жүректін соғу жнілігін минутына 68-ден І44-ке дейін көтеріп және 4б-ға дейін кеміте алатындығын аңғарған. Әрине «дені саудың — жаны сау» деген айшықты сөз дұрыс бола тұрғанмеп шындыққа дэл келе коймайды (өйткені денсаулығы күшті адамдардың арасында да қорқақтар мен есерлер кездеседі), дегенмен денсаулықтың табанды мінезге зияны жоқ. Өйткені, аурушаң адамдардыц арасында сенімі тұрақсыздар көптеп кездеседі. Кейде біреулері: мейі-рімсіз, ашуланшақ, кейігіш болып бара жатыр дейміз. Әрине, адам «өнегесіздіктен» емес, езінІң күйі нашар болғандықтан, өзін-өзі бақылауы әлсірегейдіктен, мінез-құлқының тұраксыздығынан, ырықсыз, ойланбаған қылығынан, егесуден, адамгершілік нормаларыныц бұзылуынан кейігіш болады. Мұндай «ашуланшақтар» студенттерде де, мұғалімдер арасында да кездеседі. Со-нымен, өзін-өзі иландыру адамның сезім процесіне, денсаулығына, еркі мен мінезіне қолайлы осер етеді демек, өзінІң жүмысын үнемі талдап, ойластырын отыратын мұғалім қызметі үшін оның ерекше маңызы бар.Адам тәрбие ықпалы және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы өзін ұстай алады, өзінің жағдайын сырттай білдірмеуге, көрсетпеуге тырыса алады. Шындығында, өзіне-өзі берілген бұйрықтық: «Мен байсалды, үстамды, әдепті боламын» деуі ете тиімді. Кейбір қызу мінезділердін, де (холериктер) өзін жақсы үстай білетіні белгілі. Алайда өзін-өзі үстай білгеннің езінде де шамадан тыс қызбаланудың, әр нәрсеге тынышсызданудың, күйіну жағдайын-да болудың осерІ тимей қоймайды.Алайда мұның барлығы буырканған сезімді бәсеңдетуге көмектесетін тетік Іспеттес. Мұңдайда жарақаттанған организм, түйсік пен жағдайдағы қолайсыздық бәрі-бір сақталады, тіпті қорлана түседі.Сондыктан да өз сезіміңдІ меңгеруде ұстамдылықпен қоса, сырттай шыдамдылық та қажет, сондай-ақ әр турлі сезім күйінің пайда болуы мен өтуін белгілі мөлшерде-меңгере білудің, уайым-қайғыға сабыр етс білудіц де айрықша маңызы бар. Өйткені даудамайдын өзіне де әр қалай араласуға болады. Оның өзі адамныц оган қалай қарайтындығына байланысты.Алайда қазіргі мәденяеті жоғары адамдар өзарадау-дамайды ақылмен, өзара келіс сөзбен шешетіндіктен, оларға шектен тыс сезім реакциясынын, қажеттігі мүлде болмайды да, жұмылдырылған энергияньщ езІ дене күшіне жұмсалмайды. Әрине, қазІргі адамдар да ашуыза кернегенде еріксіз жұдырығын түйіп, тісін қайрайды, алайда мұның барлығы — сол кездегі қалпы, ал дене күші іштей сейілгенімен, организмді одан әрі зақымдай түседі. Әсіресе мұғалімдер өзін-өзі меңгере білуі, ұстамдылық, ІзсттІлік, ақиқадтық тұрғысынан өнеге көрсетут тиіс.Өз мінез-құлқыңды неғұрлым жарқын жүздІ, оптимист, салмақты ету үшін жэне де ызаланудан, пессимистік көңіл-күйден т. б. қайғыруды болдырмас үшін өз са-на-сезіміңді, өз интеллектікді барынша жұмылдырып, осы жағдайдың себептерін түсінуін, және болдырмауың қажет.Әрине, мінез-құлықтағы құштарлықты мүлде теріске шығаруға болмайды. Айрықша жетістік туралы, мақсатқа жету үшін өзіңнің бүкіл күш-қайратықды жұмылдыру қажеттігі туралы сөз болғанда адам мінез-құлқындағы құштарлық пайдалы.ӨзІңнің күнделікті қылығың, міндеттемені орында-уың, өз Ісіқді өз мақсатыңмен салыстыру, өзІңдІ біреумен қатар қою арқылы мІнезіңді тануға болады. БІр сөз-бен айтқанда, «өз борышыңды орындап көр — сонда өзіңде не барын білесің» (Гете).Адам мІнезІ ісімен ғана керініп қоймайды, ісімен де торбиеленеді, шынығады. АдамгершІлік мейірбандық, басқалар үшін қуана да, ренжи де білу адам бақытының негізін кұрайды, өз өміріне деген қуанышты, қанағат сезІмін тудырады. Сондықтан мына бір жағдайды ескерген жөн: өзіңдегі мейрбандық, адамгершілік сезімді дамыту — бақытқа жетудің алғы шарты, бұл қағиданы әсіресе мұғалімдер мықтап ескергені абзал.Кейде мейірбандық пен бақытты қарама-қарсы қояды. Кейбіреулер бақытты адам дегеніміз — немқұрайды,ал кейде мейірімсіз, басқаларға қол ұшын бермейтін, жақсылығы өз басынан аспайтын адамдар деп тұжырымдайды. Әрине бұл қате көзқарас, өйткені бақытты біреуден сұғанақтықпен тартып алатын мүлік ретінде қарастыруға болмайды.Адамдардың адамгершілігі мен бақытынын, біртұтастығы туралы идея көне дәуірден бергІ көптеген әйгілі ойшылдардың көзқарасында тұжырымдалған. .Біз-дің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген кене грек философы Платоннын тұжырымдауынша, біреудІ бақытты етудегі талпыныста, біз өз бақытымызды табамыз.Бақытты болу үшін басқалардың қуаныш қайғысына ортақтаса білу қажет. Гетенін, көрегендікпен айтқанындай, қайғы жан түкпірінде жатуы мүмкін, ал құпия бақытты жаның көтере алмайды. Басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасу, жақсылык Істеу, жақсы қарым-қатынас жасай білу адамдарды бақытты сезінуіне жәрдемдеседі. Керісінше, қараған басын ғана ойлау, ішкі дүниесіндегі тұйыктық адам мүмкіндігін едәуір шектейді. Осы тарапында Тургенев, өзімшілдік — өзіне-өзі ор қазу деп әділ атап көрсетті .Өзімшіл адам жапандағы тұқымсыз жалғыз ағаштай солады.

Өнегелілік мәдениеті, оның негізін кұрайтын адамгершілік, моральдық борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ен, алдымен, биологиялық қажеттілікпен тұйықталуды емес, адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайрымдылык сезімін, нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Адамның ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде, онын ішкІ дү-ниесінің нағыз қазынасы басталады. Оқушысымен бірге толғанатып, олардың жетістігіне қуанатын мұғалім ғана өзінің оң сезімінің аясын едәуір кеңейте алады.Өнегелілік мәдениеті адамға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, моралі төмен, мейандық пиғылдағы адамдарда кездесетін дүние-қоңыздык, іштарлық, атаққұмарлық секілді стереотиптен аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі. Алайда, дүниеқұмарлық, дүниеқоңыздық, сондай-ақ немқұрайылық пен өзімшілдік өте жүқпалы дерг. Мұндайда жоғары өнегелілік мәдениеті, ойлау дербестігі мейандық психологиядан жоғары түруға жәрдемдеседі.Сырт белгілері бойынша өзін елден ерекще керсету, модаға ессіз еліктеу, дүние жинауға құмарту адамның рухани әлемін тұтатып, жеке басындағы өзіндік ерек-шеліктерінен айырылуға әкеп соғады. Дүниеқұмарлық, бір нәрсені сатып алуға әуестенушілік адамның рухани бағасьш түсіріп төмендетеді, ересін тарылтады. Соның салдарынан мұндай адамдардың психологиясы ізгілікті қарым-қатынасқа деген немқұрайдылығымен, басқа адамдарға рақымсыздығымен ерекшеленіп қана қоймай, ұсақ-түйекті қалайда тауып алуға деген тойымсыз әрекетімен, қорқақтығымен, жинаған дүниесін жоғалтып алам ба деген үрейленушілігімен, өмірдегі «өзімшіл позициясымен» де көрінеді.ӨнегелІлІк сезім тілін меңгеру негізіне тек өз табысынан тұтып қана қоймай, басқа адамдардын, да: туыстарының , жақындарының, жолдастарының, шәкірттерінің жақсы істеріне де қуанышты, мейірбандық сезімде болуы жатады. Бұл — мейірімділік көрсете білу ықыласы, адамгершілік қылыққа іштей қанағаттану, басқалардың ренішіне ортақтасу, олармен бірге қуану, өзінің мұғалімдік адамгершілік қызметіне іштей қанағаттана білу.ӨзІн-өзІ өнегелілікке тәрбиелеуде ақыл-ой жұмысы мен өмірдің өнегелілік мәнін ұғынудың ерекше маңызы бар. Ескі «қағидамен» де таласуға болады: өз ойынды тазартумен шұғылдан, егер сендежаман ой болмаса,онда жаман қылық та болмағаны (өйткені көп жағдайда іс жүзіндегі қылық шешуші болады),—дегенмен де мұнда едәуір шындық бар. Қөптеген өнегелі проблемаларды терең көрсете білген жазушы А. П. Чеховтың да пікірі теген емес: «Адамда барлығы да: бет-бейнесі мен киімі, жаны мен ойы да көріктІ болуы тиіс». Әрине, бұл бірінші кезекте мұғалімдерге қатысты.Ақыл-ойдың аса маңызды қасиеттерініқ бірі — өзіне сын көзбен қараушылық, өзініқ қабілеті мен білімінің шамасын түсінушілік, өзінің ақыл-ойы қызметінің кем-шіліктерін ойлауға талпынушылы, ақыл-ойды тәрбиелеудің екі өрісін қарас-тырдық: өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып басқалардың ақыл-ой қызметіне ықылас аудару, екіншіден — масаттанушылық пен үстірт скептицизм.БіріншІ өріс дербес іргетасқа — ақыл-ой тереқдігіне тіреледі. Құбылысты жан-жақты қарастыра білу, асығыс пікірге, сыңаржақтыққа, шектен шығушылыққа, субъективизмге бармау — интеллектіліктін. Ақыл-ойы терең адам алған білімінін, шама-шарқын түсінеді, ғылыми құбылыстарды терең ұғынуға, ай-наладағы материалдық әлемді үйренуге тырысады.Ақыл-ойдың маңызды қасиеті — онын, тереңдігі, яғни құбылыс мәнін аша білу,жалғанды қабылдамау,жаңа, соны нәрселерді таба білу қабілеті. Мұның өзі кәдімгі айтып жүргеніміздей ақыл-ойдың творчестволық сипаты. Мұғалім қызметінде творчестволық қиял өте маңыз-ды екендігі түсінікті. Бұл ең алдымен мектеп өміріндегі әр алуан проблемалык жағдайларды творчестволық қиялдау арқылы болжау, сезіну және тиімді шешу, әрбір оқушының өсіп-жетілуін жобалау, оның психикасындағы шамалы болса да қолайлы өркендердІ көре білу және одан әрі қалыптастыру қабілеттілігі.Ақыл-ойды тәрбиелеу жолдарының бірі — ойлау әрекетінің бірқатар жинтық амалдарын (талдау, синтездеу, салыстыру, дәлелдеу т. б.), былайша айтқанда, белгілІ бір кезекпен атқарылатын операдия жүйелерін қарастыру. Мәселен, адамның ақыл-ой әрекеті тұжырымды дәлелдеу, ақиқатына жету процесінде логикалық әрекет жүйесі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. Дәлелдеме қағидасын талдау және дәлелденетІн нақты затты анықтау: мәселе қандай құбылыстар, оқиғалар туралы болып отыр; осы күбылыстардын. негізгі белгілерін айқындау ол болған немесе болмаған жағдайда дәлелдеу қажет.
  2. Пайымдауды негіздеудің бірізділігін белгілеу; айқындалған белгілердің бір-біріне тәуелділігін, олардың өзара тәуелділігін анықтау.
  3. Зерттелетін кұбылыста бұрын байқалған белгілердің болғандығына немесе болмағандығына көз жеткізетін нақты дәлелдемелердің белгіленген бірізділігін сұрыптау.
  4. Пайымдау қортындысы, дәлелдеменің теңбе-теңдік мақсаттары.

Өзіңе-өзІң талдау жүргізу үшін ең болмағанда логика жөніндегі бастапқы теориялық біліммен танысқан пайдалы, мұның өзі өз ойыңның және баска адамдардың ойының туып төркінін байқауды жеңілдетеді. Жалпы білім беретін мектептерде мұндай теориялық білім бермейді, оқушьтлар өз тәжірибесінде әр алуаң оқу пәндеріндегі танымдық міндеттердІ шешу кезінде өзінше логикалық қорытыңды жасайды.Дәлелдемені дұрыс жасауды үйрене отырып, өз жол-достарыңның, оқытушылардың, лекторлардың пайьшдауына мұқият зер салумен қоса, пайымдаудың логикалық құрылымына да көңіл бөлу қажет. Мұның өзі дәлелдеу құрылымын жете түсінуіне пайымдауды негіздеу кезінде жекелеген операцияларды дұрыс атқаруды үйренуіне: нақты сұрақтар бойынша барлық белгілі жайттарды баяндауға асықпауға, негізгі тоқталатын жайттарды белгілеуге, осы сұрактарды бірінен кейін екіншісі шешілетіндей, себептерІ негізделтіндей етіп орналастыруға, әрбір қағиданы « тұжырымдайтын фактІлерді белгіленген бірізділікпен іріктеуге, дәлелдіқ жегкілікті мөлшерде болуына тырысуға, ұсынылған қағиданы бекерге шығаратьш фактілерді де ескеруге, оны он. фактілермен салыстырып, олардың ойлау барысын өзгертетінін немесе өзгертпейтінін анықтауына, пайымдаудан қорытынды шығаруына және оның өзі негіздеудің тиісті қағидаға сәйкес келетіндігін айқындауына жәрдемдеседі.Адам өзінің творчестволық мүмкіндігІ мен танымдык мүддесін ұлғайтудың екінші жолы — өз білімін көтеру. В. А. СухомлинскийдІн. өзІ ерекше білімдар адам болғанын еске түсірелік. Ол туралы: «Адам емес, тұтас бір ғылыми мекеме» дейтін. Ол 310 ғылыми енбек, со-нын. ішінде 32 кітал, жазды. Ол неміс, ағылшын, жапон, польша және басқа тілдердегі жұмыстарды түпнұсқасынан оқи білді. А. С. Макаренконын педагогикалык, таланты да энциклопедиялық білімге негізделген. Антон Семенович өз кезіндегі ед білімді адамныд бірі болған. Ол философия, психология, педагогика, экогго-мика, архитектура, кескіндеме (живопись), анатомия, химия… туралы әдебиеттерді оқып үйренді.Өз бетіңше білім алуды ұйымдастыра білудің де айрықша маңызы бар. Интеллектуалдық жұмысты тиімді үйымдастыруға мақсат қою, жұмыс тәсілін ойластыру, жекелеген ойлау операцияларын тиімді атқару (талдау, корыту, дәлелдеу, салыстыру т. б.), жұмыс мақсатын және оның нәтижесін салыстыру жатады. Әсіресе оқыған кітаптң мазмұнын талдай білуге және білімге емін-еркін сүйене білуге ерекше кеңіл бөлген жөн.

Н. К- Крупскаяның берген кеңесіндей, оқудағы бірінші міндет —бұл өзіңді айқындау және оқыған материалды меңгеру.

Екінші міндет — оқығанды ой елегінен өткізу.

Үшінші — оқығанды есте сақтау үшін қажеттілерін жазып алу.