Ғылыми танымның екінші деңгейі-теориялық деңгей. Ол зерттеушігі зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп- салдарлықтәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері:
1.Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез- келген ғылыми іс- әрекеттің алғашқы кезеңі Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін,зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай- күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен тасыуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеушіні мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарте болып табылады.Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне коректі әдебиетті таңдап Альп, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда алкен рол атқарады.Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады.Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып Алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
Талдау мен синтез Талдаудың эмпирикалықматериалы механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтерін өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипати мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтерінің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды.Сон дай –ақ ол қатыстық-қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элеменіттерінің бір- біріне қатынасы көрініс табады.
Абстракциялаудың( дерексіздендіру) екі түрі бар: талап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту- көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу- бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алупроцесі.
Дәріптеушілік— дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке ті сілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді.
Түжырым жасаудың индуктивті және дедуктивні әдістері; Бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және кекрісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделі жасау әдісі.Модельдеу- зерттеу бъектісінің өзімен ұқсастық қатынастығы басқа бір объектімен алмастыратын зерттеу әдісі.Бірінші объект топ нұсқа болады да екінші объект оның моделі болады.Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы ойынша тұпнұсқаға көшірілді.Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу алкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданады.Модельдің түп нұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, слайда оның бойында модельне де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлщемдері болуы қажет. Модель ұқсасқық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, байта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылды.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық. Белгілік болады.модельдің Турін таңдау таным зерттеу огбъектісінің күрделілігіне байланысты.
Болжау әдісі:зерттеушінің қаысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім белу жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылды .Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға,формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.
Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін,байланыс пен ықпал ету көрсетькіштерін есепке Алу үшін, өзара тәуелділікті айқындау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін ( диспрессия ), орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерінайқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін ( дисперссия ) ,орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлік коэфиценттерін есептеу үін қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір өасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдеттебелгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлщеу үшін қолданылады. Бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата Алу қажет.
Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесеғ көзпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе нашар деп айтуға болады.
Тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің,белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объектілері немесе құбылыстары белгілі бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық тізім әдісі көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен олардың дәрежесі бойынша орналастырыу, өзара үйлесімдік коэффиценттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.
Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобі эмприкалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашауға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмприкалық әдістер объектіні философиялық категорія ретінде “ құбылыс ” деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер “ мәні ” деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәнінің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірі мен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас- емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теорялық түрде тану оның дамму заңдылықтарын ашуга көмектеседі. Зерттеудің теориялық және эмприкалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір- бірі мен диалектикалық байланысты және бір-бірінісіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.
Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей әдістемелік деңгей. Тнгаымның әдістемелік деңгейі педагогіка категориялары мен, “ білмеген туралы білімді ” айқындау мен, ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістемесі ретінде белгілі теорияларды қолдану мен байланысты мәселелерді шешеуге бағытталған, таным іс- әрекетінің негізгі әдістемелік теориясы құрылуда.
Ғылыми- педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шщешуде қолданылатын ең негізгілері.