Сынып жетекшісінің ата- аналармен атқаратын жұмыстарыныңы мазмұны мен міндеттері.

  1. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде : оқу және тәрбие процесінің құрылымы

мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым- қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда . Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш- мұғалім – оқушы –ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демеократиялық қарым-қатынасқа ие болуда.

Мектептің ата-аналар мен жүргізілетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.

Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналары мен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.

Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналар мен жұмыс істеу қажеттілігі неде?

  • баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;
  • баланың отбасы мен мектеб жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда.
  • Баланың әлеуметтік- педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
  • Баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
  • Баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;
  • Балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда , әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;
  • Сынып жетекшісі, оқушылар және ата- аналардың жағымды көңіл күйін, өзара жағымды түсінік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда.т.с.с.

Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

1.Ата- аналар мен тұрақты байланыс орнату.

2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

3.Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет.

Ата-аналар мен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.

1.Ата- аналарды сыныптағы оқу- тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата- аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.

2.Ата-аналар мен педагогикалық және психологиялық ағарту жұқмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді.

3.Ата- аналарды балалар мен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым- қатынасын жақсаруды көздейді.

4.Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.

5.Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

  1. Ата- аналарға, жұрытшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата- аналар университеттері жанынан педагогикалық, факультеттер ұымдастырылды.

Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университеттке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата- аналар комітеті арқылы қабылданды. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеб гигенасы мәселелеріннен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер тыңдайды, семинарларға қатысады, рефераттар жазады.

Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Университті бітіргендерге куәлік беріледі

Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылықпен жұмыс Істру барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларында қолданады.

Дегенмен де мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыст аңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағадайды ескеру қажет.

  1. Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатыныстың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.
  2. Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.
  3. Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау, және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.
  4. Мұғалімдердің ата-аналар мен қарым- қатынасында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы.

Олай болса, мұғалімдермен, сынып жееткшісі және ата- аналардың өзара жағымды қырым- қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдың межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардың өзара тәрбиелік- ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізді.