Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі

1.Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады. Тәй-тәй басып, әрекет жолына түсе бастаған бөбектен бастап еңбек тәрбиесі еңбексүйгіштікке (қарекет қылуға), еңбкекті құрметтеуге (ата-ананыњ еңбегін құрметтеп, оны мақтан тұтып, оларға көмек көрсетуді борышым деп санауға), еңбекке дағдылануға (үйрету, жаттықтыру, дағдыға айналдыру) үйретеді.

Еңбек тәрбиесі алғаш, негізінен, баланың еркін әрекет жасап, тал-пыну, талаптану, ойнау, ойын үстінде үйрену кезінде іске асырылады.

Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы- баланы кєсіпке үйрету болып табы-лады: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқыма-шылық, құсбегі болу алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері.

Мал бағу- қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан, балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептейді.

“Қой бақсаң, өрісін тап”, “Доп ойнаған –тозар, асық ойнаған –азар, бєріненде қой бағып, көтен, мойын жеген-озар” деп халық қой бағу өнерін жоғары бағалайды. Қой-ешкі бағу оњай емес, оны ерте өргізіп, кеш қоралау, жазда ешкі-қойды желдетіп, қыста ықтатып бағу отар малды кезінде суғарып, жусату. Қой қосақтап, оны сауа білу, қозы бөлу, қой идіру, қой қырқу, қой емдеу, қой санау, қой түстеу, қой сою жұмыстарының әр саласы-бір ғылым. “Егін ексең, жүгері ек, жүгері-сүт, жүгері ет”, “Нан құраннан да қасиетті” , “Алтын-күміс тас екен, арпа бидай ас екен” деп халық егін егуді қастерлеп, жоғары бағалайды. “Көктемніњ бір күні, қыстыњ бір айына азық” деп егін салудың оны орып-жинаудың өз мезгілі болатынын қатаң ескертеді, егін жиналған соң сабан той (алтын дән) жасайды.

Дүние жүзіндегі жеті өнердің ең сәулеттісі “Тахла – Маклан ” ғимаратын салған Мұса шебер- қазақ. Сәулет өнері қазақ жерінде ертеде дамыған. Оған монғол шапқыншылығында қазақ жерінде қираған (Отырар, Сауран, Сайран, Созақ, Иассы, Сығанақ, Испиджаб,т.б) жүзден астам қалалар мен қымбатты тарихи ескерт-кіштер дєлел бола алады. Сәулет өнерінің керемет үлгілерін тамсанасөз ету ертегілер мен аңыз әңгімелерде батырлар жырларында кездеседі. Сәулет өнерінің үлгілерін Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан бап кесенелерін көреміз.

Киіз үй – қазақтың сєулет өнерінің тарихи табысы. Киіз үйдіњ жолым үй, төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты (керегелі) түрлері бар. Оныњ жабдықтарын ( кереге, уық, шањырақ, туырлық, түндік, жабық, үзік, уық бау, кереге бау, басқұр, ортаңқұр, есік, ергенек, т.б) жасау үшін қыруар еңбек, асқан шеберлік керек. Бұл еңбек тәрбиесінің бір негізі.

Зергерлік өнерін қазақ халқы жоғары бағалап, зергерлерді ардақтап, олардың өнерлерін

(ою-өрнек, алқа, сырға, білезік жасау, т.б) уағыздап, жастарға үйретіп отырған. Зергерлердің ғасырлар бойы еңбек етуінің нәтижесінде халықтың өзіне тән ұлттық ою-өрнектері( мысалы: “Алтын адам” өрнектері) бар.

  1. Кілем, алаша, шекпен тоқу өнерін жастарға үйрету ісі өз жалғасын тауып келеді. “Үшқш кілем” өрнектерін қиялдаған халық өз шеберліктерімен қалы кілем, түкті кілем, алаша кілем, жібек кілем, т.б. кілем түрлерін тоқуды жастарға үйретіп келеді.

Алуан түрлі ұсталық кәсіптер (үй ағашын, киізін даярлау, кесте тігу) көбінесе, әулеттік кәсіп ретінде ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келеді. Әулеттік кәсіп ұлғайып ұлттық кәсіпке айналып отырған. Әулеттік кәсіпті жастарға үйретіп, оны жалғастырып отыру ұлттық салтқа айналған (мал бағ, егіншілік, бағбандық т.б).

Аңшылық – халықтың ең көне кәсібі. Тұзақ салу, садақ ату, ит қосу, құс салу (құсбегілік) кәсібі, көбінесе, сәулеттік кәсіп болған. Әрбір кәсіптің өз тәсілдері мен тәжірибелері бар.

Балық аулау кәсібіне үйрету үшін халық ең алдымен балықтыњ түрлерімен (бекіре, сабан, шабақ, алабұқа, шортан,қызыл балық, жайын т.б ) таныстырады, балық аулау құралдарын (қармақ, ау, тор,т.б) қолдануды үйретеді, балық тағамдарын (балық сорпа, сұр балық, т.б) даярлау тәсілдерін білуді насихаттайды.

Әулеттілік тағылымдар мен дәстүрлер – бір атадан тараған әрбір әулеттің өзіне тән қалыптасқан мұралық дәстүрлері. Мысалы, емшілік, ұсталық, өнерпаздық, саяткерлік, диқандық, сәулетшілдік, т.б. әулеттік дәстүрлер ұрпақтан — ұрпаққа үлгі- өнеге , тәрбие үйрету арқылы жалғасып отырады.

Әулеттік дәстүрлерді жалғастыру үшін ата баланың әулеттік намысын қоздырып, өз өнегесін үйретеді. Сол арқылы жалпы халыққа үлгі көрсетіп, халықтық педагогиканы дамыта түседі. Халық әулеттік тағылымдар мен дәстүрлерді жоғары бағалап, оны ұрпақтарына үлгі етіпотырады. Халық арасынан шыққан әулеттік ансамбльдер, айтыстық ақын дәстүрлері, т.б. әулеттік дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор болып табылады.

Қазақ халқының халықтық педагогикасы жањаша дәстүрлермен, тамаша салт- саналармен дами береді.

Әулеттік тағылымдар мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні, оның жалғастық, мұралық өзектерінің үздіксіздігіне байланысты.

Отбасында халық педагогикасының еңбек тәрбиесіне лайықты нұсқалары үздіксіз пайдаланылады: үлкенді сыйлау, ас алдын үлкенге ұсыну- еңбек нәтижесінің ізгілік көрінісі болса, еңбек туралы мақал- мәтелдерді үзбей мысалға келтіріп, игілікті іске басшы болып отыру үлкендердің борышы.

Қыз баланыњ үй ішіндегі еңбегі ұшан- теңіз. Әсіресе үй ішін жинай білу, төсек жию, жүк жинау, кілем ұстау, үй жићаздарымен үйді безендіре білудіњ ұлттық белгілері өте мол. Қыз баланыњ кесте тігу, ою өрнектеу, киім пішіп, тіге білуіне, кілем тоқуына, т.б. кәсіптік іс-әрекеттеріне ана басшылық жасап отырады.

3.Отбасындағы еңбекке тәрбиелеу ісіндегі еңбек бөлісін, көбінесе, әке басқарады. Ер баланыњ малшы, егінші, сәулетші болуы мен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Отбасындағы еңбек тәрбиесіне аңыз әңгімелердіњ (“Аяз би”), ертегілерінің (“Ер Төстік”), ұлттық ойындардың (“Жанұя” қуыршақ ойыны), мақал – мәтелдердің (“Еңбек бәрін жеңбек”, “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”) әсері мол. Халық педагогикасыныњ бұл салаларын от басында тиімді пайдалану ізденуге, ізгі іске жауапкершілікпен қарауға байланысты. Мысалы, жас бөбекті күтуге жанұядағы барлық жан қатысады, олар бесік жырын, сол үшін де жақсы білуге ынталанады. Ал “ғажайып бақ” сияқты ертегіні балаға айтып беру, “Аяз би” аңыз-ертегісін баланыњ өзіне айтқызу оның еңбек сүюіне, әдептілік әрекетіне әсер етпей қоймайды.

“Ел болу үшін, бесігіңді түзе” (М. Әуезов)-деген сөздің мән- мағынасына ой салсақ, ол- тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Тәрбиенің негізгі қағидаларының болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз.

  • Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

4.Жас нәрестенің дүниегі келуі ата-анаға, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі алғаш дүниеге келген күннен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат -тілекпен байланысты,туындайды.

Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылдыақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсін” деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестереді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді.Үлкендерден бата алғызады.Халақтың балаға арналған ырым,бата-тілектерінде келешектен күткен алкен үміт, аңсау арман бар тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

2.Баланы жастайынан еңбексүгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жыры мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын –су әзірлеуге , мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер,жүген өру, тері илеу, қару-жарақ) т.б. жасауға әзірлеу, қора салу , киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.

3.Халақ педагогикасында “Бірінші байлық -денсаулық”деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” депрухани, материалдықбайлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

4.Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным- арымның садағасы” деп, арды адамгершілік қасиеттің үлгісі санаған.

  1. Гуманизм мен патриотизм –халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” депұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп. бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол” “Жақсы-көпке ортақ”, “Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.
  2. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “шынықсаң шымыр боласың ” деп. ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету(аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу) т.б. арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.
  3. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп. түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
  4. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке әлденеше жұмбақ, өлең-жыр ертегі аңыздар шығарған.

Ал бұл қағидалар сайып келгенде “сегіз қырлы, бір сырлы”, мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген “толық адам” тәрбиелеуді көздеуден туған. “Сегіз қырлы , бір сырлы” азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап.Мысалы, орыстар ондай адамды “Кішкентай болса да өнегелі ақылды”, “Ақылды да сүйкімді”, “Қайырымды жігіт” деп санаса таулықтар “Нағыз жігіт” деп атайды. Ал чукчылар “Адал өмір сүретін азамат” дейді. Ол теңізде жүзгіш, соғыста батыр, ғылымыда терең ойлы, билікте-әділ, еңбекте-шебер, өмірде бірлікшіл, сөзде шешен, шет жерде отаншыл бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.