Балалық шақ және балалар- жалпыадамзат құндылықтары және педагог –мұғалімнің кәсіби әрекеті мақсаты

  1. Ғылым мен тәжірибе мәліметтерінде балаларды алты жастан оқыту тиімді екендігі дәлелденді. Мұнын өзі олардың келесі жылдары ойдағыдай оқуына қолайлы жағдай туғызады. Елеулі кемшіліктердің бірі — жалпы және кәсіптік білім беру аралығындағы үйлеспеушілік болды, ал мұның өзі көп жағдайда мектеп бітірушілерді дер кезінде өнімді еңбекке қатыстыруға кедергі жасады. Сонымен, мектептің басты міндеті — жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі мен сапасын түбегейлі жеке батыл жақсарту, әрбір жас ұрпақты жан-жақты және үйлесімді дамытуға неғүрлым қолайлы жағдай жасау. Ол үшін мыналар қажет:

Халыққа білім беру жүйесінің демократизмін толық пайдалану. Реформада жалпы орта және кәсіптік білім берудін, мынадай қүрылымы белгіленген: І-ІУ кластар — бастауыш мектеп, V—IX кластар — орталау мектеп, X—XI кластар, орта кәсіптік-коллед-ждер мен арнаулы жоғарғы оқу орындары, жұмысшы жастар үшін сырттай оқитын оқу орындары. Бастауыш мектептердің басты міндеттері — балаларды тез және дүрыс окуға, есептеуге және жазуға үйрету, олардың денсаулығын нығайту. Толық орта білім алғандардың барлығында білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруына тең құқық беріледі. Барлық орта оқу орындарында жалпы білім даярлығының бірыңғай деңгейі белгіленген. Мектеп окушыларын еңбекке гәрбиелеуді, оқытуды және кәсіби бағдар беруді құру еңбек пәніне, қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке бөлінетін уақытты едәуір көбейтуді қажет етті. Мектеп реформасының негізгі бағыттарында I кластан XI классқа дейін, жоғары кластағылар белгілі бір мамандыкты игергенге дейін еңбекке баулу жүйесі белгіленген. Оқушыларды өнімді енбекке әзірлеудің кұрамдас бөліг і әкономикалық тәрбие болып саналады.

Оқу-тәрбие процесіпіц сапасыи жацсарту.

  1. Мектеп оқушылардың бойына Отанға сүйіспеншілік, коллективизм, үлкендерді, ата-аналар мен мүғалімдерді сыйлау сезімін дарытуға, жеткіншек ұрпақты оқу мен еңбектің сапасы үшін, өздерінің мінез-қүлқы үшін жоғары жауапкершілік рухында тәрбиелеуге, окушылардың өзін-өзі баскаруын дамытуға тиіс.Оқу-тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының өзара қарым- қатынасы.Оқыту мен тәрбиелеудің табысты болуы көп жағдайда педагогтар мен оқушылардың жүйелі жұмыстарына, олардың бірлескен еңбек сипатына байланысты. Педагогикалык процестің өте тиімді болуы үшін мынадай жағдай қажет: мұғалім оқушысьтн оқыту мен тәрбиелеуге ынта -ықылас білдіруі және атқара алуы, олардың, оқуға деген ынтызарын оята білуі тиіс. Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі µмір сүргеннен бері әрдайым оқып білуге — өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға — өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынды. Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болды. Олар атқарып отырған істің мақыздылығы және тандаулы мүғалімдердін, беделі мұғалімдік мамандыққа айрықша ілтипат білдірді. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін калаушы славяндык ұлы педагог Ян Амос Коменский мүғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған ешнєрсе жоқ» деп жазды.
  2. Сабақтың оқу — тәрбие жүмысының мақсатын жоспарлау бағасы:
  • Оқыту,
  • Тәрбиелеу,
  • Оқушылардын ақыл-ойға, ерік, сезім және танымдылық үрдістерді дамытуы.
  1. Сабақ мазмұнының психологиялық-пеагогикалық бағасы:
  • Оқу материалының психологиялың сапасы (сурет немесе түсіндіру, олардың көрнекілілігі, нактылык, абстрактілік, талап қорытындылау дәрежесі).
  • Оқушылардың танымдык іс-әрекетінде осы тақырыптың қабылдауы қай жағынан белсенді түрде қажет (бейне немесе сөздік-логикалык есте сақтауы, абстрактілік ойлауы, елесі). Қандай сезімдер тууы ықтимал?
  • Берілген оқу материалдар оқушылардың танымдык іс-әрекет барысында жас ерекшелігіне, емір тәжірибесіне және білім денгейіне сәйкес келе ма?
  • Меңгерілген білім мен біліктіліктің мазмұндылығын, түйінін мүғалім калай бөле алады?
  • Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, қиын тақырыптарды қабылдауына мұғалім түсінікті, қызықты, айқын әрі қарапайым жеткізу, көрінекті мысалдардың, аналогияның, салыстырудың болуы (көрнекі қүралдарды пайдалану, өмір мен байланыстыру және т.б.) қалай жүреді?
  • Берілген материалдық тәрбиелік мәні ( моральдык, әстетикалык, дін т.б ) неде?
  1. Оқу материалының тәрбиелік мүмкіндіктерін мүғалім каншалыкты орнықты анықтайды.
  2. Сабақта оқушылардың танымдык іс-әрекетін басқарудың әдістері мен қүралдары. 4.1 Зейінді үйымдастыру:
  • Сабақтың барлық кезеңінде есте сақтауды ұйымдастырудын жолдары ( сабакта оқушылардың ырықсыз көңіл бөліуіне, назар аударуына үндеу жасау, іс-әрекетін кажеттілігін көрсете білу, нақты мақсатты коя білу).
  • Сабақ барысында зейіннің түрлері және олардың кейбір оқушылардың бойынан көрінуі.
  • Оқушылардың назарын бір іс-әрекеттен екіншісіне аударуды үйымдастырудың тәсілдері.
  • Мұғалім үсынған іс-әрекеептгің кандай қиын түрі болсада, окушылардың назарын аударуға талап қоя білуі.әрі бұл жағдайдан қалай шықты?

4.2 Қабылдауды ұйымдастыру және онын ерекшелігі:

  • Оқушылардын қабылдау объектісі не болып табылады ( мүғалімнін сөйлеуі, кітаптың мәтіні,әртүрлі көрнекі құралдар)?
  • Көрнекі құралдарды қолдануы, олардын сабақтағы қызметі.
  • Материалды қабылдау тиянақтылығы.

4.3 Ес және оның дамуы:

  • Сабақты әр кезенінде оқулардың есте сақтауына мүғалімнін арнайы үндеу жасай білуі.

13

  • Сабақта естін қай тұрі жиі байкалады?
  • Сабақта мұғалім есте сақтаудын ең тамаша қандай тәсілін колданады?

4.4 Оқушылардың ойлау іс-әрекетінін белсенділігін артыру:

  • Мұғалім оқушыларға ғылыми түсінікті калай калыптастырады?Осыған орай көрнекі кұралдарды калай колданылады?
  • Түсініктерді бір-бірімен қалай байланыстырады, әрі қандай пікір калыптастырады?
  • Түсініктер мен пікірлері оқушылардын менгеруіне мүғалім қандай жолдарды( индуктивті немесе дедуктивті) таңдады?
  • Мүғалім оқушылардын түсініктері мен пікірлерді менгеруіне қажетгілікті тудыра білді ма?
  • Сабақта түсініктерді меңгерудін деңгейі, түсінікерді анықтау барысында жіберілген қателіктер
  • Оқушьлардын өзінін шығармашылық ойының белсенділігі.
  • Ұжымдык таным іс-әректінің үйымдастыруы.

4.5 Сабақта репродуктивті және шығармашылык елестің белсенділігі.

4.6 Мүғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін қалай ескереді.

  1. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы:

5.1 Мүғалім сабақтың қай кезеңінде (сұрак-жауап, жаңа материалмен таныстыру, пысыкау барысында), қандай мақсатпен оқушыларға сүйенеді(с±рақ қойды)?

5.2 Сабақта оқушылардың меңгерген білім денгейін анықтауы.

5.3 Кері байланыс тек бақылау мен ғана шектелмей, үйрету ерекшелігі болады ма?

5.4 Сабақта окушыларға қойылған бағаларды қалай қабылдады, әрі оларға қалай түсінік береді

5.5 Оқушылардың берген жауаптарының ерекшеліктері мүғалімнің әрекетінде, сөзінде ескерілді ме?

  1. Мұғалімнің тәжірибелік ықпалы:

6.1 Оның сыртқы келбеті, сөйеу, әрі оқушылармен қарым-қатынас үлгісі. Сабақтағы әмоциялык жағдай.

6.2 Оқушылардың күиды ерікті ар-үждандық қасиеттерін калыптастыруға мұғалімнің талап қоя білуі және оқушылардың осы талапқа кµзкарасы әсері.

  1. Сабақта қолданған тәсілдер мен әдістердің тәрбиелік маңызы.
  2. Үй тапсырмасының көлемі, ерекшелігі, жекедаралығы.
  3. Сабақ мақсатына жеткендігі жайлы қандай психологиялық көрсеткіштер арқылы нақтылауға болады.

3.Окыту — шәкіртпен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортак іс-әрекеті. Оқыту — мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып білуге бағытталған өзіндік әрекеті. Оқыту процесінің әртүрлі қырларын жекелеген методикалар қарастырады. Шәкірттердің оқу мазмұнын ұғынып, әртүрлі тапсырмаларды қалайша орындай алу мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттердің оқуға талпынысы мен ынтасын қалыптастыру жолдарын, оның түрлі білім , дағды, әдеттерді калайша меңгеріп отыратындыктарын әртүрлі мазмұндағы материалдарды игеру ерекшеліктері -нәтижені жоғарылату объектісі болып табылады. Оқу материалдары адам психологаясына зор талап қоятыны белгілі. Шындықтағы құбылыстардьң сыр сипатын, мән жайын ұғыну өте күрделі әрекет. Мұның өзі қазіргі заманда бірнеше кезеңнен түратыны белгілі. Мәселен оқушының сабақта материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Содан соң тәжірибеде сынап көреді. Үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен түжырымдайды. Төртінші кезеңде олардың ойына үстап түрады да, бесінші кезеңде шәкіртке зат пен құбылыс туралы белгі ұғымы калыптасатын болады. Ақыл ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардын байланыс қатынастарын менгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, дәлелдей алуға, олардын айырмашылык бірлестіктерін үйренеді. Мұғалім шәкірт ойлауындағы талдау тәсілінін калыптасуына жеткіліксіз көніл бөлетін болса, ондай окушы материалдын бір-бірі мен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, берілген мағлұмат бұрынғы материалмен дүрыс байланыспай калады. Материалды өз күйінше жаттап алу , онын ішкі мәніне бара бермеу, балада жаттампаздык, яғни оны қүрғак жаттап алуға әуес болуға жетелейді. Шәкірттің білім менгеуі , мүғалімнін сабак окуы, екеуі де инемен кұдык казғандай киын нәрсе. Мәселен мүғалім оқушыға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдайда акыл ой кернеуалығын, кейде оқудан жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондыктан ұстаз өз шәкірттін рухани тілектерін, таным белсенділігін, оны үдайы қанағаттандырып, онын табиғатты, өмірді, адамдар енбегін білуге кұштарлығын дамыту кажет. Мынандай кез әрқашан есте болуы керек. Егер жас баланың потенциалдык мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни онын рухани тілектері қанағаттандырылмаса, бұл жағдай айналаны танып-білуге қүштарлығынын біртіндеп сөнуіне , самарқаулыққа салынуына себеп болуы ыктимал. Шәкірт акыл ойын жүйелілік пен дамыту үшін окытудын тым жеңілдетудін де кажеті жоқ. Шәкіртгерін ойлау кабілетін дамытуға окытудын проблемалы сипата болуы ерекше әсер етеді.Проблемалық оку оқушыға беретін білімнін бәрін мұғалімнін өзі баяндап бермей, олардын алдына сүрау салып, мәселе койып, соны өздерінше шешуге бағытгау. Білім жүйелерін меңгеру күрделі ой ның нәтижесі. Бұл ойлау формалары мен тәсілдері арқылы жүзеге асады. Осылайша ойлау тәсілдерін тиімді пайдалануда шәкіртердін өздері ұғынуға тиісті заттар мен факторларды саралап, салыстырып , жекелеген кұбылыстардың не себептен туындайтынын, себебін іздестіретін болады. Еліміздін озат, жанашыл ұстаздары өз тәжірибесінде методика, педагогика,психология ғылымдарынын соңғы жетістіктерін тиімді пайдалану аркылы сабак процессін жетілдіре түседіАтап айтқанда бүл біріншеден —үстаздын сабақты терең жәнс жап-жакты түсіндіруі, екіншіден- оку материалын тірек плакаттарына ойластыра кыскаша баяндай білу. Онын арқасында шәкірт тірек белгілері бар беттерінің мєнісін үғынады. Осылайша балалардың барлық қырларын зерттеп,сабақтарды қызықты өткізу арқылы балаларды қызықтыра түсеміз.