Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби –педагогикалық әрекетіне кіріспе

1.Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, балаларға шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана оларды ғылымға ынталандыруға, еңбекке баулуға, адамгершілік негіздерін сіңіруге болады. Мұғалім қызметі — өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі карама-қайшылығы мол жан дүниесіне ене білуде, әлі толыспаған сәби жанын жасытып, жаралап алмас үшін мұны әрқашан да есте сактау қажет. Педагогтың балалармен шынайы достық қарым-қатынасын ешбір оқулықпен алмастыруға болмайды. Парасаттылық — ақыл-оймен, ар-ұятпен, Отанға берілгендік — соған адал қызмет етумен тәрбиеленеді.

Мүғалімді адам жанынын инженері, мінез-қүлық сәулетшісі, ауру шипагері ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижеры, адамның алғашқы қылығының әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан деп атайды. Осының бәрі — таза шындық. Бірақ басқа мамандықтардан мұғалімдердің айырмашылығы — оларға өз еңбегінің жемісін бірден білу жазбаған. Олардың еккен жемісі көгеріп-көктеу үшін ұзақ жылдар керек. Мұғалім өзінің жігер-шабытын қазіргі және болашақтағы өз парыз түйсігінен алады. Оның творчествосы мектеп реформасының идеясымен рухтанады. Жоғарғы оқу орнында оқыған алғашқы күннен бастап тәрбиелеу өнерін үйрену қажет. «Мамандыққа кіріспе»— ең алғашқы кәсіби-педагогикалық пән. Онда төрт негізгі міндет койылған: 1) мұғалімнің кәсіптік қызметінің ғылыми негіздерімен таныстыру; 2) жоғарғы оқу орындарында оқу енбегі мәдениетін меңгеруге жәрдемдесу; 3) бесінші семестрден бас-талатын педагогикалық практиканы жеңілдету; 4) ең бастысы— мұғалімдік кәсіби сапаны дербес қалыптастыруға, яғни өзін-өзі тәрбиелеу деп аталатын өте қызғылықты және игілікті іспен шұғылдануға үйрету. Сонымен, бүл курста ең ізгілікті істер оқыты-лады және де сендер оған ынта-ықылас білдірсеңдер өмір жолдарынды дұрыс тандауға, әрі педагогикалық творчествоның негіздерін толық меңгеруге жәрдемдеседі.

2.Мұғалім — қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы ең бағалы және қажетті нәрселерді алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар санасына сіңіреді. Мұғалім — бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдын өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Мұғалім ең күрделі процестерді — жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттық ішінде ен дүрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мүның; өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде,қоғаммүғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді.Мүғалімгеүйретугееңсенгішкезіндегіадамсеніп тапсырылады. Мүғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мүратын жәнеөмірлікмақсатынқалыптастырады,яғнионын,колында В.Г.Белинскийдің сөзімен айтқанда, адамның өмірлік тағдыры тұр. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қоғамымыздың болашағы — үйлесімді жеке басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыраотырып,шынмәнінде,бақытнегізінқалайды. К.Г.Паустовский«бақытбілімпазғакеледі»депәділайткан Мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағыикемділіктіц,танымдық жәнепрактикалық міндеттерді творчестволықпеншешебілудіңдеманызызор.Мүғалімойын қадағалаумүмкіндігіоқушылардыңойлаумәдениетін қалылтастырады.Алайдаболашақжаспедагогтарүшінөзін-өзі тәрбилеудің,кәсіптік-педагогикалықөзіндікпайдалысипаттарын білгені жөн. Үйірсектік. Түйық мұғалімге өзі мен шәкірті арасындағы өзара түсінісушілік пердесін ысыруы оңайға түспейді. Оларға, үйірсек мүғалімдерге қараганда, шәкіртінің ішкі әлеміне енуі едәуір қиынға түседі. Өзін-өзі үстай білу. Өз әмоциясы мен сезімін меңгере білген мұғалімжоқтанөзгегекүйгелекгенбейді,асығысқорытындымен ескертудіжасамайды,яғниорынсызжазаламайды.Мақсапща әісетудегітабаидылық. Іскермүғалімдерөзіқойғанталабынан қайтпайды.Ол:тамшытастыөзкүшіменемес,өзініңжиі таматындығымен теседі,— дегенмақалдың мәнін жақсы түсінеді. Оптгшизмжәнеәзіл.Өтесыпайы,әріорыидыәзіл -тәрбие процесінін. бейсенділік катализаторы. А.С.Макаренкопедагогтарға балаларколлективіндесергек,куаныштыкөңіл-күйтуғызу, тәрбиеленушіге «оптимистік болжамда» қарау, яғни оқушының жаксы жағына сену және тәрбиедесоған арқа-сү:іеуқажет деп үйреіті. Сонымен, мұгалімнің жеке сапасымен және педагоги-калық терен, білімділіғімен түтасқан идеялық сенімділігі, оның кәсіби шеберлігінің берік

  1. Іргетасын қалайды. Педатогикалыққызметтіңойдағыдай болуынық қа-жетті шартты — балапы жацсы көру. Балаларды жақсы көрмей түрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәр-биелеу мүмкін емес.Балаға салқынқараукөп жағдайда олардыд мінез-қүлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс кылықтың пайда болуына әкеп соғады. Балаларды біреуді жаксы, ал—біреуді жек көруге тәрбиелеуге бол-майды.Балажаксыкөргенді-жаксыкөреді,күрмеітегенді— кұрметтейді. Олар әуелі ез «физигін», «математигін», «әдебиетшісін», сонан соң физиканы, математиканьт немесе әдебиетті үнатады немесе ұнатпайды. Екіншіден, шєкіртін жақсы көрген мүғалім, жұмысын да ұнатады. Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкершілігімен, көнбістігімен, әмоциялығымен, парасаттылығымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен және жұмсақтығымен айқындалады. Мұның барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде өз мінез-құлқын тексеру арқылы ғана жєне үнемі өзін-өзі тәрбилеу нәтижесінде ғана тани алады. Л.Н.Толстой былай деп жазды: «Мен мектепке кірген кезде жалба-жұлба киінген, шілбиген кір-қожалақ балаларды, олардың күлімсіреген көздерін көргенде менде суға батқан адамды көргендей үрей, елес пайда болады. Мен халыққа білім беруді ойлағанда, сол түншыққан Пушкиндерді Ломоносовтарды құтқарсам деймін. Ал олар әр мектепте де көптеп кездеседі» Соңғы жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір арттырылды, қазір олардың көпшілігінде жоғары педагогикалық білім бар. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдерге берілетін жеңілдіктер ұлғайтылды. Әдебиет пен өнер қайраткерлері де мұғалімдерге көбірек көңіл бөле бастады. Сонымен қоса, әсіресе ғылыми-техникалык прогресс жеделдетіліп отырған қазіргі жағдайда, мұғалімдерге қойылатын талаптар арта түсетіні сөзсіз.Тµменде келтіріліп отырған үзіндіде (жазушы В. Драгунский жариялаған «Егер мен бәрін орындай алсам» деген тақырыпта жеткіншек жазған шығармадан) баланың мұғалімге деген көзқарасы мен талабы айқын көрінеді. «Мен ең әуелі өз жастығын балаларға арнаған барлық мұғалімге, қартайған шағында, айталық 30 немесе 32 жыл өткеннен кейін еңбек сіңірген мұғалім атағымен наградтауға бар күш жігерімді салар едім. Мұның өзі оларды шексіз куанышқа, мақтанышқа бөлер еді. Мен оларға « дені сау болатындай» жағдай жасар едім. Алайда мен педагог үйренетің істі едәуір қиындатар едім. Кімде кім педагогикалык, институтқа түскісі келсе, ол барлығын беске тапсыруы, ал өзі оқытқысы келетін пәннен — бестік бағадан да жоғарырақ тапсыруы тиіс. Ол сонымен қоса өзін бапалармен тек ұстау өнерін де меңгере білуі қажет. Оның балалармен қарым-қатынасы жайлы арнайы емтихан болады, егер ол бұл сынақтан өте алмаса, онда әзірше хош бол, бір-екі жылдан кейін келерсің дер едім!.. Тағы бір емтихан өткізіледі: түкке тұрмайтын нәрсеге ызаланушы болма. Егер ол осы сынақтың барлығынан өте жақсы деген бағамен өтетін болса, онда педагогикалық институтқа түсуге жол ашық дер едім».«Сәби тілінде шындық бар»,—дейді халық. Расында, өмір мұғалімдерге әрдайым жаңа талаптар қояды. Егер мұғалім біздің қоғамымыздың өміріне белсене араласып, ондағы көкейкесті проблемаларға сергек қарағанда ғана, ол бұл міндеттерді ойдағыдай орындайтын болады.