Мұғалімдердің кәсіптік даярлығының құралы өзін- өзі тәрбиелеу

1.Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы кµбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу мүғалімнің кәсіптік даярлығымын, іргетасы. Қүнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мүғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі. Белгілі фактіге қайтадан жүгініп көрелікші: адам әзінің табиғи күшін, өзінің табиғи беріктік қорын (тіпті, шамалы мөлшерде болса да) толық пайдаланбайды екен. Өйткені күш-қуаттың, еріктің, ой-өрістің ғажайып даму мысалдары жеке адамдардыд төтенше ерекшелігін емес, адамның, демек біздің әрқайсымыздың пайдаланылмаған зор мүмкіндігімізді аңғартады. Жазушы Д.Гранин осы педагог- ғалымның жұмыстағы табыс сырын былайша ашып берді: ол елу алты жыл бойы үзбестен жұмсаган уақытын жазып, жоспарлап отырды. Мұның өзі уақытты үнемдеп пайдаланудың ерекше тиянақты жүйесі еді. Өз өміріңді дүрыс ұйымдастыра алмағаның, уақытыңды тиімді пайдаланбағаның үшін өзіңді жазғыру бір басқа да, осының барлығын сағат, минутына дейін жете білу басқа мәселе. Любищев күнделікті есеп жүргізіп отырды, ешнәрсені жасырмай және тігісін жатқызбай, қорытындысын өзі мұқият жасап отырды. Ол осылайша әр минутын, тіпті қала транспортында жүруге, кезекте тұруға т.б.кеткен уақыттарын да тиімді пайдалаыуға өзін-өзі дағдыландырды. Любиідев мұндай уақыттарды сарқа пайдаланудың ұсақ-түйегіне дейін ойластырды. Жолда жүргенде — шағын кітаптарды оқыды, тіл үйренді. Ағылшын тілін осылайша меңгерді. Ол тәуліктің қауырт уақытын он сағатқа белгілеп, оны минутына дейін дәлме-дәл ескерді. Куні бойы бір нәрселерді қараумен, газет-журналдарға Көз жүгіртумен өткі-зеді. Әр айдың және әр жылдыц аяғында қорытындысын шығарып, талдап отырды. Сонымен қоса жұмысын әр күнге, әр айға, әр жылға тіпті бесжылдыққа мұқият жоспарлауды да ұмытпады. Любищевтің тұжырымдауынша, адамда нашар, бос, артық уақыт деген болмауы тиіс. Оның демалысының өзі — танаптағы дұрыс ауыспалы егіс секілді, жұмыс түрін алмастырып отыру болды. Любищев зымырап өтіп бара жатқан өмірінің әр күнінің, әр сағатының тынысын өлшеуден қорықпады. Ол уақытты үзарта білді, оны түсіріп, жоғалтып алмайын дегендей сығымдап үстады. Ол уакытты күнделікті жейтін нанындай қастерледі, «уақыт еткізу» деген оның ойы түгіл, санасына да келген емес. Уақыттың кез келген сәті ол үшін игілік. Сағаттық әр минутын және тәуліктін, әр сағатын қауырт едбекке арнауы женінен Любищевтің өмірі біздерге үлкен сабақ боларлық.Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, тілі сөйлемейтін Ольга Скороходованың тіршілік тынысын еске түсірелікші. Ол ғалымдар мен тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеуінің нәтижесінде кейбір төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістікке жетті. Ольга Схороходова кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басындағы өте ауыр жағдайға қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білді.

Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуінін, айрықша маңызы бар.’Адамның, жауапты міндеттерді шешуге, белгіленген жоспарды орындауға, күнделікгі өмірін қызғылықты, әрі тартымды өткізуге, мақсатқа жету жолындағы қиыншылықты жеңуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, еркін шынықтырады. Мұндай жағдайда былай деп айтуға болады: үлы мақсат зор ерікті туғызады. Ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу ез еркін меңгере білуде нақты нәтижеге жетуге бағытталуы: өзін ұстай білуі, жақсы көңіл-күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі иландыруды пайдалануы, дербес күн тәртібін, режимін т.б. орындауы тиіс.Өзін-өзі тәрбиелеуде жігерлі адамның арманы пайдалы роль атқаруы, ал оның бейнесі — өзін-өзі тәрбиелеудің жарык, жұлдызындай болуы мүмкін. Мұндай арман әсіресе жастарға тән. Өз еркін тәрбиелеуде Суворовтық, Оводтыд, Рахметовтың бейнелері әркімге-ақ бағыт-бағдар бере алады.Суворовтың өзің-өзі тәрбиелеу арқылы тамаша нәтижеге жеткенін еске түсірелікші. Туғаннан дәрменсіз, әлсіз болған ол күнделікті салқын суға шомылуы, үнемі дене жаттығуларымен, гимнастикамен шұғылдануы нәтижесінде шынығып қана қоймай, ауруды да, еркін күшін дамытты.Ерікті дамыту кәсіптік мұғалімдік қьгзметте табысқа жетуге, адамдармен қарым-қатынасқа, өз бетімеи білім алуға, шет тілін үйренуге бағытталуы мүмкін. Әрбір адамда шамалы және уақытша өз мақсатымен қоса, өмірінде бір үлкен, өзіндік мақсаты да міндетті түрде болуы тиіс, сонда сәтсіздік тәуекелі мүлде сирек ұшырасады. Кез келген мақсатқа жету үшін ақырғы, түпкі мақсатқа жетуді көре, сезе білуге жәрдемдесетін сатыларды, жекелеген нәтижелер мен міндеттерді белгілеген тиімді. Әрине, мақсатты дұрыс қою үшін өз мүмкіндігіңді, өзінің күшті және әлсіз жақтарынды білуің, өзіне-өзің талдау жасауын қажет. Мұның өзі кызғылықты әрі өнегелі іс. Алайда қорытынды жасауға асықпаған жөн. Өзін-өзі тануға езінді біреумен салыстыру да жор-демдеседі. Жәнеде мұндай салыстыру өте табиғи, үлгі аларлық, әрі қызғылықты. Тіиті өте қызғылықты. Өйткені адам әрдайым әуестенуші жан. Өкінішке орай, көптеген адамдар өзінде, өзінід шәкіртінде және маңайындағы жандарда қаншалықты қызғылықты жайттар бар екендігін біле бермейді. Өзі туралы кәбірек ойлаудың өзіне өзі есеп берудің, әсіресе өз мінез-құлқыңды танудың және түзетудің айрықша манызы бар. Мұның мәнісі сол, өзіңді өзің тәрбиелеу жөніндегі мақсатың мен міндетінді өзіңнің нақты мінез-қүлқыңмен салыстыру. Мәселен, ұстамды, сабырлы болғысы келген студент сабақ жүріп жатқан кезде өзіне қабылдаған міндеттеменің қаншалықты орындалғанын үнемі салыстырып, талдап отырады,— өзіне есеп береді. Бұрыннан келе жатқан мынадай кеңес бар: өзара талас кезінде өзіңді дұрыс бақылау үшін әуелі ішіңнен онға дейін санап ал, тек содан кейін ғана талқылауға қатысып, өз ойынды дәлелдеуге кіріс. Олай дейтін себебі, осы аралықта сезім біраз бәсеңдеп, адам өзі туралы байыппен ойланады. Кім болмасын жас кезінде күн режимін жасамаған, дүйсенбіден бастап өз өмірін жаңаша бастауға уәде бермеген адам сирек шығар. Дегенмен солардың көлшілігі белгіленген режимді талай рет бұзғаны да белгілі. Мұның себебі режимнің тым ұсақ-түйекке қүрылатындығынан, ал әр күннің өзі тұтастай минутына дейін есептелгендіктен деп түсіндіруге болады.

  1. Нақты өмірдегі күтпеген жағдайларға байланысты нақты режимді орындау мүмкін емес.Бір атап көрсететін жайт, адам басына түскен қиыншылықты, әсіресе елеулі қиыншылықты жеңу кезінде өзіне-өзі бұйрық береді. Өзіне өзі бұйрық беру іштей айтылуы да, ерекше қиын-қыстау жағдайда естіртіп айтуы да мүмкін. Өзіне өзі бұйрық берудін, мұндай түрі әдебиеттерде де жазылған. Маресьевтің үсіген аяғымен жер бауырлап жүргенде өзіне айтқанын еске түсірелікші: «Алға, алға, шыдау керек». Л.Толстойдын, мына сөзін де еске түсірелік: Андрей Балконскийге — өзі тәкаппар, ержүрек адамға қарай снаряд ядросы үшқанда. оның бүкіл денесі қалтырап кетті. Алайда өзінің қорыққанын ойлағанда, ол қайтадан ширай түседі. «Мен қоркуға тиіс емеспін»,— дейді ол өзіне, сөйтіп қасқағым әлсіздігін жеңіп шығады. Әрине, езіне өзі бұйрық беру кәдуелгі жағдайда да қолданылады. Мәселен, адам тіс дәрігеріне барарда ол өзіие өзі: міндетті түрде бару керек, шыдау керек дейтінін әркім-ақ байқаған болар. Өзіне-өзі бұйрық берудің әсерін түсіну және оны тиімді пайдаланудың амалын табу үшін, оның ерік процесіндегі орнын қарастыралық. Ерік процесі мынадай тізбектерден құралады: әуелі оның қойылған мақсаты, содан кейін, бәлкім, осы мақсатты орындауға болаты-нын, әлде болмайтынын немесе бұл мақсатты қандай әдіспен орындауға болатыньш айқындайтын күрес дәлелдемесі. Күрес дәлелдемесі жігерлі адамдарға да тән болуы мүмкін. Бұрын кейбір авторлар, жігерлі адам күрес дәлелдемесін сезінуі мүмкін емес, өйткені оған бәрі айқын және ол ешнәрсеге жалтақтамайды деп жазған болатын. Алайда бұл дұрыс емес, мақсатқа жету тәсілін таңдауда «қолдау» мен «қарсылық» дәлелдері, күйзеліс қарама-қайшылығы болуы мүмкін. Күрес дәлелдемесінен кейін шешім қабылдау, өзін-өзі бұйрық беру болады да, ерік шешімі орындалады.

Адамның өзін-өзі иландыруы денсаулығын сақтауьша, материалдық қысым мсн қан айналасына, зат алмасуға ықпал етеді. Профессор A. M. Свядощтың әкспериментінде, адам жаттығу арқылы тіпті өзінін жүрек қызметінің ырғағын меңгеріп, жүректін соғу жнілігін минутына 68-ден І44-ке дейін көтеріп және 4б-ға дейін кеміте алатындығын аңғарған. Әрине «дені саудың — жаны сау» деген айшықты сөз дұрыс бола тұрғанмеп шындыққа дәл келе коймайды (өйткені денсаулығы күшті адамдардың арасында да қорқақтар мен есерлер кездеседі), дегенмен денсаулықтың табанды мінезге зияны жоқ. Өйткені, аурушаң адамдардыц арасында сенімі тұрақсыздар көптеп кездеседі. Кейде біреулері: мейі-рімсіз, ашуланшақ, кейігіш болып бара жатыр дейміз. Әрине, адам «өнегесіздіктен» емес, езінің күйі нашар болғандықтан, өзін-өзі бақылауы әлсірегейдіктен, мінез- құлқының тұраксыздығынан, ырықсыз, ойланбаған қылығынан, егесуден, адамгершілік нормаларыныц бұзылуынан кейігіш болады. Мұндай «ашуланшақтар» студенттерде де, мүғалімдер арасында да кездеседі. Сонымен, өзін-өзі иландыру адамның сезім процесіне, денсаулығына, еркі мен мінезіне қолайлы осер етеді демек, өзінің жүмысын үнемі талдап, ойластырып отыратын мұғалім қызметі үшін оның ерекше маңызы бар. Адам тәрбие ықпалы және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы өзін ұстай алады, өзінің жағдайын сырттай білдір-меуге, көрсетпеуге тырыса алады. Шындығында, өзіне-өзі берілген бүйрықтық: «Мен байсалды, үстамды, әдепті боламын» деуі ете тиімді. Кейбір қызу мінезділердін, де (холериктер) өзін жақсы үстай білетіні белгілі. Алайда өзін-өзі үстай білгеннің езінде де шамадан тыс қызбаланудың, әр нәрсеге тынышсызданудың, күйіну жағдайында болудың єсері тимей қоймайды. Алайда мұның барлығы буырқанған сезімді бәсеңдетуге көмектесетін тетік іспеттес. Мүңдайда жарақаттанған организм, түйсік пен жағдайдағы қолайсыздық бәрі-бір сақталады, тіпті қорлана түседі.Сондыктан да өз сезіміңді меңгеруде ұстамдылықпен қоса, сырттай шыдамдылық та қажет, сондай-ақ әр турлі сезім күйінің пайда болуы мен өтуін белгілі мөлшерде меңгере білудің, уайым-қайғыға сабыр ете білудіц де айрықша маңызы бар. Өйткені дау-дамайдың өзіне де әр қалай араласуға болады. Оның өзі адамньң оған қалай қарайтындығына байланысты.Алайда қазіргі мәдениеті жоғары адамдар өзара дау-дамайды ақылмен, өзара келіс сөзбен шешетіндіктен, оларға шектен тыс сезім реакциясынын, қажеттігі мүлде болмайды да, жұмылдырылған әнергияньщ µзі дене күшіне жұмсалмайды. Әрине, қазіргі адамдар да ашу-ыза кернегенде еріксіз жұдырығын түйіп, тісін қайрайды, алайда мүның барлығы — сол кездегі қалпы, ал дене күші іштей сейілгенімен, организмді одан әрі зақымдай түседі. Әсіресе мұғалімдер өзін-өзі меңгере білуі, ұстамдылық, ізеттілік, ақиқаттық тұрғысынан өнеге көрсетуге тиіс.Өз мінез-құлқыңды неғұрлым жарқын жүзді, оптимист, салмақты ету үшін және де ызаланудан, пессимистік көңіл-күйден т. б. қайғыруды болдырмас үшін өз сана-сезімінді, өз интеллектікді барынша жүмылдырып, осы жағдайдың себептерін түсінуін, және болдырмауың қажет. Әрине, мінез-құлықтағы құштарлықты мүлде теріске шығаруға болмайды. Айрықша жетістік туралы, мақсатқа жету үшін өзіңнің бүкіл күш-қайратықды жұмылдыру қажсттігі туралы сөз болғанда адам мінез-қүлқындағы қүштарлық пайдалы. Өзіңнің күнделікті қылығың, міндеттемені орындауың, өз ісіқді өз мақсатыңмен салыстыру, өзіңді біреумен қатар қою арқылы мінезіңді тануға болады.

Бір сөз-бен айтқанда, «өз борышыңды орындап көр — сонда өзіңде не барын білесің» (Гете). Адам мінезі ісімен ғана керініп қоймайды, ісімен де тєрбиеленеді, шынығады. Адамгершілік мейірбандық, басқалар үшін куана да, ренжи де білу адам бақытының негізін қүрайды, өз өміріне деген қуанышты, қанағат сезімін тудырады. Сондықтан мына бір жағдайды ескерген жөн: өзіңдегі мейрбандық, адамгершілік сезімді дамыту — бакытқа жетудің алғы шарты, бұл қағиданы әсіресе мүғалімдер мықтап ескергені абзал. Кейде мейірбандық пен бакытты қарама-қарсы қояды. Кейбіреулер бақытты адам дегеніміз — немкүрайды, ал кейде мейірімсіз, басқаларға қол үшын бермейтін, жақсылығы өз басынан аспайтын адамдар деп тұжырымдайды. Әрине бүл қате көзкарас, өйткені бакыггы біреуден сұғанақтыкпен тартып алатын мүлік ретінде қарастыруға болмайды. Адамдардың адамгершілігі мен бақытынын, біртұтастығы туралы идея көне дәуірден бергі көптеген әйгілі ойшылдардың козкарасында тұжырымдалған. Біз-дің жыл санауымызга дейінгі IV гасырда өмір сүрген кене грек философы Платонның гүжырымдауынша, біреуді бақытты еудегі талпыныста, біз өз бақытымызды табамыз. Бақытты болу үшін басқалардың қуаныш қайғысына ортактаса білу қажет. Гетенін, көрегендікпен айтқанындай, қайғы жан түкпірінде жатуы мүмкін, ал құпия бақытты жаның көтере апмайды. Басканың қайғы-қасіретіне ортақтасу, жақсылык Істеу, жақсы карым-қатыиас жасай білу адамдарды бақытты сезінуіне жәрдемдеседі. Керісінше, қарайған басын ғана ойлау, ішкі дүниесіидегі тұйыктық адам мүмкіндігін едәуір шектейді. Осы тарапында Тургенев, өзімшілдік — езіне-өзі ор қазу деп әділ атап көрсетті. Өзімшіл адам жапандағы тұкымсыз жалғыз ағаштай солады.