Мұғалімді педагогикалық жоғары оқу орныдарына даярлау

Мектеп реформасының негізгі бағыттарында былай деп жазылған: «Болашақ мұғалімдерге, тәрбиешілерге ең осы заманғы білім мен жаксы практикалық даярлық беру керек» Жаңа оку жоспар-лары жасалады, онда студенттер- тиянақты даярлаумен қоса, оқытудың практикалық бағытына да айрықша көңіл бөлінеді. Халыққа білім беру жүйесінің барлык буындарында барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін жоғары педагогикалык білім алу міндеті койылған. Студенттердің окуы, еңбегі, тәртібі жөніндегі жеке жауапкершілігі арттырылады. Болашақ маман өзінде қоғамдык, белсенділікті, коллек-тивте өмір сүру мен жұмыс істей алуды, алуан түрлі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруды дамытуы тиіс,—’мұның барлығы мұғалім өмірін барынша қызғылықты, әрі мазмұнды ете түседі және де мектепге тәрбие жұмысын тиімді өткізуіне ықпал етеді. Студент білімінің сапасына ерекше талап қойылады. Студенттің лаборато-рияларды, кабинеттерді, аудиторияларды, оку залдарын, спорт мүліктері мен құрылыстарын — жалпылай және кәсіптік мамандығын жетілдіруге кажетті, барлығын тегін пайдалануға право берілген. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге правосы бар. Өзін-өзі басқару органдарында студенттерге кең право берілген. Жоғарьг оқу орындары студенттердің өзінің ішкі кодлективіндегі проблемаларды — білім сапасын, оқу пәндерін, стипендия тағайындауды, жатақханаға орналастыруды т. 6. жақсартуды — белсене талқылауға және шешуге мүдделі. Педагогикалық жоғары оқу орындарынын. басшысы ректор, оны Халыққа білім беру министрлігі тағайындайды, немесе институттын,Ғылымисоветініңжалпыжиналысындажасырын дауыспен сайланады. Ол институттағы бүкіл жолға қоюға тікелей жауап береді. Жоғарғы оқу орнының оқу-методика, ғылыми-зерттеу және әкімшілік-шаруашылық қызметтеріне проректорлар басшылык етеді. Институттың негізгі құрылымдық бөлімшесі кафедра. Оның меңгерушісін — профессордан ^?месе доценттен инстнтут советінде жабық дауыспен сайлайды, Кафедра бір немесе бірнеше шектес ғылыми пондерден ғылыми-методикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады. Мамандық профилі бойынша ұқсас кафедралар (жалпы институттық кафедралардан баскасы) факульте-тпв бірігіп, оны декан басқарады. Деканды жетекші пәннің маманда-рынан жабық дауыспен сайлайды. Ол факультеттегі оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарға жалпы басшылық етеді. Деканның студенттерді курстан курсқа көшіруге, мемелекеттік емтихан тапсыруға жіберуге, қоғамдык комиссияның ұсынысы бойынша стипендия тағайындауға правосы бар.Жоғары оқу орындары жүйесінде өзін-өзі басқаруда кәсіподақ ұйымы маңызды орын алады. Оның қызметі студенттерге көмектесуге, олардың окуын, еңбегін, тұрмысы мен демалысын жақсартуға арналған.Жоғары оқу орындарында мынадай лауазымдар белгіленген: профессор (әдетте, ғылым докторы), доцент (әдетте, ғылым кандидаты), ага оқытушы, ассистент, кабинет менгерушісі, аға лаборант, оқу мастері, лаборант. Институтта совет болады, оның құрамына ректор, проректорлар, декандар, жетекші профессорлар мен доценттер, қоғамдық ұйым өкілдері мен студенттер, сондай-ақ халық шаруашылығы мен мәдениеттің тиісті салалары енеді.