Күрделі мәселе шешу мен зерттеу жұмысын жүргізгенде зерттеушінің өзөіндік іс- тәжірибесенің мәні мен ғылыми дағдылардың мағынасы зор. Өерттеуші маңызды факторларды бөліп көрсетуде, жағдаятты тұтастай көрсету, қойылған мақсатқа жетуде оңтайлы жол- таңдауда білімді, тәлімді және епті болуы тиіс.
Тәжірибе деп адам өз білімін- тәліммін ғана атамайды. Кітап пен журналдарда жазылған ақпаратты, ғылыми конференциялырда естіп көрген мәліметті қорытындылып та тәжірибе жинақтауға болады. Алайда, мүлде бірдей жағдаяттар сирек кездеседі, сол себептен толымсыз мәлімет және жеткіліксіз ақпарат жағдайында шешім қабылдап, іске кірісуге тура келеді.
Бұл жағдайда жетіспейтін мәлімет- ақпаратты толықтыру үшін жорамал мен болжамдарды қолданады, өзі не басқалар жинақтаған ғылыми тәжірибе мен ерекше үлгілерді зерттеуде алынған нітижелерді пайдаланады.
Адамзат әрқашанда болашақты білгісі келген, сондықтан ерте кеөден болжаудың әр түрлі әдістер туындаған. Олардың кейбіреуі қиялға негізделсе, басқалары ғылыми жетістіктерге сүйеніп шынайы нәтижелер берген, мысалға, математикалық болжау әдістері.
Егер бұрын ғылымның негізгі міндеті зерттелетін жүйенің жай- күйін түсіну болса, қазірде ғылымның көкейтесті мәселесі- мақсатқа жеткізген әртүрлі стратегияларды бағалау мүмкіндігі. Зерттейтін объект немесе үрдіс және олардың болашақ тәртіп ерекшеліктері туралы максималды ақпарат мөлшерін алу үшін, ұмтылыс тек қана бір тәсілмен қызықтыратын қасиеттері үлгіде зерттеу жолымен қанағаттандырылады.Үлгі объектіні нақты көрсету тәсілін беріп, оның әртүрлі қасиеттерін жеңіл және қаржының аз шығынымен зерттеуге мүмкіндік береді.Бірақ үлгі барлық қасиеттерді бірден зерттеуге мүмкіндік бере алмайды, оның ішінен зерттеуші өзіне қажеттісін таңдап алады. Сондықтан шын объект зерттелгеннен гөрі жүйе туралы оңай тұжырымдама жасауға және керекті нәтиже алуға жеңіл де тезіріек мүмкіндік береді.
Ғылыми- зерттеулердегі өнер тапқыш міндеттері.
Ғылыми жұмыстармен шұғылданған адам жаңа идеяларды ұсына білуге, алдағы тұрған ғылыми міндеттерінің шешімін табуға міндетті.
Адамдар әрқашанда жаңа ойлардың, шығармашылықтың қалай туындайтын, атап, айтқанда ғылыми шығармашылықтың қалай өтетінін білгісі келеді.Бұл сұраққа толық жауап беру мүмкін емес, өйткені шығармашылықтың өзі субъективті, әр адамның, тұлғаның қасиеттеріне, оның жеке қабілеттеріне, кездейсоқ ерекшеліктеріне т. б. байланысты.
Бірақ шығармашылықтың кейбір жалпы сәттерін бөліп шығаруға, формалауға және жаңа идеяларды, өнертапқыш шешімдерді, кейбір қорытындыланған әдіс арқылы ұсынуға болады.
Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді.Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші- ғалымдар мен озат мұғалімдердің ынта- ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды.