Керей мен Жәнібек хандар ма, әлде сұлтандар ма?

Қазақ халқы мемлекет болып қалыптасқанға дейін өзінің сан ғасырлық тари­хи жолында небір қиын-қыстау кезеңді бастан кешірді. Сол шақтарда орта ғасырда өмір сүрген Керей мен Жәнібек хандардың орасан зор еңбегінің, бабаларымыздың асқақ рухы мен еркіндік сүйгіш жігерінің арқасында іргелі ел – Қазақ хандығы құрылды. Ол бүгінгі тә­уелсіз Қазақ мемлекетінің бастауы болды. Керей мен Жәнібек хандар келешек ұрпақтың жадында. Астанадағы Тұңғыш президент мұражайының жанынан тарих­и тұлғаларға ескерткіш қойылды.

Қазақ хандығының қалай құрыл­ғаны жөнінде орта ғасырда өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарих-и Раши­ди» — 1546 жыл), Әбілғазы-Баһадур хан («Түрік шежіресі» — 1664 жыл), Қадыр­ғали Жалайыр («Жылнамалар жинағы­» — 1602 жыл), Өтеміс Қажы («Шыңғыс-наме» — XVI ғ. І жартысы) және тағы басқа тарихшылардың еңбектерінде кездеседі. Кейінгі ғалымдар соларды сараптай отырып, қазақтың жаңа тарихын жасап шықты. Сапа мәселесіне келгенде ойланатын тұстар баршылық. Қойшығара Салғараұлы: «Тарихи сана – ұлттық сананың негізі, іргетасы. Демек, негізі берік іргетассыз сапалы ұлттық сана қалыптаспайды. Міне, исі қазақ алдында тұрған ең басты міндет – осы», — деп жазады. Жаңа тарих неден басталса, халықтың ой өрісі, логикасы содан басталады.

Қазақ хандығын өз қолдарымен құрған Керей мен Жәнібек хандардың өмірін тарихшыларымыз толық зерттеп, оқырманға жеткізе алды ма? Қазақ тарихын сөз еткенде әріге барғымыз келмейді. Керей мен Жәні­бектің өмір сүрген ортасынан, кешегі КСРО-дан қалған концепцияның айналасынан шыға алмай жүргендейміз. Қолымызда бары – өткен ғасырдың соңын­да жазылған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарих­и трилогиясындағы «Алмас қылышы». Қазақ хандығы туралы­ түсінбеген, білмеген жері болса, оқырман соған жүгінеді. Жаһандану, техниканың (интерне­т) дамыған заманында жаңадан жазылған қазақ тарихы жас оқырманды қанағаттандыра ала ма? Жалпы, Жәні­бек хан туралы біз не білеміз?

Қазақ хандығының екінші ханы Жәнібек туралы зерттеу еңбегімді жазуға Тараз қаласында тұратын Жолдыбек Исабеков(студент кезден достары Жора деп атап кеткен)досымның сөзі себеп болды. Ол қазақ тарихы туралы көп оқиды. Кездесе қалсақ, баспадан жаңадан шыққан қазақ тарихына қатысты кітаптар жөнінде ой бөлісетініміз бар. «Мұхамеджан Тынышпаев бір жолы Жәнібек ханның Ресейге қоныс аударып, сол жақта қайтыс болғанын жазыпты, соны білесің бе?» — деп сұрады. Шынында, М.Тынышпаевты қанша оқысам да бұған мән бермеппін. Оның жазуынша, Шағатай ұлысының құрамында бол­ған арғындар Темірдің 1376, 1389 және 1390 жылдардағы жойқын шапқыншылықтарына ұшырады. «Одан кейін XV ғасырдың басында шығыстан жоңғарлардың шабуылы басталды да, 1456 жылыарғындар батысқа қарай жылжып, Орыс ханның немересі әйгілі Жәні­бек ханның қарамағында болды. Шамасы, арғындар батысқа қарай 1400-1410 жылдар мәулетінде қозғалса керек. Өйт­кені арғындар (қанжығалы руы) 1420 жылы Жәнібектің әкесі Барақ ханның Ташкент пен Ходжентке қарсы жорығына қатысады. Әбілқайырға жақын жүргендер қатарында қарақыпшақ Қобыланды мен арғын руынан ел Ақжол деп атаған Дайырқожа болған екен деген­ аңыз бар. Олар іштей жауласып жүреді де, Дайырқожа Қобыландының қолынан қаза табады. Сонда арғындар және керейлер Жәнібек пен Керей сұлтанға ілесіп, Әбілқайырды тастап кетеді. Бұл аңыз тарихтан белгілі. Жәнібек пен Керей­ Моңғолстанға, Балқаш көлінің оңтүстігіне ығысу себебін де тиянақтай түседі. Қазақ хандығының құрылуы осы шақтан басталғандықтан(мен оған толық қосылмаймын),арғындар осы халықтың құрамынан үлкен орын алғаны күмәнсіз. Қазақ аңызына қарасақ, бұдан кейін Жәнібек Еділдің төменгі ағысына көшіп, Аштархан (Астрахань) қаласын салады. «Ресей мемлекетінің тарихы» атты еңбегінде Карамзин: «Алтын орда ханы Ахме­т Жәнібекке Қырымды берді», — дейді. Вельяминов-Зерновтың Қасым хан турал­ы зерттеуінен Жәнібектің Меңлікерейден сескеніп, 1475-1477 жылдары III.Иванмен (авт.–Иван Грозныйдың атасы) байланыс жасап, одан қажет кезін­де пана беруді сұрағаны белгілі. 1480 жылдар шамасында ол Ресейге қоныс аударып, сонда көз жұмады. Ар­ғындар Қырымда, Қазан мен Астраханьда көрнекті орын алып, ханның сенімді қарашалары болды. Жәнібек Ресейге кеткенде Қырымнан көтерілмей, бетке ұстар қаймақтар қатарында қала берді.

Кавказда Сунжо өзенінің бойына Аргун ауылы орналасқан, Аргун шатқалын бойлай ағатын Аргун өзені келіп құяды: бұл, шамасы, Жәнібек тұқымдарының бірі алып келген атау болса керек. Яковлев «Солтүстік Кавказды зерттеудегі жаңалықтар» деген мақаласында Авар сұлтандары Орыс сұлтанның тұқымдары еді дегенді айтады. Бұл сұлтандар Орыс ханның немересі Жәнібек ұрпақтарынан тараса керек. Едігенің ұрпақтары – ноғай мырзаларының билігінде қалған арғындардың үлкен тобы, ол жақтан XVI ғасырдың ортасында Исмаил мен Жүсіп мырзалардың арасындағы қантөгіс шайқастар және орыстардың Қазан мен Астраханьды басып алуынан кейін кетсе керек. XVI ғасырдың соңында арғындар Қаратау тауларынан көрініп, Тәуекел мен Есім хандардың Ферғана, Самар­қан, Бұқара жорық­тарына қатысады»(М.Тыныш­паев, «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар», Целиноград, 1991 жыл, 16, 17-беттер).

Түсініктеме:«Моңғолстан (Моғолстан) – XIII ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістаннан бастап бүкіл Жетісу өңірі мен Оңтүстік Сібірге дейінгі байтақ алапта ежелден мекен еткен түркі тайпалары қайтадан тұтастана бастады. Олар тарих­ сахнасына «моғолдар» деген атпен шығып, мемлекетін «Моғолстан» деп атады. Моғолстан мемлекетінің іргетасын 1206 жылы Жеңіс хан қалады. Шыңғыс ханның кіндігінен тараған ұрпақ Моғолстан жерін 1207-1228 жылдар аралығында­ өз қалауларына қарай бөлшектеп, жеке иеліктерге айналдырды. Алайда Моғолстан атауы көпке дейін жойылған жоқ. Шағатай әулетінен шыққан Тоғлұқ Темір 1348 жылы хан болып сайланған соң өз иелігін Моғолстан деп атады. Бұл осы күнгі Қазақстанның оңтүстік шығыс өңірі мен Қырғызстан жері еді. XVI ғасырдың бас кезінде Моғолстан мемлекеті біржола ыдырады. Сырдария бойындағы қалалар Әбілқайыр ханның иелігіне (1456 ж.) көш­ті. Жетісу мен Қырғызстанға Есенбұға хан ие болып қалды. Осы кезде Алтын Орда мен Темір арасындағы бітпес текетірестен әбден ығыр болған көшпелі тайпаларды Жәнібек хан мен Керей ханбастап келіп, Есенбұға ханға қосылды» (А.Сейдімбек, «Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау», Алматы­, 1997 жыл, 40, 41-беттер).

Ескерту:Жәнібек пен Керей Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстан ханы Есенбұғаға қосылған кезде екеуі де сұлтан бола­тын. Егер хан деп аталған жағдайда қай жерде, оларды кімдер ақ киізге орап, хан көтерген және қандай жерлерге иелік еткен­ деген сұрақ туындайды.

Ахмет – Үлкен Орданың (Алтын Орда) 1465-1481жылдардағы соңғы ханы. Жошының үлкен баласы Орда-Еженнен тарайды. Үлкен Орда /Алтын Орда/ ханы Кіші-Мұхаммедтің (Кичи-Мухаммед – 1433-1459 жж.) ұлы. Ахмет ханды Ноғай мырзалары мен түмендік Айбек (Ибак) хан қастандық жасап өлтіреді. Бұл туралы Мұрат Әбдіров былай­ деп жазады: «Затем Ибак-хан объединился с ногайскими мурзами Мусой и Ямгурчи (авт.–Жаңбыршы) и в 1481 году вероломно убил своего недавнего союзника Ахмед-хана. Золотая Орда от Волги и Дона до Азова была разграблена и больше уже никогда не возродилась»(Хан Кучум известный и неизвестный», Алматы, 1996 год, стр. 36).

Р.Ю.Почекаевтың «Цари ордынское» атты зерттеуінде Ахмет ханның Жошы­ның бесінші баласы Туга-Темірден тарайтыны көрсетілген. «Айбек (Ибак) — «Из всех предков Кучума наиболее известен был в степи Ибак-хан (в некоторых источниках Айбак-хан). Сын шейбанида Хаджи-Мухаммед-хана, властолюбивый интриган, международный авантюрист, он всю свою жизнь боролс­я за господство то в Сибири, то в Казани, то в Астрахани…»(Хан Кучум извест­ный и неизвестный», Алматы, 1996 год, стр. 36).«III.Иван (Иоанн) Васильевич (Великий), (Грозный) –1462-1505 жылдары (авт.–43 жыл бойы княздік құрды деп жазғаны сеніміздік тудырады) Суздаль мен Мәскеу княздіктерінің ұлы князі», — деп Л.Гумилев жазады(«Арабес­ки» истории, Москва, 1994 год, стр. 273).

Түсініктеме.III Иван Василеьевич (Великий)­, (Грозный) жайында соңғы кезде­рдегі орыс тарихында оның өмірі қарама-қайшылыққа толы. Орыс княздарының ішінде ең көп уақыт княздікті басқарған «ұлы» княздардың бірі.

ИсмаилНоғай Ордасының биі Едігеден­ тарайды. Едіге > Нұрадин > Оказ (Ваккас) > Мұса > Исмаил (Алшыс­майыл). Исмаил 1554 жылдың соңында ағасы Жүсіпті өлтіріп, Ноғай Ордасының ханы болды. 1563 жылдың қараша айынд­а өледі. Қазақтың «Едіге» жырында көп айтылатын Алшысмай­ыл осы.

Жүсіп — Едіге > Нұрадин > Оказ (Ваккас) > Мұса > Жүсіп (Юсуф). 1549 жылы Шейхмамайдан кейінгі Ноғай Ордасының ханы болып сайланды.

Исмаил мен Жүсіптің әкелері Ноғай Ордасының ханы Мұса, шешелері Сібір ханы Ибақтың (Айбек немесе Ибак) Ханзада есімді қызы.

Оказ – «Уақас (Оказ, Ваккас) би болды.­ Қырық тоғыз жасында опат бол­ды.­ Ұлдары Мұса, Жаңбыршы еді. Атасының соңы Мұса би болды. Ол ұлысты­ (Ноғай Ордасын) өзі биледі»(Қ.Жалайыр­, «Шежірелер жинағы», Алматы, 1997 жыл, 118-бет).

ЖәнібекОрыс ханға шөпшек болып келеді. Орыс хан > Құтылық-Бұға >Құтужақ > Барақ > Абусаид (Жәнібек).

Н.Карамзин Жәнібек (Зенебек) турал­ы: «Иоанн III послал в Крым толмача своего Иванчу, желая заключить с ханом торжественный союз; а Менгли-Гирей в 1473 году прислал в Москву чинов­ника Ази-Бабу, который именем его клятвенно утвердил предварительный мирный договор между Крымом и Россию… Вместе с Али-Бабою отправился в Крым послом боярин Никита Беклемишев. Иоанн обещался действовать с Менгли-Гиреем совокупно против­ хана Золотой Орды, Ахмата, если он (Менгли-Гирей) сам будет помогать Росси­и против короля польского. «Ты хочешь­, чтобы я принял к себе Зенебекацаревича: в минувшее лето он просился в мою службу; но я отказал ему, считая его твоим­ недругом: ныне послал за ним в Орду, чтобы сделать тебе угодное». Брат ханский Айдар, собрав многочисленную толпу преданных ему людей, изгнал неос­торожного Менгли-Гирея, бежавшего в Кафу к генуэзцам. Скоро явился на Черном море сильный турецкий флот под начальством визиря Магометова, Ахмета паши. Истребив до основания державу генуэзскую в Тавриде, более двух веков существовавшую, и покорив весь Крым султану, Ахмет паша возвратился в Константинополь с великим богатс­твом и с плениками, в чиле коих был и Менгли-Гирей с двумя братьями. Султан обласкал сего хана, назвал закон­ным властителем Крыма. Но Менгли-Гирей, еще не успев восстановить в Тавриде порядка, разрушенного турецким завоеванием, был вторично изгнан оттуда­ Ахматом царем Золотой Орды. Что Ахмат, добровольно или принужденно, уступил Тавриду царевичу Зенебеку, который прежде искал службы в России. Зенебек, став ханом крымским, не осле­пился своим временным счастием, предвидел опасности и прислал в Москву чино­вника, именем Яфара Бердея, узнать­, может ли он, в случае изгнания, найти у нас безопасное убежище. Великий­ князь ответствовал ему через гонца: «Еще не имея ни силы, ни власти и буду­чи единственно козаком, ты спрашивал у меня, найдешь ли отдохновение в земле­ моей, если конь твой утрудится в поле? Я обещал тебе безопасность и спокойствие. Ныне радуюсь твоему благополучию; но если обстоятельства переменятся, то считай мою землю верным для себя пристанищем» Сей гонец должен был изъясниться с Зенебеком наедине и предложить ему возобновление союза, заключенного между Россией и Менгли-Гиреем», — деп жазады(Н.Карамзин, «История государства Российского», Тула, 1990 год, стр. 437, 438, 439).

«Недолго Зенебек господствовал в Тавриде: Менгли-Гирей изгнал его, воцарился снова и прислал известить о том Иоанна, который немедленно отправил к нему гонца с поздравлением, а скоро (в 1480 году) и боярина, князя Ивана Звенца. Сей посол должен был сказать хану, что великий князь, из особенной к нему дружбы, принял к себе не только изгнанного царя Зенебека, но двух братье­в Менгли-Гиреевих, Нордоулата и Айдара, живших прежде в Литве, дабы отнять у них способ вредить ему»(Н.Карамз­ин, «История государства Российского», Тула, 1990 год, стр. 464, 465).

Зенебек – Н.Карамзиннің жазуындағы Жәнібек.

Таврида губерниясына мынадай уезде­р қараған: Бердянск, Днепров, Пере­коп, Симферополь, Феодосия және Ялта. Губернияның орталығы – Симферополь. Қырым жарты аралы XVII ғасырда Таврида губерниясына қараған.

Жәнібектің Қырымда хан болғанын Сәкен Сейфуллин «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» атты мақаласында да қайталайды(Алматы, 1997 жыл, 299, 300-беттер).

Қайрат Бегалин «Алтын Орда хандары» кітабының «Жанталас» бөлімінде былай жазады: «1474 жылы Меңлігерейге III Иваннан бояр Никита Васильевич Беклемишев бастаған елшілік келеді. Мақсаты – Алтын Орда ханы Ахмет пен литвалық князь IV Казимирге қарсы одақ құру. Бұған қарсы жақтың жауабы кідірмеді. Ахмет хан әскерімен келіп, Кафаны (авт.–Феодосия) қоршады. Қалаға басып кіріп, өз тәртібін орнатты. Меңлігерейді қапасқа қамап, орнына Жәнібекті өз қолымен хан қойды. Алайда­ 1478 жылы түрік сұлтаны Меңлігерейдің Қырым хандығы тағына отыруына қол ұшын берді. Жәнібек хан тақтан қуылды», — деп Н.Карамзинның жазғанын қайталайды(Алматы, 2007 жыл, 257, 258-беттер).

А.Р.Андреев «История Крыма» атты зерттеуінде: «В 1474 году войска Ахмата разбило крымских татар Менгли-Герея. Крымский хан ушел в Турцию. Новым ханом Крымского юрта стал сын Ахмата Джанибек. В 1478 году с помощью крымской знати Джанибекбыл изгнан из Крыма»­, — деп жазады(XIII-XV вв.).

Сын Ахмата Джанибек–Үлкен Орда ханы Ахметтің Жәнібек аттас баласы болмағанын тарихшылар жазады.

Л.Гумилев те Жәнібектің Қырымда хан болғанын жазады: «В 1477 году он (авт.–Меңлігерей) был побежден Ахмедом. Овладев Крымским полуостровом, Ахмед назначил его управителем Джани-бек Гирея. Но уже год спустя положение в Крыму было восстановлено: Джани-бек вынужден был бежать в Россию»(«Арабески» Истории, Москва, 1994 год, стр. 142).

М.Тынышбайұлы, Н.Карамзин, Л.Н.Гумилев, Р.Ю.Почекаев, А.Р.Андреев және Қ.Бегалин Жәнібектің Қырым ханы болғанын көрсетіп отыр. Қырым ханы болатындай бұл қай Жәнібек? Әлде Қазақ ханы Жәнібек пе не болмаса басқа­ Жәнібек болғаны ма? Мұхамеджан Тыныш­паевтан басқа орта ғасыр және кейінгі заман тарихшылары Қазақ ханы Жәнібек ханмен аттас Жәнібек хандар болғанын, қай елде, қай жылдары хандық құрғаны туралы жазған.