xx- ғасырдың 20- жылдарындағы ауылшаруашылығын зерттеудегі түркістан зиялыларының еңбектері дерек көзі ретінде.

ХХ-ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның саяси өмірінде орын алып жатқан кеңестендіру және саясаттандыру мәселелері Ресейдің саяси өмірімен тығыз байланыста болды. Олай болуының себептері; біріншіден – Қазақстан патшалық Ресейдің отары болған және алдағы уақытта да солай болып қала беруінен большевиктер бас тарта қойған жоқ. Екіншіден — Қазан төңкерісінің жеңісімен сусындаған Кеңес өкіметінің табиғи болмысы да осыны яғни тұтастықты меңзеді.

Осы тұрғыда қазақ зиялыларын еңбектерін зерттеу Түркістан халқының азаттық жолындағы күрестеріне қатысты бай мағлұматтар береді. Бұл мағлұматтарды деректанулық тұрғыдан талдау қазіргі таңда өте маңызды.

Себебі бұл еңбектер өзінің айтарлықтай обьективтілігімен маңызды, өйткені бұл обьективті көзқарас көп ұзамай таптық көзқарас пен ауыстырыла бастады. 20- жылдардың басынан, әсіресе екінші жартысынан бастап тарихи фактілерге обьективті қарауды ауытқып, ғылымды саясаттандыру, тікелей қуғындау әрекеттері белең алды. Саясаттағы осындай бетбұрыс нысанасына алдымен алаш көсемдерінің еңбектері мен баспасөз беттеріндегі жарияланымдары ұшырады.

Шындықты дәл зерттеуді Мұстафа Шоқай мынадай екі қарапайым жолын көрсеткен. Бірінші жолы-зерттеуші өмірде болып өткен оқиғаларды көңіл қойып жинастырады, жиналған мәліметтерді өзінің ғылыми зердесінен өткізіледі, орнына салады және ол мәліметтерден өзін бейтарап ұстай отырып, талдау жүргізеді. Шын мәніндегі ғылыми тарих, міне осындай тәсілмен жазылды. [1]

Екінші жол, зерттеуші көздеген мақсатарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырылады. Тіпті мақсаты қажет етіп жатса, оқиғаларды ойдан шығарады. Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды… кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық қозғалыстары туралы жазып жүрген большевик тарихшылар осы түрге жатқызылады.

Қазақстанның саяси өмірінде орын алып жатқан кеңестендіру және саясаттандыру мәселелері Ресейдің саяси өмірімен тығыз байланыста болды. Олай болуының себептері: біріншіден Қазақстан патшалық Ресейдің отары болған және алдағы уақытта да солай болып қала беруіне большевиктер бас тарта қойған жоқ. Екіншіден – Қазан төңкерісінің жеңісімен сусындаған кеңес өкіметінің табиғи болмысы да осыны яғни тұтастықты меңзеді.

Әйтседе түркістандық демократиялық күштердің өкілдері жас мемлекеттің жарқын болашағы үшін еңбек етіп өшпес мұра қалдырды. Оның бір айғағы сауатсыздықпен күрес. Бұл салада мемлекет қайраткері ретінде Сұлтанбек Қожановтың 1920-1924 жылдардағы қызметінің бірі- елдегі сауатсыздықты жою, мектепке мұғалім даярлау мәселесі болды. Бұл жөнінде Түркістан Республикасының халық ағарту комиссиариаты мен оның Мемлекеттік ғылыми Кеңес басқармасы қарамағында Қазақ ғылыми комиссиясы жұмыс атқарды.

Осы мақсатта Ахмет Байтұрсыновтың ана тіліне арналған әдістемелік жазбалары, М.Дулатовтың І-ші сатыдағы мектепке арналған есептер жинағы, Иса Тоқтыбаевтың «Бастауыш географиясы», Халел Досмахамбетовтың «Анатомия және физиологиясы» мен «Зоология» кітабының І және ІІ бөлімі, «Өлі табиғат» атты кітабы, Сұлтандек Қожанов жазған «Арифметиканың» І бөлімі баспадан жарық көрді. [2]

Ахмет Байтұрсыновтың тарих ғылымы, тарихи деректану туралы негізгі ойларға, оның 1926 жылы жазыл,ан «Әдебиет танытқыш» деп аталатын ғылыми зерттеу еңбегінің «Әуезе туралы» деп аталатын бөлімінде тоқталды.

Қазіргі Қазақстанның төл тарихының көлеңкелі жақтарын қайта зерттеп, зерделеп жатқан таңда Ахмет Байтұрсыновтың тарих туралы, әсіресе тарих ғылымының аса күрделі саласы тарихи деректану ғылымы туралы айтқан ойлары, пікірлер өз құндылығымен ерекшеленіп отыр. Оның: «Тарихтың қызметі бүтін Адам баласының, яки бүтін бір жұрттың, я бір таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту»[3], — деуі тарих ғылымның белгілі бір табиғи заңдылықтарға негізделгені, оның жалпы адамзаттық құндылықты басшылыққа алған методологиялық бағдары туралы өте дұрыс, ғылыми негізделген пікір айтса, тарихи деректану ғылымының негізгі принциптері қағидаларының бірі кез келген деректің деректанулық талдау қажет екендігін білдіреді, «Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғаларының мағлұматын сымға тартқандай, сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді» [4] деп, тарихшылырдың өздеріне жеткен мағлұматтарды, яғни деректерді «сынға салып», демек, деректанулық талдаудан өткізіп, «мінсіз етіп», яғни ғылыми құндылығын анықтай алатынын меңзейді.

Дегенмен, ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы қоғам қайраткерлерінің еңбектерінің деректанулық тұрғыдан талдау сұрыптау барысында Түркістан өңірінің тарихына қатысты күңгірт болып келген мәселелердің шешуін табу. Себебі тарихи қандай формада, қандай мазмұнда дүниеге келсін ол ең алдымен өз уақытының жемісі болғандықтан, онда уақыт талабының ізі сақталуы заңды құбылыс.

Себебі Түркістан зиялылары большевиктердің халыққа Берген уәделерін орындамай отырғандығын және оны орындау мүмкін еместігін нақты мысалдармен дәлелдеуге тырысты. Мысалға, түркістандық Алаш жастарының бірі Сұлтанбек Қожанов «Әзірге бар халге қарап Айтсақ Руссияның большевик хүкіметі соғыс тоқтатылып бітім сөйлеспекпіз деген жарлығы мен бұқараның көңілін аулағаны болмаса, хәм патшалықтардан я досы, я дұшпанынан жылы жауап ести алмай сөзі ескерусіз қалып тұрса керек,» — десе жер туралы: «Екінші бұқараға жағымды бір сөз жер үлестіру болса, уәдесін орындау большевиктердің қолынан келмесе керек, бұл іс айтқаны мен бола салатын іс емес. Жұрттың пайдасы болатын қылып, көпке бірдей қылып бөлуге қанша уақыт даярлап жүріп істегенде де болуы мүмкін емес. Бұл бір үлкен іс»,-деп жазды.

Тарихтың өзі куә болғандай большевиктер өзі де аяқталуға жақын қалған бірінші дүние жүзілік соғысты азамат соғысына айналдырып, жойқын қырғынды тағы бірнеше жылға созды. Жерді мемлекет меншігі деп жариялап, жер аламыз деп үміттенген шаруаларды тағы алдады.

Белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай бұл жөнінде айта келе: «Түркістандағы кеңес үкіметі әуел бастан осындай. Түркістан кедейлерінің қанына бөккен большевиктік өтірік батпағы-біздің елімізде орныққан өкіметтің негізінде, міне не жатыр»- деп атап көрсетті [4].

Түркістан сияқты үлкен де бай өлкеде өкімет билігінің жергілікті халыққа жат солдат және жұмысшы депуттатары атынан большевиктер партиясының қолына өтуі сияқты ірі қоғамдық тарихының деректерін қазақ зиялыларының еңбектерінен алуға болады.

Әрине Кеңес өкіметі Түркістанда бір күнде кездейсоқ орнамағандығы,оның өлке өмірінің даму барысындағы әр түрлі обьективті және субьективті факторлардың шиеленісуі нәтижесінде қалыптасқан қоғамдық ахуалдан туындағаны түсінікті. Сондықтан қазақ зиялыларының еңбектерінен 1917 жылғы Қазан төңкерісінің барысындағы Қазақстанның ауылшаруашылығын кеңестендіру жөніндегі жазба деректердің бірі ретінде құнды мәліметтер алуға болады.

Елдегі күштердің ара салмағы түбірімен өзгеруі большевиктер көпшілігін басқарып отырған Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті.

Петроград гарнизоны мен ел астанасы жұмысшылары А.Ф.Керенский басқарған өкіметті құлату мақсатында қарулы көтерілісті қызу жүргізіп жатқан кезде 1917 жылы қазанның 26 жұлдызында Кеңестердің бүкіл ресейлік екінші съезі ашылды. Съезге қатысқан 690 мүшенің төрттен үшке жуығы елдегі өкімет билігінің Кеңестерге берілуін қолдады. Сондықтан да съездің атынан «Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға» арнап В.И.Ленин жазған үндеуінде: «Жұмысшылардың, солдаттардың және шаруалардың орасан басым көпшілігінің еркіне сүйене отырып, съезд өкіметті өз қолына алады», делінді. [6]

Съезде қабылданған Бітім және Жер туралы декреттер жаңа өкіметтің орнығуы үшін үлкен маңызға ие болды, өйткені олар Кеңестерге деген халықтың басым көпшілігі болған шаруалардың сенімін күрт арттырды.

Жалпы социалистік идеяларды,оның ішінде большевизмді, қабылдамаған қазақтың либералды демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісінен көп бұрын, әсіресе алаш партиясы дүниеге келгеннен кейін Қазақстанның әлеуметтік экономикалық қағидаларын кеңінен насихаттаған болатын.

Петроградта төңкерістік жолмен жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметі орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21 қарашада 251 санында Алаш партиясының бағдарламасының жобасы жарияланған болатын. Бірінші жалпы қазақ сьезінің шешімдеріне сәйкес Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,Елдос Ғұмаров, Есенғали Дінмұханметов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазынбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары:

І.Мемлекет қалпы. ІІ. Жергілікті бостандық. ІІІ. Негізгі құқық. ІV.Дін ісі.V. Билік және сот.VI. Ел қорғау. VII. Салық. VIII. Жұмысшылар. IХ. Ғылым білім үйрету. Х. Жер мәселесі.

Мәселен, 17 Мемлекет қалпы. Ресей демократиялық федеративтік республика әр мемлекет федеративтік республика болып енеді және тәуелсіз федерацияның басқа мүшелерімен тәуелсіз өзіндік байланыс жасай алды.

Алаш бағдарламасының жобасында екі түрлі мақсат айқындалған: бірінші – Ресей федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі тиіс қазақ анатомиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерлерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұсқан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып шығады: екінші-өзінің нақты саяси қызметінде алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділетке жақ, зорлыққа қас болады.

Алаш зиялыларының аса маңызды деп санаған жер мәселесі Семей облысында да ресми тұрғыдан қарала бастады. Жұмысшы және солдат депутаттары шаруалар мен қазақ депутаттары және қазақ облыстық делегаттар комитетінің делегаттар жиналысының 1917 жылдың 22 маусымындағы мәселесінде жер комитеттерінің құру мәселесі қаралып, ал 22 Р.Мәрсековтың төрағалығы мен болған мәжілісте алаш қаласының статусы қаралады. Онда Заречная Слободка тұрғындары арызданған өтініші оқылып, сөзжарыстың қорытындысында Алаш қаласы статусы мәселесінің мемлекеттік маңызы бар шаруа екендігі айтылып, оны делегаттар жиналысында қарауға болмайды деп шешім қабылдайды. Алаш қаласы мәселесі кейінде күн тәртібіне түскен жоқ.

Пайдаланылған деректер

  1. Нүрпейіс К. Алаш Һәм Алашорда. Алматы;-Ататек,1995, Б. 253 (117 б).
  2. Үндеу. // Туркестанский вестник. 1917. N15. 1 декабрь.
  3. Түркістан Автономиясы. // Бірлік туы:, 1917. N16.
  4. М. Шоқай. Таңдамалы. Құрастырған Айтан Нүсіпхан. 1, том, А., 1998 232 б, (226 б).
  5. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы. 1989. Б 215.
  6. Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы. 35 том. Алматы: Қазақстан. 1982 – 409 б (11б).

Резюме

В данной статье рассматрываются труды интеллигенции Туркестана как источник по изучению развития сельского хозяйства Казахстана в 20-е годы ХХ в.

Summaru

The workinq intelliqentia of Тurkestan how sourse study of agricultural in the midlle ages 20 y. XX c.