Халықтық этнопедагогиканың пансофиясы

1.Қазақ халқының ұлттық мәдениеті — тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс. Этнопедагогика — ұлттың мәдени мұрасы, тербие негіздер.

Қазақтың ұлтгық тәрбие негіздері (халық педагогикасы) ең әуелі дүниетанытуды, содан кейін тәрбиелеуді, ол үшін өмір заңдылықгарын үйретуді көздейді.

Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы әдебиет) — ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік кеңістігі мен қуатты-лығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты өлшенеді.

Мәдениеттің өмірдегі көрінісі — ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет — тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушінің этикасы мен этникасын (әдебін) қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп, адамдығын қалыптастырады.

Ұлттық салт-сана сол ұлтгың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді.

Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық, мейірімділік, кайырымдылық сиякты мәдени көріністерін табады.

Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі — сәлемдесу. Сәлем — әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі.

  1. ¥лттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді.

Халық отбасынан кейінгі сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондыктан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйренумен қатар, ұстазбен мәдениетті түрде қарым-катынас жасай білуге міндетті.

Қазақтың ұлттық; имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық рәсімдері — ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады.

Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор.

Ер намысы, қыз абыройы — қазақ халкының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері.

Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуте міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу — міндет.

  1. Ұлтық мәдениеттің болмысы этнопедагогика ғылымында айқын көрінеді. Этнопедагогика пәнін оқытудың негізгі бір мақсаты — ұлттық мәдени мұралардың болмысын айқындап көрсетумен қатар, сол ұлттық мәдениетті дамытудың қозғаушы күштерін дәлелдеп, оның тәрбиелік қолданылмалы тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады.

Соңғы жылдары Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты қазақ, ұйғыр, орыс, ағылшын тілдері мен әдебиеттерін тереңдете оқыту және бисаясаттандыру, ол пәндерде компьютерлік техниканы қолдану арқылы білімді иерең және тиянақты меңгерту, бастауыш мектепте пәндерді интеграцияландыра оқыту,т.б. проблемалары қарастырылуда.

Алайда жаппай орта білім беруге көшу заңы бойынша мұғалімдер ұжымы көп жағдайда көз бояушылыққа салынып, процент қуалап, шәкіртерге сапасыз білім беруге “төселіп” алды. Оқудың өмірден алшақтауынан мектеп бітірушілердің көпшілігі теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана алмайтын халге келді, олар жаттамалы, жалған оқуға бой ұрды. Мұның өзі елімізде оқу-ағарту жүйесін қайта құруды, мектеп реформасын жасауды, оқуды өмірмен байланыстыруды,дербес игеруіне, сөйтіп, білім негіздерін жергілікті жердің экономикалық, экологиялық, этнопедагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып меңгертуге баса көңіл бөлуді, білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке ерекшеліетері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып-тәрбиелеуді талап етуде.

  1. Үстіміздегі ғасырдың соңғы жылдарынды дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесіне елеулі өзгеріс енгізу қажеттігі туып отыр. Ол білім берудің “стандартын” ұсыну. Білім беру жүйесіне ұсынылып отырған стандарт әрбір шәкірттің зердесіне жетені білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін көрсеткіші болмақ. Үкімет қаулысы бойынша жалпы орта білім беретін мектептерді ғылыми — әдістемелік жағынан мемлекеттік стандарт талаптарына сай қамтамасыз ету Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясына тапсырылды. Академияның теориялық және жеке пәндерді оқыту лабораториялары білімді стандарттаудың 4 объектісін қатар қолға алды. Ол білімнің құрамы мен пәндердің мазмұнын, оқу жүктемесінің көлемін және оқушылардың жайындық деңгейін, оқу бітірушілердің білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтаудан басталды. Ал бұл әр пән бойынша базалық білім аумағының стандартын жасауға жол ашты. Әр пәннің мемлекеттік Білім стандартын жасау ісі- сол пәннің тұжырымдамасы мен оқу бағдарламасын, соған сай келетін жаңа типті оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын жасау, сөйтіп мектепті оқу-әдістемеоік комплекспен қамтамасыз етумен аяқталуы керек. Соңғы екі жыл ішінде Білім Академиясының қызметкерлері барлық пәндердің тұжырымламасы мен бағдарламасын еліміздің экономикалық, өкологиялық, этно-мәдени талаптарына сай етіп, қайта жасау ісімен айналысуда.

Мектептегі оқу үрдісі Мемлекеттің білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды ойдағыдай шешу орасан көп қаржы жұмсауды және табандылықпен жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етін аса күрделі де, жауапты іс. Қазақстан өкіметі 2000 жылы “Білім туралы” заң қабылдады. Ол заң бойынша жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі: бірінші басқыш 4 жылдық, екінші басқыш 5 жылдық болып белгіленеді де, үшінші басқыш 2 жылдық, барлығы 11 жылдық мектеп болады. Осы айтылғандармен қатар белгілі санаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу ісі де қолға алынуда.

Орта мектептерді әрі қарай дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын жетілдіру, нарықтық қатынасқа көшуге байланысты орта мектептерлегі тәрбие жұмысының мазмұны мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін қайта қарап, жаңарту мәселелері қолға алынуда. Оқу- тәрбие ісін бұлайша ұйымдастыру білім сапасын арттырп, жастардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға зор мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.