Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалары

  1. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрлердің жалпы ортақтастығы және айырмашылығы.

2.Рәсімдері және салтанатты өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар,әдеп- ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні.

3.Балалардың ерекшеліктерін есепке Ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама

  1. Үй лену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп- ғұрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі

Мақсаты: Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамаларына жеке- жеке түсінік беру.

Лекцияның мәтіні:

  1. Тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні.

Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі. Ертеде “нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету” секілді діни рәсімге байланысты туған, кейін шаттық тойына айналѓғн бұл дәстүрдің өзіндік әдептілік жєне жанжүйелік мәні бар.

Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.

Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі.

Соңғы кезде “Шілдехана” тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру-әрі обал, әрі күнә, әрі ќылмыс болып табылады.

Кіндік шеше-босану кезінде анаға көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін єйел.Кіндік шешені ана және оның жанашырлары (анасы, ата-енесі, т.б.) күні бұрын тақуа, таза, мейірбанды, жанашыр адамнан сайлайды. Ол, көбінесе, өмірден көргені мол тәжірибелі адам болу керек. Ана босанар алдында кіндік шеше дәрет алып, жуынып-шайынып, таза киініп, кіндік кесуге дайындалады жєне кіндік кесу жабдықтарын тазалап даярлайды, кіндік кесудің дәрігерлік, гигиеналық салтын сақтап, өз ісін абыроймен орындауға жауапкершілікпен қарайды.

Кіндік шеше бала жарық дүниеге келгенде алғаш оның кіндігін кесіп, жөргеккке орап алады. Қазақ халқының ырымында “Бала кіндік шешесіне тартады” деген сөз бар. Кіндік шеше-нәрестенің екінші анасы, сондықтан ол баланың “ит жейдесін” кигізуден бастап, оның бесігін түзеп, киімінің бүтін, таза болуына қамқорлық жасайды. Нєрестенің ата-анасы кіндік шешені жақын да жанашыр ана ретінде құрметтеп, оған сый-сыяпат көрсетеді.Кіндік шеше қарызы (баланы жылына шыққанда киіндіру) бөбектің ата-анасының кіндік шеше алдындағы парызы (оған сыйлық беру, құрмет көрсету) тұрмыстық ахуалға лайықты сыйласымдық рәсімдерімен өтеледі.

Кіндік шеше рәсімдері адам қоғаманың алғашқы даму кезеңінен белгілі. Ол өз міндеттерін орындау арқылы аналық, мейірімділік қамқорлық сезімдерін дамытып, ұрпақ тәрбиелеуге уәделі үлестерін қосады.

  1. Бөбекті қырқынан шығару-бөбек туған соң, көбінесе, қырық күн толғанда, оның шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан шығару рәсімі ананың “бой көтеріп”, денсаулығының толысып,жетілгенкезіндеөткізіледі (қыз бала,көбіне,ер баладан ертерек қырқынан шығарылады). Бөбекті қырқынан шығарғанға дейін ана қалжыланып, денсаулыѓын түзейді, емшекке уыз қатып қалмауы, емшек сүтініњ мол болуы үшін ананы қалжалау кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жанашырлар (кіндік ана, әже, абысын, т.б.) болуға тиісті.

Бөбек қырқымы толыса бастағанда, ол мазасызданып, жылауық болуы да мүмкін. Қырқынан шыққан бөбектіњ ұйқысы тыныш, жан сезімі рахаттана бастайды.

Бөбекті қырқынан шығару, көбінесе, бесікке салу рәсімімен бірге өткізіледі. Бөбекті қырқынан шығару кезінде мүмкіндігінше, оны күміс ыдысқа шомылдыру, ол шомылатын суға күміс теңгелер салу ырымыныњ гигиеналық мәні зор.

Бөбекті қырқғнан шығарғанда оның қырқым шашыналу салтанатын ең сыйлы, тәжірибелі, ардақты әйел орындайды. Бұл рәсімге жанашыр жақын әйелдер шақырылады. Оларға, бұл кішігірім той кезінде, сый-сияпат көрсетіледі. Бала шомылдырылып, сыланған соң бесікке бөленіп, бесік жыры айтылады.

3.Балаға ат қою рәсімінің ырымдық мәні

Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехан ойын-сауық кезінде орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою рәсімін, негізінен, жанұядағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Мұсылман дінінің рәсімі бойынша балаға “Азан шақырып ат қою” рәсімін қарт діндардан қажыға дейін құдай жолына берілген, иманы кәміл, адал жанды, ардақты адам орындайды. Тұрмыстық және әлеуметтік жағдайға байланысты, балаға ат қою рәсімін ата дәстүрінен аумай, салтанатты түрде өткізудің мєні зор,. Жанұяда балаға ат қою рәмімін орындаушылар кезегі: баба, ата, әке, ана, т.б. Егер баланың бабасы бар болса, ол-үлкен бақыт. Батасын беріп, бабасы ат қойған ұрпақ, кейін бабасын мақтанышпен еске алады, оның бауырмашылдығы, үлкен адамды құрметтеуі басқалардан басым болады.

Балаға ат қоюда қазақ халқы, көбінесе,атақты адамдардың атын қойды дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп халық ұл балаларын: Алпамыс, Төлеген, Бауыржан,Тоқтар деп атаса, қыз балаларын: Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген халық қыз балаларын көбінесе: Баян, Жібек, Ақтоқты,Қарашаш, Айгерім, Ақбала деп атайды.

Ертеде баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-ана ырым етіп, балаларына-Итбай,Байбөрі, Итемген, Күшікбай, т.б. ат қойѓан.

Аттыњ атау кезінде жан-жүйеге әсер ететін, әдептілікке бейімдейтін қасиеттері сол аттыњ өз мәніне байланысты болады.

Балаға ат қоюда ұлағаттылық пен жауаптылық қажет. Кейде баланың бастапқы аты ол өсе келе түрлі себептерден “дуалы” ауыздардан шыққан қосымша атаулармен өзгеріп отырады (Әбілмәмбет-Сабалақ-Абылай, Ыбраим-абай, Сәдуақас-Сәкен, т.б.).

Әрбір адам есімінің өзіне лайық мағынасы болатындықтан, ат қоюда сол ат қоюшы есімінің түпкі мәнін, болашақтағы маңызын жақсы білуге тиісті. Қазақ есімдерінің көбісі көне түрік, араб сөздерінен болғандықтан, есімдердің мәнін кез-келген адам біле бермеуі мүмкін (мысалы: Ықлима-асыл, Ахмет-мақтаулы, Әбдікерім-мейірман,Баян-айқын, Ғабит-Бас июші, Ғали-бай, Зәкір-ес, Сәбит-берік, Перизат-әдемі, Ләззат-тәттілік, Мәрзия-сүйкімді, Медет-жәрдем, Рахат-тыныштық, Уәли-әкім, Тағай-нағашы, Талғат-өң, рең, т.б.).

  1. Бесік тойы дәстүрінің ұлттық мәні

Қазақ баласының бесігі-құс төсек, жастық, жаялық, жөргек, қол бау, тізе бау, тізе жастық, бесік көрпе, шүмегі мен түбегі тазалық үшін ыңғайлы нәрселерден даярланған, екі басы доғаша иіліп жасалынған, құрау шабақтары нығыз қиюластырылған, екі қос аяқтары дөңес табанды, арқалығы өрнектелген жанұә.

Бесікке салу рәсімі көбінесе, баланы қырқынан (қырық күннен соң шілде шашын қырқып, суға күміс теңге салып шомылдыру) шығарған соң кішігірім той ретінде өтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауыл-үйдың әйелдері шашуын, жол-жорасын ала келеді. Баланы алғаш рет бесікке бµлеу рәсімі ұрпақ өсірген үбірлі-шүбірлі әйелге тапсырылады. Бесікті жабдықтау, Бесік шашуын жасау, түбек үстін отпен аластау, баланы бөлеу ырымдары мен дєстүрлерін орындау мерейлі, өнегелі түрде жүргізілуге тиіс. Баланы бесікке салушыға жәнге оның көмекшілеріне ата-ана атынан көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі бола беруіне тілектестік білдіреді. Ана қуанышы, аналар мейірімі, ырымдағы имандылық пен ізеттіліктер, бата беру дєстүрі аналардың аналық махаббатын арттырып, мерейін тасытады.

  1. Беташар.

Беташар-қазақ халқының келін түсіру салтанаты кезінде, келінді құрметтеп, оған әлім бере айтылатын дәстүрлі салт жыры. Беташар келін түсіру тойы ортасынан ауған кезде басталатын. (Қазіргі салт бойынша беташар жыры жар-жар жырынан соң айтылады). Бұрын той асы ішіліп,сауық қызған кезде, бұған дейін оң жақта шымылдық ішінде жаңа жұрт алдынан жүз тасалап отырѓан келінді басына шєлі бүркеп, екі келіншек ( екі жеңгесі) екі жағынан қолтықтап көпшіліктің алдына алып шығады. Әуелі үшеуі қоса келіп, қалың көпке тізе бүгіп сәлем береді. Осы кезде келіннің бетін ашатын кісі ( жыршы, ақын немесе ауылдың осындайға бейімі бар әнші жігіті) бұлардың қасына барып тұрады. Келіннің енесі ақша, теңге түйілген жібек орамалды қамшының сабына, немесе таяқтың ұшына байлап, бет ашатын кісінің қолына ұстатады. Ол қамшының сабымен (таяқтың ұшымен) келіннің кеудесіне дейін түскен шєліні желпіп тұрып беташар жырын айтады. Жаңа түскен келіннің моралдық (өнегелік, адамгершілік) (заңы) кодексі іспетті болып табылатын бұл беташар жыры үш бµлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жыршы келінніњ көрік келбетін мақтайды.

Беташардыњ екінші бөлімінде жыршы әндетіп тұрып келінді жаңа жұртпен – ауылдың ақсақалдарымен, өзінің атасымен, енесімен, қайнағалары-мен, абысындарымен, қайындарымен жеке-жеке (өлеңмен) таныстырады.
Келін сәлем қылатын әрбір адамның мінез-құлқын суреттеп, әрқайсысына арнайы сәлем еткізеді. Бет ашушы “Пәленге бір сәлем!”

деген сайын екі жағындағы екі келіншек келінніњ бетін ашып, қайта жабады, келін иіліп, аталған адамға тағзым етеді. Сөйтіп, ол түскен жеріндегі адамдармен әрі танысып, әрі олардың жақсы қылықтарынанүлгі-өнеге естіп, тәлім алады.

Беташардың үшінші бөлімінде жыршы келінніњ жүзін көргендері ұшін үлкендерден көмек сұрайды.

Осы арада жыршы кейбіреулердің сарањдығын шенеп, әжуа-күлкіге айналдырып жұртты да, келінді де күлдіреді. Сөйтіп, ол келінге тойға келген қалыњ көптен мал жинасып береді. “Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық” деген мәтел осыдан туған. Беташар жыры арқылы халық жас келінді келін боп түскен күннен бастап тәрбиелейді.

Сыңсу.

Сыңсу-қазақ халқының қыз ұзату әєстүріндегі рәсімнің бір түрі. Бұл рәсім бойынша ұзатылған қыз ењәєуелі ұзатылар алдында бір жаулық-ты жамылып, ең жақын жеңгесімен, не сіңлісімен сыњсып (жылай қоштасып) өзінңњ мұңын айтады. Сыңсудың мұңлы әуені, мұңайып айтылатын сөздері, көбінесе, ескі замандағы бойжеткеннің “еріксіздігін” бейнелейді.Ұзатылған қыз “ауылмен қоштасу” рәсімінде туған туыс-қандарымен қоштасу ретінде өзінңњ құрбы-құрдастары мен тетелес сіңлілерін және жас жеңгелерін ертіп жүріп, ауыл арасында (Сыңсу-қимай жылау деген мағынаны білдіреді.

Сыңсудың негізгі мақсаты ұзатылған қызды кµп жылатпай, оның қоштасуы арқылы еліне, жұртына, ата-анасына деген сүіспеншілігін бейнелеу, сол арқылы “өзі болған қыз төркінін танымас” болып кетпей ата-анаға, туған-туысқандарына мейір-шапағатын, сағынышын арттыра түсу, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ұзатылған қыз сыңсу арқылы ата-ананың, туған-туысқандарының, аға-жеңгелерінің жақсылығын, ел-жұртының қайырымдылығын, туған жерінің тамаша табиғатын сүйсіне жырға қосып, күйіне әндетеді.

Сыңсуда ұзатылған қыздың жек басының мұңы әлеуметтік мәселелермен (“Бермедің әке теңіме”, “Сатылып кетіп барамын”) ұштасады да, ескі әдет-ғұрыптың келеңсіз жайларын ашық айту жиі кездеседі.

Неке қияр

Неке қияр (неке қию)-қазақ халқының үйлену дєстүрінің міндетті рәсімі. Бұрын неке қияр рәсімі діни (шариғат) жолымен жүргізілсе, қазір әрі дін жолымен, әрі жаңа замандық құқықтық жолмен ұйымдастырылады. Бұрынғы тұрмыс-салттың рәсім бойынша үйленушілердің ата-аналарының және неке қиятын молданың таңдауымен үш жігіт жас жұбайлар некесінің куәгері болады.

Молда бір алланың атынан үйленушілердің ризашылығын сұрайды. Үйленуші жігіт: “Мен (өз атын атайды) өзім таңдаған (атын атайды) өзіме өмірлікке жар етуге ризамын, татулықты бұзбай, адал жар болып, өнегелі өмір сүруге бейілмін” деп серт береді. Жар болуға келіскен қыз: мен (атын атайды) өзім ұнатқан (атын атайды) өзіме баспе етуге ризамын, әрқашан адал жарлық қызмет етуге бейілмін” деп, некелік серт береді.

Куәлікке даярланған жігіттер, өздерінің куәгер екендіктерін айтады.

Содан кейін рәсімдік дұға оқылған неке суын молда жас-жұбайларға, куәгерлерге, қатысып отырғандарға бір-бір ұрттатып, неке суына салынған сақиналарын жас жұбайлардың қолына салып, некені батамен бекітеді. Ата-ана батасын беріп, екі жастың некесімен құттықтайды.

Жөн-жоралғы, кәде рәсімдердің тәрбиелік мәні.

Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгі болып табылады әдептілік негіздері: әдеп, рәсім, дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана . Халқымыздың салт-санасы-ұрпағына берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.

Жақсы әдеттер дағдыға , дағдыдан әдепке айналады. Әдеп-әрбір адамның тәртібі мен инабаттылығын көрсететін салт-сананың ұлттық белгісі. Әдет, әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, ғасырлар бойы қалыптасып жаңаша жақсылықтармен толысып, салт-санаға сіңген. Яғни мүлтіксіз орындалатын заңдылыққа айналып, халық санасына сіңіп қастерлі қасиетке айналған Мысалы, сен кіші адам екенсің, үлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу-парыз, иманды болу-борыш, т.б. Айыпты мойындау, айып төлеу, жылу беру , сауға беру т.б. рәсімдер-елдің тәртіптілік салты.

Халықтың салт-дәстүрлері сан алуан ырымдар мен тыйымдар, кәделер мен жоралғылар арқылы іске асырылады. “Құдыққа түкірме”-ырым әрі тыйым сөз.

Ырым— жақсылыққа (игілікке)құштарлық, жақсылық қажету ниетімен жасалынған әрекет, игі сенім; тыйым –жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету; сенім- дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешек жемісіне сену, көргендікке бейімделу; обал-әрбір заттың, тіршіліктің қадірін білу, оның бағасын ардақтап аялау, олай болмаса обалболатынын сезіну; сауап-игілікті нәрсеге, кіріптарлыққа қарт адамға, жан-жануарларға жақсылық жасауды міндет санап, ол міндетті орындау; ар-қасиетті сезім, жеке тұлғаның қозғаушы күші; намыс-арлы адамның намысы ата-тектік, ұжымдық рулық, ұлттық намыспен жалғасып, қоғамның қозғаушы күшіне айналады. Этнопедагогикаға сал-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы-салт –сана деп аталады Ұлттық санаға сіңіп, қалаптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.