1.Мұғалім үнемі балаға талап қою әдісін қолдана бергеннен гөрі оған еркіндік бере отырып, тәрбиеленгені жөн. Әрине, баланың кім немесе қалай болып өсіп келе жатқаннан қоғамның мән бермеуіне болмайды. Алайда мұғалім өзінің іс-әрекеті арқылы баланың жақсы болуына өзін ұмтылдыруы қажет. Тәрбие- балада адамгершілік, әлеуметтік негіздерді қалыптастыратын өнер. Адамның өзіндік санасы оның тәртібін реттеп отырады. Сонда ғана тәрбиеде жетістікке жетеміз.
Қазіргі кезеңде тәрбие іс-әрекетіндегі негізгі бағыттар мыналар:
а) Жас ұрпақтың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми дүние танымды қалыптастыру үшін жеке тұлғаның қоршаған табиғат, әлеуметтік орта, өзі және өзінің іс-әрекеті туралы көзқарастарымен сенімдердің жүйесін қалыптастыру керек. Адамның дүниеге көзқарасы — оның барлық өмірінің идеялық бағытын, іс-әрекетін, тәртібін айқындайтын ең маңызды буын. Дүниетанымды қалыптастыруды негізі мектепте әрбір пәнді оқыту және тәрбиелік шараларды өткізу арқылы қаланады.
ә) Ақыл-ойын дамыту және жалпы мәдени деңгейін көтеру, қазіргі тәрбиеге байланысты қойылып отырған маңызды талаптардың бірі-оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, ақыл ой мәдени еңбегінің деңгейін көтеру. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнына табиғат, қоғам және адам, қазіргі өндіріс туралы білімдер енеді. Немістің прогресшіл педагогы А.Дистербег «ақиқат емес білім білімсіздіктенде жаман» -деген.
- Ақыл -ой тәрбиесін беру мазмұнына психикалық процестерді, ес, қиял, ойлау, сөз, зейінді дамыту енеді. Пікір сайыстар, кітаппен жұмыс, зерттеу жұмыстары баланың ақыл-ойын дамытады.
Мектептердегі тәрбие процесінің алдында тұрған басты міндеттер оқушылардың танымдық, шығармашылығын дамытатын ойындар, шаралар, іс-әрекеттерді кеңінен ұйымдастыру болып табылады. Мектепте алынған білімдердің кейбірі уақыт өте ұмытыла бастайды, сондықтан оқушыларды өз беттері мен логикалық ойлауға, кез-келген құбылысты талдай және түсіне білуге үйретуіміз қажет.
б)оқушылардың бойында адамгершілік, сапалық қасиеттерді қалыптастыру. Жалпы адам бойында 1842 сапалық қасиеттер болса, оның 187-сі бастауыш сыныпта қалыптасуы тиіс.
Оқушылардың бойында төмендегідей ел жандылық, ұжымшылдық, шыншылдық, тәртіптілік, өз борышына адалдық, ұйымшылдық т.б. Сапалық қасиеттер қалыптастыру адамгершілік тәрбиесінін мазмұнына жатады. Көптеген мектептерде мінез-құлық мәдениетіне арналған арнайы сабақтар, мысалы «әдеп» сабағы жүргізіледі.
- Адамның жоғары сапалық қасиеттерінің бірі -елжандылық. Елжандылық бала күнінен, туған туысқандарға, туған өлкеге, табиғатқа, дәстүрлерге сүйіспеншіліктен басталады. Адамның бәріне ортақ осы сезімдер арқалы Отанға сүйіспеншілік қалыптасады. Отанымыздың еңбек және жауынгерлік тарихына балалардын оң көз қарасын тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады.
в)Еңбек тәрбиесі мен оқушыларға кәсіби бағдар беруде тәрбие саласындағы негізгі міндеттердін бірі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында еңбек ерікті делінген. Баланың жас кезінен бастап «енбек ету менің ең бірінші қажеттілігім» деп сезінуіне үйретуіміз қажет. Адам тек еңбек арқылы ғана жарқын болашаққа, жақсы өмірге ие болады.
г) Дене тәрбиесінің міндеті-жеке тұлғаны дамыту, салауатты өмір сүре білуге баулу. Ел басшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен қабылданған 2030 стратегиялық бағдарламасы жас ұрпаққа салауатты өмір сүруді үйрету міндетін қойды. Дене тәрбиесі ерік-жігерді, тәртіпті, батылдықты, белсенділікті, өз Отанын қорғауға әзір тұратын адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.
Дене тәрбиесі оқушыларды қоғамдық және жеке гигиеналық дағдыларға үйретеді. Жеке тұлғаның қалыптасу, дамуының негізгі факторлары: қоғамның материалдық-техникалық базасы, тұрмыстық жағдайы, табиғи орта, тұқым қуалаушылық негіздері, жастар, балалар ұйымдары, жанұя, қоғам, ақпарат құралдары, мектептен тыс мекемелер.
д) Жеке тұлғаның дамуына қоғамның материалдық -техникалық базасының әсері. Біздің қоғамымыздың материалдық-тұлғалық базасы демократиялық қоғамдағы нарықтық кәсіпке даярлау мектебінен басталуы тиіс.
е) Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әр халықтың әдет-ғұрпы, дәстүрі оның тұрмысындағы ерекшеліктерінің әсері. Қазақстан Республикасының демократиялық қоғам құруы, өз алдына мемлекет болып тәуелсіздік алуы Қазақстанда тұратынбарлықхалықтардың тұрмысына үлкен өзгерістер енгізді. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы, салт- дәстүр, әдет -ғұрпы өмірге қайта келуі де тұрмысымызға сән бере бастады.
ж) Табиғи ортаның адамның дамуына,қалыптасуына әсері. Мысалы, солтүстікте тұратын халықтардың жай, байсалды, орнықты, ал оңтүстік халықтары қызу қанды болатыны белгілі.