Жоғарыда қарастырылған әдістер біршама құндылығымен қатар жалғыз- ақ елеулі кемшілікке ие: ғалым ол ідістерді қолдана отырып, тар өрісті деректерді ғана дамытуы мүкін, яғни зерттеу қорытындысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбір мәселелердің шешімі ауқымы зерттеуді талап етеді. Бұл ретте педагог тар әлеуметтік зерттеу әдістерін алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп сандағы оқушыларға қойып анықтауға болады.
Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші- ғалымдар мен ЗАТ мұғалімдердің ынта- ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды.
Өкінішке орай,сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен білім мәселелері бойынша жоғарыдан түскен”даналық” көрсетпелерге түсіндірме беріп, олардың”тек дұрыс”екенін негіздеумен болады. Бұл теориялық ой- пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой ұмтылсын түспаодап тастады.
Ғылыми жолға үйлестіретін әдіс бойынша шәкірт оқылатын тақырыптың болжамын теориялық және практикалық тұрғыда жобалап, жнтекші идеяның міндеттерін белгілейді.Қойылып отырған проблеманы шешудің дерек көздерін қарастырып, мәселеге логикалық және практикалық жағынан іздену барысында ғылыми зерттеу жұмыстарына тән әдістерджі өзінің нақты ісінде пайдаланып көреді. Ғылыми зерттеугетән бұл әдістер оқушының өз деңгейінде атқаруы оларды шығармашылық жолға бейімделіп, тиісті проблеманы шешіп, ондағы сұрақтарды талап, талқылап салыстыра қараудағы эксперименттік сипаттағы таным- түсінікке айналады. Былайша айтқанда, оқушы сөз ертіп отырған мәселені, деректерді салыстырып, өзі дұрыс деп таныған пікірге тоқталып, ой қорытындысын жасайды.
Ол –өзінің сипаты жағынан принциптің жаңа жағдай немесе белгілі заңдылықтардың нұсқаулары ретінде ұсынылуы мүмкін. Қисындық құрылымы бойынша болжамдар сызықтық сипатта болады, яғни белгілі бір сөйлем мен пікірді тексеру мен ұсыну барысында, бірнеше жорамалдарды тексеру барысында жүзеге асады. Болжамдық ұсынумен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады.
Болжамды ұсынумен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады.
Педагогикалық интерпретация мен оны бағалау алдын- ала теориялыцқ және тәжірибелік білім қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл қорытындылар, әдеттегідей эксперимент арқылы тексеруі және нақтылануы тиіс, яғни алынған нәтижелерді тексеру мен нақтылау мақсатында іс- тәжірибеге қоса ендіру болып табылады.
Зерттеудің үшінші кезеңі- өңделген пікір ұсыныстарды енгізу үшін тек қана ауызша жұмыс емес, сондай- ақ оларды көрсете білу керек. Және де әдіснамалық пікір ұсыныстарды, құралдары, заңдылықтарды өңдеу де маңызды болып табылады.
Белгілі бір мөлшердегі нәтижелер мен зерттеудің барысы үнемі жаңарып отыруы тиіс, онсыз ғылым мен іс- тәжірибеге оларды ауқымды түрде ендіру мүмкін емес.
Авторға негізгі идеяларды әдістерді қорытындылар мен пікір ұсыныстарды нақты әрі тиімді жеткізе білу аса қажет. Өйткені зерттеуші баяндама, мақала, дисертация жазу барынша оның нәтижесін алдын- ала біледі, және де оның нәтижесі баяндау тәсілін анықтайды.
Әсіресе, қорғап жатқан жұмысының негізгі жағдайларын ашық баяндау автор үшін өте тиімді. Мұндай жолмен дәлелдер нақтылығын, сенімділігін тексеру оңайға түседі. Әрине баяндау менқисынды стандарт қой!ылмайды, әрбір автор өзінің зерттеу нәтиделерінің сенімді, тиімді баяндау тәсілдерін, оптимальды қисынды( логикалық )іздестіреді.
Қисындық толыққандық баяндау тілі ұйымдастырылған жұмыс түріне байланысты болып келеді. Ғылыми баяндаманың бірнеше түрін ұсынуға болады.:
- Баяндама немесе жария жазба- жазбаша түрдегі құрылған, бірақ зерттеумен оның қорытыныдларын маңызын ауызша баяндауларға арналған ережеге сәйкес баяндамалар мен хабарлаулар газетте жарияланбайды- негізгі идеялар қысқаша баяндалады.
- Мақала- тақырыптың маңыздылығы туралы қиыстырмалы ескертулерді, зерттеу міндеттерін, жұмыс әдістемелері туралы қысқаша мәліметтерді, оның нәтижелерін талдау мен жариялауды қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
- Рецензия- рецензенттің міндетті түрдегі таланттар жүйесіндегі бір немесе шығармаларды сынмен қарау, қарастыру рецензия талқыланып жатқан мәселелерді өңдеу жолдары туралы тиімді ұсыныстар мен кеңестерді қамтиды.
- Кітапша және монография белгілі бір мәселені оның маңыздылықтарын ашуды оның даму тарихын, оның нәтижелерін баяндауды, қорытындылары мен ұсыныс- пікірлерін бірізді және нақты қарастыру болып табылады.
- Оқу құралы- белгілі бір ғылым саласындағы қазіргі ғылыми мәліметтер мен іс- тәжірибелерін ұсыныс пікірлерді жүйелі түрде баяндау. Зерттеу жұмысының нәтижелері құралдары көрініс береді, болашақта қазіргі ғылыми мәліметтер жүйесі мен негізгі концепциялар мен теориялармен сәйкестендіріледі.
- Диссертация- ғылым факторы мен кандидантының, ғылыми деңгейіндегі ізденістеріне бағытталған топтық қорғауға арналған ғылыми жұмыс нәтижелерін баяндау болып табылады.