Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі

  1. Тәрбиенің негізгі қағидаларының (принциптері) болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидалары мыналар:
  2. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.
  3. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.
  4. Халық педагогикасында “бірінші байлық- денсаулық” деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.
  5. Халық педагогиасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар- ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген.
  6. Гуманизм мен патриотизм- халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата- бабамыз от басының, ананың, рудың , отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған.
  7. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет.Халық педагогикасында “ шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету.
  8. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра”, дегенді насихаттап, ертегі, өлең- жыр, мақал- мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
  9. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең- жыр, ертегі, аңыздар шығарған.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

  1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәте баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
  2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту -әкенің парызы, ақтау –баланың парызы» деп ой түйіндеген.
  3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата – ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой – пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ТӘРБИЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ.

1 2 3 4 5 6 7 8
Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру Еңбек сүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу. Адамгершілікқасиеттерге ізгілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа, а далдыққа т.б. тәрби

 

Елеу/.

Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу «Жігітке жетпіс өнер аз» , «Өнер өрге сүйрейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. Денені шынықтыруға тәрбиелеу

  1. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығында әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректі болуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуін орынды санаған.
  2. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл –ойын дамыту бүгінгі педагогикада ең көкескесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата –бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.
  3. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі — тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап «сегіз қырлы, бір сырлы», жан –жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез –келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл –ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата – тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
  4. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
  5. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Халықтық педагогикада «Көп талқысы — тез», «көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған.

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАҒИДАЛАР ҮНДЕСТІГІ.

1 2 3 4 5 6 7 8
Баланың жас ерекшелік — терін

ескере отырып тәрбиелеу.

Баланың жеке бас мінез –құлық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу. Тәрбиенің өскен ортаның /отбасы,

ауыл –аймақ/ үлгісіне негізделу.

Балаға жылы жүректі сезіммен

қарау, ынтымақтастық идеяны

сақтау.

Баланы дамыта үйретіп тәрбиелеу, қиялдай, армандай біліуге баулу. Тәрбиенің біртұтастығын сақтау,

тәрбие ісін кешенді түрде жүргізу.

Тәрбие ісінің үсдіксіз жүргізілуін сақтау. Тәрбие ісін ұжымдық түрді

жүргізуге негіздеу.

Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.

Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек обьектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.

Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.