Қиын бала дегеніміз, ол педагог- ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдеуінше табиғатында дұрыс жаратылған дені сау қабілеті бар бала. Оның өзгелерден айырмашылығы отбасында және мектепте ойдағыдай жеке- дара педагогикалық тәрбиеге зәррулігінде ғана. Қиын бала мен жұмыс істеудің тәсілі мен жолдарын бір қатар мұғалімдер әсіресе, жас мұғалісдер жете біле бермейді, ал кейбіреулері балаға шын ниетімен жан ашып, жүрегі ауырып қарамайды. Күнделікті сабақ оқыту процесінде, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында елеулі педагогикалық қателіктер жіберіп алады. Мына бала қандай еді, қаалй өзгеріп кетті? Жаман әдеттерді қайдан үйренеді? Неге озбырлық жасауға бейім тұрады?- деген сұраулар әрбір ұстазды ойландырады. Ата- анасын, жүрген ортасын қосқанда. Оның тәрбиесіне бірнеше адамның қатысы бары рас.
Бала мен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытында дейінгі кезеңде мұғалім баламен қарым- қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі тікелей байланыста болатынын ұмытпаған дұрыс. Баланың әрбір ісіне ескертулер жасап, кемшілігін тексере бергенше, бір уақыт мақтау мен жазалау әдістерін қолданған дұрыспа деп ойлаймын. Тек өзімнің ғана айтқанын болсын дейтін өркөкірек, өзімшіл қыңыр, қырсық мінезді балаларды сабақта, сабақтан тыс уақыттарда жасқы істері болса мақтап, кемшілігі болса жолдастар арасында айтып, ұялтып, қателігін өзіне мойындасқан жөн. Мұндайда кейбір балалар к”нәсә болсада мойындағысы келмейді. Осы кезде ұрсып, ұрып дауыс көтерудің қажетті шамалы. Педагогикадағы мадақтау мен жазалау әдістерінің омындайда атқарар ролі зор.
Қазір кезде сабақтан жиі қалатын, темекі шегіп, аузына келген былапыт сөздерді жиі айтатын оқушылар да кездесіп қалады. Әрина, оқушылардың бәрі сондай дей алмаймыз. Осындай оқушыларға кейде “Ой қойшы соны, өзі қиын бала болып жатыр” деп қоолды бір сілтейміз. Ал, сол қиын болып бара жатқан баланы үнемі қадағалып, ата- анасы мен сөйлесіп, бос уақытында немен шұғылданады, кімдер мен бірге жүреді, мінез- құлқы неге өзгеріп барады деп назар аудармаймыз. Кейбір әріптестеріміз осыдан он бес жиырма жыл бұрынғы шәкірттер мен қазіргі оқушылардың арасы жермен көктей, қазіргі балаларды тәрбиелеу қиын дегенді жиі айтады. Бұл бір жағынан дұрыста шығар заман ағымы, жанұядағы кейбір келеңсіз жағдайдар баланың психологиясына кері әсер етіп, оның дұрым тәрбие алуына қиындық туғызуы мүмкін.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің “Бақша ағаштары”- дегеен әңгімесінде “Бағусыз, өзбетің мен жүрсең мына ағаш сияқты қисывқ болып өсесің, ал дұрыс тәрбие алсаң, мына ағаш сияқты түзу болып өсесің- деп әкесі баласына өсіп тұрған екі ағашты салыстыра отырып тәрбие туралы осылай айтады емес пе? Еншеде, мектеп табалдырығын ататған әрбір бала иілген жас шыбық.
Сол “жас шыбық” шәкірттерімізді алғашқы күннен бастап қиын баланың қатарына жеткізбей- ақ педагогикалық тәрбиенің әр түрлі әдістер мен формаларды қолдана отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерін олардың ойына дарыта білу.
Әлеуметтік- педагогикалық тәрбиелеудің негізгі екі арнадан тұратынын көреміз. Бірінші- бала көзін жеткізу, екінші- жақсы әдет- ғұрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолда қатар бір- бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, бала мінезі саналалық жолға бағытталады.
Оқушының мінез- құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді ұсынамыз.