Университет қабырғасында студенттер білім алумен қатар оқытушы ұстаздарының жетекшілінгіменғылыми үйірмелерге қатысып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын- ізденсітерін де бастайды. Бұл ретте студенттердің өзіндік жұмыстарыныңатқарар ролі ерекше.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлеріде саналуан, олар белгілі бір тақырып, праоблема , туынды бойынша реферат жазу, оқу әдістемелік, ғылыми сын еңбектерден конспект жасау, студенттік ғылымиконференцияларда баяндамалар жасау, курстық әне дипломдық жұмыстарды жазу т.б.
Курстық және дипломдық жұмыстар- студенттердің сөз өнерінің сырлары мен етене танысып, әдеби – эстетикалық талғамы мен шығармашылық тұлғасының қалыптасуына , ғылыми ізденіс жолына бел алуына, жазу дағдысына машықтануына мол мүмкіндіктер ашатын өзіндік ұмыс түрлері. Сондықтан жоғары кәсіби білім беретін университеттердің оқу процесінде курстық, дипломдық жұмыстардың да алатын өзіндік орны ерекше.
Жоғары мектептің типтік оқу жоспарына сәйкес курстықжұмыстар ІІІ курста,ал диплом жұмыстары соңғы курста жазылады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу педагоьгикалық процесте курстық жұмыстардың өзіндік маңызды рөлі бар.
Курстық жұмыстарщың мақсат-міндеті- әдбиет тарихының немесе қазіргі әдеби дамуға қатысты, сондай ақ әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті бір мәселелерін қарастыру, зерттеу, сөйтіп, студенттердің өзбетімен жұмыс істеу,ғылым жолында іздену дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізу.
Практикалық, семинарлық сабақтардың маңыздылығы өз алдына, студентер өткенкурстарда алған әдеби- теориялық білімдерін басшылыққа ала отрып курс жұмыстарын жазу барысында ізденеді, әдеби фактілерді талдауға, жинақтауға, бағалауға, зерттеу жұмысында қолданылатын түрлі әдіс тәсілдерді игеруге машықтанады. Осындай сан- сала шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу нәтижесінде орындалатын қурыстық жұмыстар студенттердің ғылыми- таымдық көзқарасының кеңеюіне, жауапкершілігінің артуына, күнделікті үлгерімінің жақсаруына да игі әсер етеді.
Өкінішке орай жоғары мектептерде түрлі себептер мен студенттердің жазу дағдысының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөліне бермейді.
Курстық жұмысқа кірісер алдында студент ең алдымен жалпы жұмыс жостарын жасап алуы міндетті. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады.
1).тақырып таңдау;2)Таңдаған тақырыпты жан- жақты таңдап ашуға қажетті көркем туындыларын іріктеу, әдеби- сын зерттеу еңбектерді іздестіріп, олардың тізбесін жасау;3)Іріктелген көркемтуындылар мен әдеби- сын, зерттеу еңбектерді оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, міндет- мақсаты айқындау;4)курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау;5)Жұмысты жазу аяқтау.
Курстық жұмысқа кірісудің бастамасы тақырып таңдаудан басталады.
Кафедра ұсынған тақырыптар тізбесін студент өзіне тиесілі тақырыпқа байланысты таңдауға құқылы.
Жоғары мектеп тәжірибесінде студенттің курстық жұмыстарында жоспардың жиі кездесетін бірнеще түрлері бар.Біріншісі, кіріспеден негізгі тараудан (курс жұмысының тақырыбы жазылады).Қорытынды мен, әдебиет тізімінен түзілсе, екіншісі де осыған жақын, тек негізгі тараудың бірнеше тараушалардан( параграфтардан) немесе а);ә);б);деп санамалаған бөліктерден құрылуы мүмкін. Сондай- ақ, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиет тізімімен түзілген жоспар үлгі де кездеседі.
Жоспарды әдетте ғылыми жетекшіге бекітуге ұсынылады.
Курс жұмысын жазуға дағдылық сатыларынан өткен соң енді ең жауапты кезең-жұмысты жазу басталады.Басты талап, тілек,- туындыны тақырыптақ- идеялық тұтастыққта, мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан қарастырып, көрнкемдік әлемінің құпия сырларына бойлай білу, осынауі алуан тағдыры адамдар жаратылысы, өмір- тіршілік күйлері жайлы, өзінше толғанып, ойлай білу.
Курстық жұмыс шығармашылық еңбек болғандықтан, мтуденттер зерттеу, сын материалдарын, жетекшінің кеңесін басшылыққа ала отырып тақырыпты мүмкіндігінше өзінің көркемдік- эстетикалық түсінігі тұрғысынан талдап- таразылап, түйген ой- тұжырымдарын ортаға салуы керек.
Көп жағдайда курстық жұмыстарды төмендегідей олқылықтар орын алады:
1)тақырыпқа, зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ
Мемлекеттік стандарттарына сай құрылған оқу жлспары университетті бітірушілердің міндетті түрде диплом жұмысын орындауын талап етеді.
Диплом жұмысын бүкіл оқу мерзімінде студенттің таңдап алынған тақырыбына орындалған курстық жұмыстарының тұтастығы деп қарауға болады.
Диплом жұмысын жоғары оқу орнын бітірушінің ғылыми жұмысы деп қарауға болады. Диплом жұмысын белгілі бір педагогикалық құбылысқа байланысты заңдылықтар мен оның шешімін табу жолдары деп қарауға болады.
Диплом жұмысын белгілі бір тақырыпқа байланысты ғылыми мазмұндағы ішкі бірлік пен тұтастыұты және зерттеу барысы мен нәтижесі деп қарауға болады.
Мамандыққа сәйкес диплом жұмысының мақсаты- әлеуметтік гуманитарлық, ғылыми- жаратылыстану, жалпы кәсіпқой және арнаулы пәндер блоетары бойынша студенттердің өзіндік танымдық іс- әрекет нәтижелерін ұштастыра біріктірк, қазіргі бастауыш мектептің кәсіпқой мұғалімі ретіндегі даярлығын қамтамасыз ету.
Бұл анықталған мақсатқа жету жолындағы орындалатын диплом жұмысына төмендегідей міндеттер жүктеледі:
-мамандыққа сәйкестеориялық және тәжірибелік білімдерді жүйелеу, бекіту және кеңейту;
-осы білімдерді нақты педагогикалық мәселелерді шешу барысында пайдалануды қамтамасыз ету;
-ғылыми- зерттеу жұмыстарының әдщістемесін меңгеру және өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту;
-қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесіне студенттің дайындығын анықтау.
Диплом жұмысына бірқатар талаптар қойылады:
-зерттелетін тақырыптың көкейтестілігі және оның сол мамандыққа сәйкес келуі, факультетте орындалатын диплом жұмысының жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;
-Диплом жұмысының тақырыбы қамтитын таным ауқымына сай ғылыми педагогикалық және әдістемелік еібектерді зерттеу және талдау;
-зерттеліп отырған мәселенің тарихын зерттеу және оған сипаттама беру, педагогикалық озық тәжірибені жинақтау жәнеқорытындылау, студенттің жеке тәжірибесін дамыту;
-зерттеу объектісіне, пініне, әдістеріне және кезеңдеріне айқын сипаттама беру, жүргізілген педагогикалық тәжірибені талдау және жазу;
-Жұмыс нәтижелерін, қорытындыларды және тәжірибелік нұсқамаларды жинақтау;
Дипломдық жұмыстар студенттердің жоғары теориялық білімінің көрсеткіші әрі мамандық пән бойынша мемлекеттік емтиханнан орнына қабылданатын болғандықтан, оларға тақырыптық- проблематикалық жағынан да, талдау сапасы, мазмұны тұрғысынан да жоғары талап қойылады.
Курстық жұмыс тақырыптарын әдетте кафедра ұсынса, диплом тақырыптарын студенттердің өздірінің таңдауына ерік беріледі, кейде ғылыми жетекші- оқытушымен ақылдаса отырып, та тақырыпты білуге болады. Диплом жұмыстарының жетекшілік жасайтын оқытушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарымен байланыс сабақтастыққа берілсе тиімдірек.Тақырыптар кафедра мәжілісінде және факультеттің ғылыми кеңесінде бекітілуге тиісті.
Дипломдық жұмыстың жоспары қарастыратын проблеманың күрделілігіне орай бірнеше тараулардан түзілуі мүмкін.